Тіл және ойлауТіл және ойлау

Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философияның және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселелнің күрделілілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталды, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тіл де, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, өйткені адамың өзі қоғамдық құбылы болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді.

Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әректі арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстары мен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін обьективті дүниенің элементтерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі. Ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде сипатталады.

Қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруі үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алмасу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.

Белгілі бір ойды әр тіл де түрлі тәсілмен айтып беруге болады, бірақ бұл түрліше ойлаудан бомайды. Белгілі бір мазмұн әр түрлі тілдерде түрлі-түрлі формалар арқылы айтуға болады.

Н. Я. Марр тіл мен ойлаудың өзара қарым-қатысы туралы мәселені шешуге тырысқанмен оны дұрыс шеше алмады. Маррдың “ілімінде” тіл мен ойлауды тепе-тең деп қарау да, олардың бірлігін, өзара байланысын жоққа шығару да орын тепті. Тіл мен ойлауда бірін-бірі теңестіру Маррдың тілдердің “сатылап даму теориясынан” көрінеді. Н.Я. Марр тілдердің әр түрлі морфологиялық типтері тілдердің дамуындағы әр түрлі сатыны, дәрежені көрсетеді, және ойлаудың дамуын айқындайтын өлшеуіш болып табылады деген қате қорытындыға келді. Н. Я. Марр тілдердің морфологиялық типтерінің негізінде тілдер мен ойлаудың дамуының үш сатысы бар.

Буржуазиялық оқымыстылар тіл мен ойлау туралы мәселені қарастырғанда, олардың кейбіреулер тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп байымдаса, қайсы- біреулері тіл мен ойлауды бір-біріне байланыссыз түрде қарап тілді ойлаудан, ойлауды тілден бөліп тастайды.

Жүргізілген эксперименттер адамда іштей сөйлеу болатындығын айқындады. Адам өзінше іштей сөйлегенде, оның сөйлеу мүшелерінің, мыслоа, ернінің қимылдайтыныны бай қалады. Іштей счөйлеуде ойлау процесіә өте-мөте жылдам өтеді. Іштей сөйлеудің жинақтылығыдыьыстап сөйлеуден кемірек, құрысылы шашыраңқылау болады. Іштей сөйлеудің негізінде туған ойдың толық көрінісі дыбыстап сөйлеуде іске асады. Сондықтан да адам іштей сөйлеудің негізінде ғана ашық, айқын білдіре алмайды деу мүлдем қате болған болар еді.

Бұл ретте, өзімен-өзі ойлану процесі жайында И. М. Сеченовтың жүргізген тәжірибесі өте-мөте маңызды.

Н. Я. Марр, бір жағынан, өзінің “сатылап даму теориясы” бойынша тіл мен ойлаудың тепе-теңдігі туралы қате көзқарасты жақтап, екінші жағынан, семантика мәселесіне келгенде, тіл мен ойлаудың бірлігін жоққа шығарып, ойлауды тілден бөліп тастайды. Ол былай деп жазды: “Тіл дыбыстар арқылы көрінетін болғандықтан ғана өмір сүреді; ойлаудың қимылы мұндай көрініссіз-ақ болады…Тіл (дыбыстық тіл) бұл күнде өзінің қызметін кеңістікті сөзсіз жеңетін ең жаңа өнер-табысқа бере бастады. Ал ойлау өзінің бұрын пайдаланылмаған қорлары мен жаңа табыстарынан жоғары өрлей береді. Тілді тайдырып толығымен оның орнын басады. Келешектегі тіл – табиғи материалдан аулақ, техникада өсетін ойлау. Бұған ешбір тіл, тіпті дыбысты тіл де қалай да табиғат нормаларымен байланысты”. Н. Я. Маррдың бұл пікірі мүлдем қате. Ол тілді ойлаудан бөліп тастап, идеалистік бағытта болды.

Сонымен тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен-бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып табылады.

Тіл турлы марксистік ілім тіл мен ойлау әрдайым диалектикалық бірлікте болады деп үйретеді. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі бола алады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.