Жазылым

«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптін жеке т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа Біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» Шеңді білдіреіп.

Жазылым — тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.

Жазылым — тілдік тұлғалардын графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік матералының мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үнішіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелейбайланысты жүзеге асырады.

Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:

Себеп-салдарлық.

Аналитико-синтетикалық.

Орындалымдық.

Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінш: адамғажеткізудіңнәтижесіндеойға келеді, алдымен онын себебі пайда болады.

Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезенде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздін қызметі мен орны белгіленеді.

Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін /текс/ пайда болып, жазу орындалады.

Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.

Жазылымнын лингвистикалық мазмұнын белгілейтінмәселер мыналар:

  1. Графика.
  2. Орфография.
  3. Жазып алу.
  4. Жазбаша сөйлеу.

Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе — жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары — жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы.Әріптіктаңбалары екі түрде жазылады:баспатүрінде және қолжазба түрінде.

Қазақ тілі графикасының ерекшелігі — әріптер қалай жазылса,солай оқылады жәнебасқа тілден енген дифтонг /қосарланған/ дыстардан басқалары кұрамына қарай бір таңба бірәріпті бір дыбысты көретеді. Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесімәселе орфография. Ол-белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.

Жазып алу немесе қысқаша жазу-жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-біріне мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер жоспарлар қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алуда осыған жатады.

Жазбаша сөйлесім — лингвистикалык ерекшеліктерді тодық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлесім дегеніміз — оқушының айтар ойын басынан аяғына дейік толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу Мәселен, тілді үйренуте қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат т.б. жазу жатады.

Жазылымның психологиялық ерекшелігі — жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштау; Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс.

Жазылымның әдістемелік ерекшелігі — графика мен орфографианы, жазу мен жазбашасөйлемді жетікбілудің,Үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқыту.

Жазылымның физиологиялықерекшелігі — жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрысигерудіүйретуі.

Жазуды үйретудің басты алғышарттары:

Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгеру.

  1. Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орны.
  2. Жеке тілдік единицалардың дұрыс жазылу ережесін білу.
  3. Қазақ тілі грамматикасына сәйкес сөз тіркестері мен сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу ережелерін игеру.
  • Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа түрін меңгеру.
  • Шағын мәтін мен сөйдемшелерді /фраза/ құрастыра білу.
  • Хат жазу үлгісін меңгеру.
  • Іс-қағаздарды дұрыс толтыра білу.

Қазқ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Мұндай жазба жұмыстарына:

  1. Жазбаша жаттығулар.
  2. Қысқа мәтіндер.
  3. Жүйелі жазба жұмыстары.
  4. Жазбаша бақылау жұмыстары.
  5. Диктанттың түрлері.
  6. Жазбаша ойындар.
  7. Іс-қағаздардың үлгілері.

Бұл жұмыстардың бәрі арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер бола келіп, жалпы қазақ тілін терең үйретуге пайдасын тигізеді.