Қазақтың тұрмыс – салт жырларындағы шешендік үлгілері

Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс – тіршілігі күн – көрісі, әдет – ғұрпы салты болатындығын білеміз. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағдайлардың ішкі дамуына байланысты халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі дүниеге көз қарасы т. б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып бертін келе көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды, бұлардың орнына қоғамдық таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде бастылар мыналар :

1.Төрт түлік мал., еңбек кәсіп жайында.

2.Үйлену салтына байланысты.

3.Діни ұғымға байланысты.

4.Көңіл күйін білдіретін шығармалар.

Қазақ халқы негізінде көшпелі жағдайда болып мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс – тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе-киім, мінсе-көлік, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін төрт түлік мал, тіршілік тірегі болды. Ауыз әдебиетінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда туа бастаған. Ш. Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» деген еңбегінде. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері осындай сенім нанымдарға байланысты туған. Мұнда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар депбілген. Мәселен қазақта «Қазғұрт» жайы деген әңгіме бар. Бұл жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндаған. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су басып кетеді, тек қана Қазығұрт тауы аман қалады және осы таудың ығында Нұқ әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түлік малдың әр қайсынан тұқым болады. Әр бір түліктен бір-бір тұқым қалады да кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата кейде қамбар ата деп те атайды, қойдың иесі – шопан ата, түйенің иесі – ойсыл қара, сиырдың иесі – заңгі баба, ешкінің атасы – сексек ата деп. әр қайсына жекелей ат қойды. Бұл түліктердің иелері болғандығын солардың арқасында топан судан аман қалғаныды Қазығұрт тауы дейтін әңгімені жұрт былай депайтады.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсыл қара жануар содан қалған.

Халықтың төрт түлік мал жайындағы оның қалай өрбіп — өскендігі жайлы алғашқы көз қарасы, ұғым түсінігі осылай болып келген, төрт түліктің өз алдана иелері болуына әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде туған деуге болады.

Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және соларды елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп дамып отырған. Той бастар, жар – жар, сыңсу, жұбату, бет ашар.

Діни ұғымға байланысты. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде Шоқанның айтуынша Шамандық дәуірде көп құдайға сиынған кезде туған. Жаратылыс сыран түсіне алмаған ой — өрісі, дүние – танымы шама шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш депұғынған. Сондықтан сол күштерге мысалы : ай мен күнге, от пен суға табынып, сыйынған. Жаратушы, жарылқаушы дептүсінген, мұнымен біргеМ. Горькийдің айтуына қарағанда ертедегі адамдар тұрмыс – тіршілігі, күн-көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап, жеңілдетпек болған. Олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуан-құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек, жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз етенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние-тану дәрежесі қандай екенін ауыз әдебиетінде қалай суреттелгенін көреміз. Бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазан.

Қазақ халқының ертедегі тұрмыс – салтына байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі –адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең-жырлары арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген.

Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық, қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы мұң-шер де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінші шаттық, қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы – қасірет, күйініш шерін шерткен. Абайды :

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, —

дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.

Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т. б тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған. Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жар күйер жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз ауса, мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр түрлі өлең-жырлар тудырған. Қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.