Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда Қазақстанның атқаратын рөлі.

Соғыс және бейбітшілік мәселесі мемлекеттер арасындағы бұрыннан келе жатқан өзекті мәселелердің бірі болатын. Xxғасырдың екінші жартысында ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың пайда болуына байланысты бұл мәселе тым күрделене түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің “Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қаіпсіздігі” деген Үндеуінде осы салаға байланысты оның даму мүмкіншілігіне баға беріліп және біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерден шығу жолдары анықталған. Қазақстан халқы тәуелсіздік алған күннен бастап ұлттық қауіпсіздігін қорғау жолын әскери нығайту арқылы емес, ішкі бейбітшілік саясатын жүргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық ұйымдар ме келісімдерге қатысу, экономикалық ықпалдасуды бейбіт құрылымдарда нығайту арқылы іске асырды. Қазақстан өзінің әлемдік қауымдағы беделін, демократиялық даму жолын және халықаралық құқықтық өлшемдерді (стандарттарды) анықтайтын 300 халықаралық конвенциялар мен келісім – шарттарды бекітті.

Ядролық қаруды жаппай қысқартуда АҚШ белсенділік танытты. Қазақстанға тән жағдай Беларусь пен Украинаның басына туды. Әрине, Вашингтон өзіне тиетін қаіптіазайту үшін және бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналын иемденген жаңа ядролық мемлекетті болдырмауға тырысты. Ядролық қарудың сақталуы мен оған бақылау жасау осы мемлекеттерге байланысты болды.

Осыған орай АҚШ ядролық қарудың таралуына, оның орын алмауына байланысты Беларусь, Қазақстан және Украина мемлекеттерінің бірігіп, ядролық қарудың таралуына жол бермеу шартына, ядролық қарусыз мемлекет және одан бас тарту мәселесіне жол ашты.

1992 ж. 23 мамырда Лиссабонда Қазақстан, Беларусь, Ресей, АҚШ және Украина төрт аймақта орналасқан стратегиялық соғыс қаруларын (ССҚ-1) қысқартуға өздерінің жауапты екендігін көрсетіп, бес жақты хаттамаға қол қойды. Сонымен бірге, хаттамада: Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның ядролық қаруды таратуға жол бермеу келісім-шартты міндеттемесіне ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде кіретіндіктері көрсетілді. Осындай жолмен Қазақстан ядролық қарудан бас тарту сияқты тарихи шешім қабылдады. 1993 ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі ядролық қрусыз мемлекеттер тарапына кіргендігін бекітті. Бұл, еліміздің сыртқы экономикасына айрықша әсерін тигізді. Әлемдегі қауымдас елдер аталған акцияны қабыл алды. Көптеген дамыған елдер, Қазақстанның бұл қадамын, оның халақаралық істерге жауаптылықпен қарайтынын және оның жаңа өркениетті елдер сияқты өз мәселесін шешуге жаңа көзқараспен келгендігін атап өтті.

1993 ж. қаңтар айының 13 – 15-терінде Парижде химиялық қаруды шығаруға, оны қолдануға және қарастыруға тыйым салу және оны жою туралы Конвенция болып өтті. Оған 130 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар (14.01.93 ж.). Бұл жаппай қырып-жою қаруын таратпау тұрғысынан жасалған ең бірінші халықаралық құжат болды.

Қазақстан аумағында химиялық қарулардың қоры жоқ. Қазақстан үшін бұл конвепция экономика жағынан маңызды болды. Қазаақстан халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандыру мәселесін жүргізуде Еуропада Өткізіілетін барлық істерге белсенді араласады.

Бірііншіден, бұл Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызтан сияқты үш азиялық мемлекеттердің бибітшілікті және амақтағы тұрақтылықты нығайту саясаты болып табылады.

Екіншшіден, бұл, Қсзақстанның ТМД аумағындағы халықаралық қауіпсізддік пен қарусыздандыру саясаты.

Үшіііншіден, бұл, СВМДА-ны шақырудағы Қазақстанның қадамы.

Төртіншіден, Қазақстанның ОБСЕ жұмысына, НАТО-ның “ Бейбітшілік үшіін достасу” атты бағдарламасына, сонымен қатар қарусыздданддыру Конвенцияссыына қаттысуы.

Осының бәрі, жаңа тұрпатты қауіпссіздік жжәне қарым –қатынас жасау жұмыстары болып табылладды

Қазіргі кезеңде БҰҰ-ның қатысуынсыз бейбітшліктің сақталуын елестету мүмкін емес.

Қазақсттан Республикасы БҰҰ-ға халықаралық бейбііітшілік және қауіпсіздікті сақтаушы ұйым ретінде қарайды.

Қазақстан БҰҰ өзінің күшін халықаралық полицей қызметінде емес, оның ең шиеленіскен проблемалар кезінде, экономикалық және соғыс өртін шығармау үшін пайдалану керек деген тұрғыдан қарайды.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайту элементтерінің бірі оның НАТО елддерімен әскери-саяси қарым-қатынасы. Бұл құжатқа 1994 ж. 27 мамырында қол қойылды. Осы бағыттағы негізгі шаралар Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым қатынастар жайындағы жүргізілетін жұмыстар жобасы болды.

Айрықша оқиғалардың бірі-1997 ж. Қазақстан аймағында өткізілген Центразбат-97 әскери дайындықтары болды. Оған, НАТО әскери күштерімен Орталық Азия мемлекеттері қатысты. Содан бастап бұл әскери дайындықтар әр жыл сайын өткізілуде.

1999 ж сәуірде Н.Ә. Назарбаев НАТО-ның құрылғанына 50 жыл толуына байланысты болып өткен жиналысқа қатысып, қауіпсізддік мәселесін жедел шешудегі жұмыстарына жоғары баға береді.

Қазақстан халықаралық қауіпсіздік жүйесі, біріншіден экономикалық және геостратегиялық көзқарастардан туындйды дейді.

СВМДА әуел бастан-ақ бірқатар Азия елдерінің қолдау тапты. Бұл былайша түсіндіріледі: біріншіден, бұл ұсыныс жаңа тарихи жағдайларда ұсынылады, екіншіден, ол Н.Ә. Назарбаев стяқты беделді лидерлерден шығады, үшіншіден, халықаралық қауіпсіздікке өзінің беделді үлесін қосқан мемлекетке байланысты.

Қазақстан республикасының Президенті өзінің қару жарақтыжою жөнінде конференция сессиясында сөйлеген сөзінде, Қазақстан өзінің халықаралық қауіпсіздікті және қару-жарақты жою жөніндегі істерінде негізгі екі қағидатқа сүйенеді деп атап айтты. Біріншіден, геоэконмикалық үрдісті түсінуден, қолда бар және халықаралық қауіпсіздікті құрудағы жаңа жүйелер-қарусыздандырудың жаңа жолдарын іздестіру. Екіншіден, аймақтық қауіпсіздіе жүйесін құрудан-ғаламдық қауіпсіздік жүйесін жақсарту процесін іздестіру.

Халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты жою аймағындағы Қазақстан Республикасының қолданатын шаралары осы аймақтағы барллық келісім шарттардың міндетті түрде және толығымен орындалуына бағытталған. Қазақстаан ТМД елдернің ішінен бірінші болып, барлық тактикалық ядролық қару-жарақты өз аумағынан шығарды. Лиссабон Хаттамасы қатысушыларының ішінен ең бірінші болып ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу келісім шартына, ( ДНЯО) қатарыеа ядросыз мемлекет деген мәртебемен кірді, Семей полигонын жапты. 1995 жылы сәуірдің 21 жұлдызында бір жылдан аса уақытқа созылған, 1216 ж континентаралық баллисттикалық жарылыс зымырандарын Республика аумағынан шығару аяқталды.

Қазақстан Еуразия мемлекеті бола отырып, өзінің негізгі назарын Еуропаның, сонымен қатаар Азия континенттерінің аймақтық жәен субаймақтық қауіпсізддігі ұшін сас көңіл бөледі.

Тұтастай алғанда, Қазақстан қазіргі кезеңде өзінің негізгі өзекті проблемаларының шешімін табу. Мұндай үлкен мемлекет халықаралық қатынастарды зерттейді, жаппай қырып жою қаруының өрістеуіне жол бермеуге ат салысуға міндетті.