МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚОСПАЛАРҒА КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

1.Заттар мен материалдарды сот-сарапшалақ зерттеу көбінде азаматтық істер жүргізу кезінде, сондай-ақ жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтар денсаулығына қарсы, сот әділдігіне қарсы қылмыстар, экологиялық жәнге көлік бойынша қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы тақырыбы:

  • заттар мен материалдардың тегін, қасиеттері мен күйін;
  • жеткізгіш-заттағы белгілі бір тектегі микрообъектілердің болу/болмауын;
  • заттар мен материалдарды жекелей тендестіру немесе оған тектік деңгейінде жақындауын;
  • жекелей анқыталған объектілерді олардың өзара әрекеттесу іздері бойынша түіспелі өзара әрекет ету фактісін анықитаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Жалпы жағдайда сараптаманың объектілеріне материалдар мен заттардың көлемі, субстанционалды және морфологиялық қасиеттері тұрғысынан оларды құрайтын заттары мен материалдары болған криминалистік мәнді ақпараттың материалдық жеткізгізуші заттары, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбан сараптама тақырыбына қатысты өзге де іс материалдары жатады.

Оқитға орнының заттық жағдайы қылмыс оқиғасы туралы криминалистік мәнді ақпаратты жеткізуші болып табылатын әр түрлі тектік заттар мен матриалдардың түрлілігімен сипатталады. Олар бөліктер мен бөлшектерден тұратын жай бұйымдар мен заттар, заттардың жиынтықтары, материалдар мен заттарды массалары мен көлемі, табиғи құрылымдар болуы мүмкін. Алайда, объектілердің тегі мен мақсаты бойынша әр түрлілігіне қарамастан, заттар мен матриалдардың криминалистік сараптамасы бір ғана әдістемелік принциптерге сүйенеді. Барлық объектілер үшін біріңғай сызбьа бойынша зерттеу жүргізу үшін арнайы ақпараттық қор құрналады.

Көрсетілген сараптаманың әр түрлі түр шеңберінде шешілетін, сондай-ақ оларды шешудің жалпы сызбасы жалпы міндеттер болып табылады. Мысалы, диагностикалық дщенгейдегі міндеттерге заттар мен материалдарды табу, олардың тегіне анықтау жатады. Жіктеушілік міндетті шешу объектінің белгілі бір класқа қатыстылығын анықтауға мүмкіндігін береді. Сәйкестендірушілік зерттеулер объектілердің жеке тепе-теңдігін, немесе, көбінде, олардың шығу тегнің бір ғана көзін анықтауға мүмкіндік береді. Ситуациялық зерттеулер объектілердің түйіспелі өзара әрекет ету фактісін анықтаға қызмет етеді.

Заттар мсен материалдар сот сарапшысының ғылыми әдістемелік негіздері тексерілетін оқиғаның заттық жағдайының элементтері болып табылатын объектілердің монографиялық және субстанционалдық қасиеттерін қалыптасу, өмір сүру және өзгеру заңдылықтарының тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық, биологиялық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Объектілердің түрлілігін ескергенде, заттар мен матриалдарды сот сараптамасына мына төмендегі зерттеулер кіреді:

  • лактыбояу материалдары мен жабдықтарды және полимер материалдарын зерттеу;
  • мұнай өнімдерімен жанар-жағар май материалдарын зерттеу;
  • металдармен қорытпаларды зерттеу;
  • топырақты зерттеу;
  • талшықтық материалдар мен олардың жасалған бұйымдарды зерттеу;
  • спирт құрамдас сүйықтықтарды зерттеу;
  • арнайы химиялық заттарды зерттеу.

Лактыбояу материалдарымен жабындарды жне полимер материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Лактыбояу материалдарымен жабындарды және полимер материалдарын (бұдан әрі – СБМ, ЛБЖ және ПМ) сот сараптамашылық ызерттеу нәтижесінде:

  • СБМ, ЛБЖ және ПМ-ға жатқызу мақсатында заттың табиғи, сондай-ақ оның құрамы мен мақсаты,
  • Жеткізгіш-заттардағыСБМ, ЛБЖ және ПМ із-жұғынгдыларының пайда болу механизмі;
  • ПМ қасиеттері, сонымен бірге ның сапасының түр өзгеруі;
  • ПМ-нің бастапқы түрі немесе әр түрлі сырқы және ішк факторлардың әсерінен өзгертіп дайындалған заты;
  • Салыстырылатын СБМ, ЛБЖ және ПМ объектілеріні ортақ тегі, топтық қатынастылығы;
  • Жеке бөліктері немесе СБМ, ЛБЖ-ның өзге заттармен түйісу нәтижесінде пайда болатын оның із-қабаттары бойынша нақты боялған заты;
  • СБМ, ЛБЖ іздері негізіндегі зерттелетін объектілердің түйіспелі өзара әрекет ету фактісі мен механизмі;
  • СБМ, ЛБЖ және ПМ-нің шығу тегі анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері: үсті боялған заттар мен полимер материалдардан жасалған бұйымдар, лакты бояу материалдары көлемі мен олдардың құрамдас құрауыштары, түйіспелі өзара әрекет ету іздері бар боялған аттардың нақты жиынтықтары, полимер материалдарын дайындауға арналған шикізат пен құрал-жабдық, салыстырмалы зерттеге арналған үлгілер жне сараптама тақырпыбына жататын өзге де іс материалдары.

Лакты бояу материалдары, лакты бояу жабындары және полимер материалдарын сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындады ерекшеліктері: Қойылған сұрақтарға байланыты сараптама тағайындау тералы қаулыда (ұйғарымда) істің мән-жайын, зерттеу тақырыбына қатысты ақпаратты(затты бояу уақыты, боялу технологиясы, затты пайдалану мен сақталу жағдайлары, атты табудың жағдайлары туралы, оқиға болған сәттен зат алынғанға дейін объектіде болған өзгерістер жайлы) баяндау қажет.

Заттай дәлелдемелерді қараған кезде мына талаптарды сақтаған жөн:

  • заттай дәлелдемелер – оқиға орнынан алынған бояу, полимер кесектері, олардың бөліну шекараларын бұзбай отырып, бір қағаз пакеттке жиналады;
  • нақты заттың боялуының толық жүйесі туралы ақпаратты алу үшін жабындардың салыстырмалы үлгілерін алуда, олардың бөліктерін төменгі қабаттарына дейін кесе отырып жүргізу керек;
  • ЛБЖ , ПМ ідері бар заттарды алғанда, ескі іздерін сақтап және қылмыс оқиғасына байланысты емес жаңа іздер пайда болмайтындай алу керек.
  • боялған заттар лактыбояу жабындарының зақымданған жерлерін, сондай-ақ киімді немесе бояу іздері бар басқа объектілерді қосымша техникалық әсер етуден, қанджай да бір бөтен бөлшектердің түсуінен сақтаған жөн;
  • боялған беттерден алынған үлгілерді зерттеу үшін олардың шамаланған түйіскен жаерлеріне жақын жерлерден алған жөн;
  • бояу жұғындылары бар жеткзгіш заттарды, лактыбояу жабындар қырындыларын, жеке боялған заттарды сараптамаға жолдаған кезде әрбір затты тығыз ақ қағазға немесе полиэтилен пленкасының қиындысына дақсы жауып буып-түю қажет;
  • пленкалы полимер материалдарын зертеу кезінде белгілерді анықтау өндіріс технологиясымен байланысты болады, сондықтан да үлгілер ретнде тексерілетін зауыттың белгілі бір технологиямен әзірлеген өнімінің үлгілерін ұсыну керек;
  • оқиға орнына полимер түймелерді алу кезінде оның бетіндегі бөтен микробөлшектерінің сақталуын қамтаасыз еткен жөн;
  • кабельді өнеркәсіптің бөліктерге бөлінген бұйымдарына сәйкестендірушілік зертте жүргізу үшін, егер бөлудің жалпы жолағы болмаған жағдайда, онда ізделіп отырлған бүтінің шеараларын анықтайтын мәліметтерді ұсыну керек;
  • көлік құралын қайта бояу фактісін анықтау үшін әр бөлшектері жабындарынанүлглер тандап алу талап етілеі, оның негізгісі автомобиль қорабы болып табылады. Нөмірін қата жасау жағдайында бөлшектің ішкі бөлшектерінен де үлгілерді алу жүргізіледі.

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын (бұдана әрі МӨ мен ЖЖМ) сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:

  • оқиға орнының заттық жағдайы элементтерінде органо-лептикалық тәсілмен қабылданбайтын МӨ мен ЖЖМ іздерінің болу/болмауы;
  • мұнайдан жасалған өнімдергі жатқызу мақсатында белгісіз зат табиғаты;
  • МӨ мен ЖЖМ маркасы, түрі;
  • МӨ мен ЖЖМ сыпаты мен түр өзгеру себептері;
  • МӨ мен ЖЖМ-нің жалпы тектік (топтық) қатыстылығы;
  • дайындалу орны, сақталу жағдайы, пайдалануы бойынша МӨ мен ЖЖМ-нің біріңғай шығу көзі;
  • зерттелетін оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген МӨ мен ЖЖМ массаларын теңдестіру;
  • нақты МӨ мен ЖЖМ-нің басқа заттармен қоспасындағы құрамы анықталады.

Сараптаманың объектілері – заттардағы мұнайөнімдері мен олардың іздері; жанар-жағар май мұнай материалдары мен олардың заттардағы іздері; салыстырмалы зертеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Сараптаманың шешілуіне қойылуы мүмкн сұрақтардың ауқымы:

  1. белгісіз заттардың табиғаты қандай және олар МӨ мен ЖЖМ-ге жата ма?
  2. осы зат қай топқа жатады?
  3. зат қоспасындағы МӨ мен ЖЖМ құрамы қанша?
  4. осы затта МӨ мен ЖЖМ-нің жұғынды іздері бар ма және олар қандай түрге жатады?
  5. осы МӨ мен ЖЖМ пайдалануда болған ба және онда қандай қоспалар бар?
  6. МӨ мен ЖЖМ-ге жататын салыстырылып отырған заттардың ортақ тектік немесе топтық қатыстылығы бар ма?
  7. МӨ мен ЖЖМ-ге жататын салыстырылып отырған заттардың технологиялық, пайдалану жағдайлары бойынша ортақ шығу көзі бір ме?
  8. МӨ мен ЖЖМ-нің салыстырылып отырған объектілері бұрын біртұтас массада, көлемде болған ба?

Мұнай өнімдері мен жанар-жағарма материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда істің мән-жайы, сондай-ақ:

  • зерттелетін объектілердің шығу тегі, сақталу жағдайлары, тасымалданылуы, объектілерді табу және алу тәсілдері жөнінде;
  • алыну орны туралы, өздерінің кәсіби қызметіне сәйкес іске қатысты адамдардың МӨ мен ЖЖМ –нің белгілі бір түрлерін пайдалану мүмкіндіктері туралы;
  • қолдан жасалған композициялар технолгиясы туралы, МӨ мен ЖЖМ-де іздері табылған заттың қасиеттері туралы ақпарат ұсынылу керек.

МӨ мен ЖЖМ объектілерін сарапшылық зерттеуге дайындаған кезде мына төмендегі талаптар сақталу керек:

  • зерттеу объектілері ұқыпты жабылып ұсынылады, өйткені көптеген сұйық МӨ құрамында тез буланғыш коспонентері болады;
  • МӨ мен ЖЖМ қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін оларды алуды және сарапшылық зертеуге ұсынуды қысқа мерзімде өткізу керек және үлгілерді зерттеуге жібергенге дейін оларды салқын әрі қараңғы жерде сақтаған жөн;
  • Ыдыс габариттерінің едәір үлкн болуына байланысты МӨ-ның нақты көлемдерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шыарылған көлемді МӨ-нің сүйық үлгілері ұқыпты жабылған құрғақ шыны ыдысқа құйып алынады.

Топырақты сот-сарапшылық зерттеу

Топырақты сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде мыналар анықталуы мүмкін:

  • жеткізгіш-заттардағы жұғындылардың нақты жергілікті жер орнына қатыстылығы;
  • жеткізгіш-заттардағы топырақ жұғындыларының пайда болу механизмі;
  • орбъектінің жергілікті жер орны топырақ жабынымен өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;
  • жеткізгіш-заттардағы топырақ жұғындыларының пайда болуының мезгілдік сипаттамалары.

Сараптаманың объектілеріне – әр түрлі қалыптасқан жергілікті жер орындарының топырақтары, жеткізгіш заттардағы топырақ текті заттардың жұғындылары; белгілі бір жер орнынан алынған топырақтың салыстырмалы және бақылау үлгілері, үлгілерді алудың сызба-жоспары, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.

Салыстырмалы үлгілерге табиғи, жаратылыс шектерінде бөлінген немесе іс-жағдаяттарына байланысты белгіленген шектерде жер орны көлемі шегінде алынған топырақ үлгілері жатады, ал бақылау үлгілеріне оқиға орны ретінде белгіленген жер орны шектеріне тікелей жақын алынған топырақ үлгілері жатады.

Талшықтың материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу

Талшықтың материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде мына жағдаяттар анықталуы мүмкін:

  • жеткізгіш-заттарда табылған тоқыма талшықтары микробөлшектерінің орналасқан жері және оның зерттелетін оқиға ситуациясына (процесіне) сәйкестілігі;
  • тоқыма талшықтары микробөлшектерінің, жіп қиындыларының, мата мен басқа да талшықтың текті объектілердің нақты және ортақ тектік (топтық) қатыстылығы;
  • тоқыма талшықтары мен киімнің кірлену іздері бойынша киім құрамдарының өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;
  • тоқыма талшықтары микроііздерінің басқа микроіздермен жиынтығы бойынша, сондай-ақ қандай да бір зат беттеріндегі із-көріністер бойынша кісі өлтіру құралымен немесе көлік құралымен киім құрамдарының өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;
  • бөліктері бойынша бүтін, жеке заттар бойынша киім құрамы;
  • материалдардың жиынтығы бойынша киім заттарын тендестіру.

Сараптама объектілеріне талшықтар, олардан жасалған бұйымдар, талшықтық материалдардың, химиялық құрамының элементтері; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер; сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.