Ислам құқығы мен ислам діні

Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан жаратқан әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы Жаппар Ие Аллаһ Тағала тән. Оның адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік бахыттылаққа жеткізу үшін,рахым етіп жіберген адамзаттың ардақ тұттар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары, екі жаққаның асыл тәжі, ақырғы пайғамбары – Хазіретті Мұхаммедке сәлем жолдап салауат айтамыз.

Аллаһ Тағаланың шарапатымен еліміз Қазақстан тәуелсіздігін алып, Егеменді ел болғалы дінімізде бостандық көгінде самғай ұшып, нұр шуақты көктемде қайта оралды.

Мына дүниедегі ең үлкен оқиға- пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниегекелуі оқиғасы екені даусыз.

Хазіреті Мұхамеммедке (с.а.у.) Аллаһ тарапынан елшілік міндеті жүктелгенде оны басқа пайғамбарлар сияқты белгілі бір топпен ғана шектемеген. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) күллі жаратылыстың пайғамбары ретінде жіберілген. Сондықтан да Ол дүние есігін ашқанда әлемде қилы-қилы құбылыстардың болуы заңды. Санасының саңылауы барлар мұнан ғибрат алып, ойланса керек-ті

А) Сол түні ерекше бір жұлдыз туды

Яһудилер арасында ғалымдаркөп болатын. Олар Алаһтың берген ілімімен қаруланып, небір нәрселерді алдын ала болжап қоятын. Жұлдыздарға қарап балашуда деп алдарына жан салмайтын. Соңғы пайғамбардың келетіні жөніндегі мағлұматтарды да көктен түскен кітаптарынан оқып білген-ді. Оның ерекше белгілері де соларға мәлім, тек бір ғана беймәлім дүние – ақырзаман пайғамбарының қашан туылатындығы.

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) туылған сәттегі табиғат құбылыстарын, аспандағы ерекше жұлдыздың пайда болуын яьудилер көрмей қалған жоқ, әрине.

Мәшһүр шайыр Хассан ибн Сабит бұл жайтты былайша түсіндіреді:

«Мен 7-8 асар бала едім ол кезде. Бірдетаң ертемен «Ей, яһудилер!» -деген дауыстан шошып ояндым. Айғайдың қатты шыққандығы соншалық,ел-жұрт төсектен тұрған бойы әлгі айқайшының маңына жиналып қалды.

«Бүгін түнде ахмедтің жұлдызы туды яғни ол өткен түнде өмірге келді» — деді ол көпшілікке барлай қараған күйі.Жиналғандар дабырласып кетті».

Ибн Саадтанжеткен мәліметтөмендегішесыр шертеді.

«Меккеде бір яһуди тұратын. Аллаһтың соңғы елшісі туылған күннің ертеңіне құрайыштықтарды жинап «Бүгін руларыңда ұл бала дүниеге келді ме?» — деп сұрады. Құрайыштықтар бір-біріне қарасты, сонан соң:

«Білмейміз, естіген жоқпыз» -деді бәрі бірауыздан.

Олай болса барып сұрастырыңдар, бұл үмметтің пайғамбары бүгін түнде дүниеге келді. Арқасында ерекше белгісі бар», -деі яһуди. Құрайыштар сұрастыра келіп көрген-білгендерін әлгі яһудиге жеткізді.

«Өткен түнде Әбдімүтәліптің марқұм ұлы Абдуллаһтың жесірі Әмина босаныпты. Баланың арқасында белгісі бар екен».

Яһуди мұны ести сала жаңа туылған шарананы барып көрді. Көрді де есінен айырылған адамша отырған жерінде жар салды:

«Пайғамбарлық Исрайыл әулетінен кетті, Құрайыштарға жетті. Құрайыштың даңқы асып, Батыс пен Шығысты жайлайтыны рас болды».

Осы шақта көкжүзіндегі самсаған жұлдыздар ардақты Аллаһ елшісінің келгенінемасаттанып тұрды.