Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелерін халықаралық құқықтық реттеу

Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастығына еңбекке жарақатын алуана орай немесе заңдарда әлеументтік деп танылған өзгеде себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетін жоғалуан немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмау ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздықты байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкерлердің қызметтестердің және оның отбасы мүшелердің денсаулықтарын қорғау мақсатында созылмалы аурудың қызметкерде қандайда бір аурудың туындауы немесе дамуын алдын алу.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:

  • еңбекке қабілетін жоғалуымен байланысты ауру орын алған жағдайда
  • жүктілікті жасанды жолмен тапқан кезде
  • отбасының науқастанған мүшелерін күту кезінде
  • карантин кезнде
  • тубуркулезбен немесе кәсіптік аурумен ауруына орай басқа жұмысқа ауысуы кезінде
  • өзгеше жағдайларда.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылардың түрлері:

  • Қызметкердің еңбекке қабілетінінің жоғалуына не төмендеуі әкеп соққан кездегі жарақат кезеңдегі.
  • Отбасы мүшелерінің науқастануы және оны күтуге қажеттік туған кезеңдегі
  • Тубуркулезбен немесе кәсіптік аурумен ауруына орай басқа жұмысқа ауысу кезеңдегі
  • Карантин кезеңдегі
  • Протездік –ортопендік кәсіпорнға орналастыра отырып протездеу кезеңдегі
  • Жүктілікті жасанды жолмен тоқтату кезеңдегі.

Ауырған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап еңбекке қабілетті қалпына келген күнге дейін медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссия мүгедекті тағайындағанға дейін төленеді.

Бірақ еңбекке уақытша қабілетсіздіктің барлық жағдайларында екі айдан артық төленбейбі. Туберкулезбен ауру салаларынан туындағын еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында жәрдемақы тұлға жазылғанға дейін төленеді, алайда оны төлеу қатарына он айдан ұзақ болмауы және екі күнтізбелік жыл ішінде жалпы алғанда он екі айдан аспауы тиіс. Туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен ауырған жағдайда қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болады. Алайда, егер медициналық көрсетулер бойынша ол емдеудің қалыпты барысын бұзбастан басқа жұмысты орындай алатын болса , онда жұмсы беруші қызметкердің келісімімен оны денсаулық жағдайына нұқсан келтірмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.