Өңірлердің әлеуметтік – экономикалық дамуын статистикалық зерттеу

Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса, кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтын әлемдік тәжірибеде көрсетіп берді. Сондықтан да, бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан ыңғайтудың деңгейіне байланысты.

Аумақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективтік тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да, бұл арадағы міндет осы экономикалық заңнның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін теңестіру үдерісін бағындырып,осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына келесі жағдайлар әсер етеді:

  • өмірдің әлеуметтік жағы және халықтың әсері;
  • өңірлерде өзара байланыстарың ұлғаюы;
  • еңбек ресурстары жылжымалылығының күшейеуі;
  • өңірлердың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделенуі;
  • өңірлік еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен маңызының артуы.

Бұл жағдайлардың дамуы,біріншіден,мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу,қайта қарастыру; екіншіден, мемлекеттік теориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.

Мемлекттік реттеу әртүрлі аудандарда арнайы тәсілдерді қолдау арқылы олардың толықтай потенциялды мүмкіндіктерін ашу мақсатында құрылады. Осы тұрғыдан еліміздің аймақтары келесі топтарға бөлінеді:

– шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

– индустриялық дамыған;

– агроөнеркәсіптік;

– дағдарыстық.

Бірінші топ – стартегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

– минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;

– отандық және шетелік инвесторлар үшін қолайлы жағдай инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфроқұрылымдарды құру;

-ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерды ( әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа – ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады, біра жоғары дәрежелі негізгі қорлардың тозуы, дағдарысты экономикалық және экологиялық жағдайлардың болуын назарға алу қажет.

Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына:

  • шетел инвесторларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
  • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, лазер технологиясын дамыту;
  • нарықтық инфроқұрылымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ – ауыл шаруашылығына мамнданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Олар республикада азық-түлік қорларының алдыңғылары болып табылады /1 /.

Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесі мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
  • ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
  • тұтыну нарығын тепе-тең дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымды құру.

Төртінші топқа – табиғи климаттық, экономикалық-әлеуметтік және жаңа ехнологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың шаруашылық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарыса ұшыраған аймақтар жатады. Бұл аймақтар дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

 Халық саны (жылсоңына),

мыңадам

 

Орташаайлық

жалақы, теңге

Өнеркәсіп өнімінің

көлемі, млн. теңге

 

Бөлшексауда, млн.теңге

 

Ауылшаруа

шылығы

кәсіпорын

дар саны

 

фермер

қожалық

тары

 

2010      
Шымкент қ.629,158468136118,0116859,113499
Арысқ.ә.64,8581603896,9967,21961120
Кентауқ.ә.85,04552612032,12099,620358
Түркістан қ.ә.235,3501395 188,27305,31574719
Бәйдібек53,6430562406,44554,21851825
Қазығұрт103,7449403889,51491,11793049
Мақтаарал 291,7453515285,84520,318019880
Ордабасы107,943 6424 591,51 017,53454836
Отырар54,55760415280,7864,13062419
Сайрам295,85399520446,410735,81648226
Сарыағаш287,3443099327,55942,92708531
Созақ54,313119080787,1512,729707
Төлеби127,4567564023,13862.42514132
Тулкібас100,6493689679,21545,71572930
Шардара76,7530323405,31986,31065207
Барлығы 2567,7 57545 316357,7 160264,52679 68038
2011      
Шымкент қ.642,868126153782,8132003460223
Арысқ.ә.66,1717084783,02230,1132221261
Кентауқ.ә.87,35466714287,53313,031314303
Түркістан қ.ә.239,5587137417,011996,0512564608
Бәйдібек54,0509782087,7880,62861820
Қазығұрт105,5545694224,42886,02643189
Мақтаарал 294,3530957509,75023,562819988
Ордабасы110,9519976254,71545,65215740
Отырар55,66612119074,41701,44893276
Сайрам302,76479429094,411913,22978214
Сарыағаш295,95306511907,78185,156911361
Созақ55,515281295297,51479,759816
Төлеби130,2668216589,55690,02253535
Тулкібас103,96021310001,42400,52395134
Шардара77,5616654147,82750,02856593
Барлығы 2621,567721377179,5193998,0480076234
  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу /2/.

ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүрі сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықта жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану/ 3/.

Бұл топтағы аймақтарды меншіктің әртүрлі формаларының дамуы, экономикалық тетіктер мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау бағытын жалғастыру төңірегіндегі шоғырландыру іс-әрекеттері көрсетіледі.

Проблемалық аймақтарыдң қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуетті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өндірістің аз әртараптандырылған құрылымымен, нашар дамыған инфроқұрылымымен сипатталатын аймақтар. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттік көмегін мұқтаж. Сондықтан да, экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстарының басты белгілері мыналар болады:

– өндіріс қарқынының төмендеуі;

– халықтың өмір сүруінің төмендеуі(жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);

-жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялар өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі)

– демографиялық, әлеуметтік, экологиялық қызметтер көрсету саласындағы мәселелердың күшеюі және т.б.

Аймақтардың біркелкі дамуына іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар – бұл экономикалық-әлеуметтік, табиға климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиға, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүрі деңгейі мен сапасындағы шектен тыс айырмашылықтар, көбінесе, аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфроқұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясаттың жүзеге асырудың басқарушылық механизімінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңдейге (осы параметрлер бйынша) біртіндеп жақындауы жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халыңтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерге көшіп-қонуға көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады.

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық беленділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек қана экономикалықжәне тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан, мемлекеттік реттеудің әлеуеттік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Әлеуметтік және экономикалық құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әртүрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтің тұрмыс жағдайының деңгейін көтеріге болады.Бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады/4/.

Әрбір аймақ жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.

Резюме

В работе анализируются статистические данные о социально-экономическом развитии региона страны (на примере ЮКО).

Summary

The paper analyses the statistical data on the socio-economic development of the region of the country (on the example of South-Kazakhstan region).

Әдебиеттер

1.Ұлттық экономика. Оқулық, Алматы.-2010ж.-527б.

2.Қазақстан өңірлері 2010 -11жж. ҚР Статистика агенттігі.Астана.-2012.-400б.

3.Әбдірахманов М.А.Әлуметтік статистика.Оқу құралы.Астана.-2012.-272 б.

4.Стстистика бойынша әдіснамалық ережелер.ҚР Статистика агенттігі.Астана.-2009. 558б.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!