Жиренше әңгімелеріндегі шешендіктің үлгісі

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы шешендік сөздер. Шешендік сөдер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанырлардың бірі жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетті көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап, зерттеген, сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. өйткені сөз өнеінің әлі жеткілікті зерттелген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал – мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байтатын мазмұны да көркем сөз үлгілері мол әдетте, шешендік өнер айтыс – дауда дамиды.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қоғазда емес, ауызда жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында емес, бізге ұзын – ұрғасы, үздік – жұрнағы ғана жеткен. Олардың өзіде ауыздан — ауызға көшіп ауыса өңдеу – жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың талай таптың ой- санасынан, екшеп елеуінен өткен. Сөйтіп қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған. Соңғы уақытқа дейін “Билердің сөздері” деп келген белгілі сөздердің кемінде екі – үш нұсқасызы жоқ. Бұдан шығатын жанырлар сияқты шещендік сөздер де көп нұсқалар болады.

Әр адамның сөйлеу, жазу мәнері – стилі әр түрлі. Ал қазақ шешендік сөздерін бір – бірімен салыстырғанда ондай айырманы, ерекшелікті байқау қиын. Бұл да шешендік сөздердің халықтық сипатын көрсетеді. Демек шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен, сақтаушы да халық; сондықтан оның шын иесі – авторы да халық дейміз. Ал шешендік сөздерде, шешендер жайындағы аңыз әңгімелерде есімдері жиі айтылатын адамдардың бәрі бірдей автор емес, көшелігі дайын нұсқаларды жаттап орындаушылар, қажетті жерде өңдеп, өзгертіп пайдаланушылар деуге болады. Қазақтың шешендері мен өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш зертеуші ғалымдар да назар аударған.

Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың бірі — белгілі ғалым В.В.Радлов ол қазақ ауыз әдебиетенің нұсқаларын өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді. “Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшрамай түркі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл”

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зертеуші академик М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ әдебиетинің тарихын жасауға арналған бір зертеуінде М.Әуезов “Билер айтысы” деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік сөздердің кейір түрлерінен мысалдар келтіреді. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр – ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүиелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген уақиғалары, ақыл – ойы, арман тілегі бейнеленеді, өмірге дүниеге көзқарасы көрінеді.

Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған “Аяз би, Жиренше” және басқалар жайындағы ертегілер халық ішінен шыққан адамдарды — Аяз биді, Жиреншені және оның сұлу жары Қарашашты көрсетеді. Шешендік сөздердің бастауын жалпы ауыз әдебиетінің әжесіндей мақал – мәтелдер мен ертегілерден іздеуге болады.