Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері

Қазіргі шешендікте сөйлеу монолог және диолог түрінде болады. Монологтық сөйлеу – қазақ шешендерінің толғау, ақыл, өсиет, бата, тілек, үндеу түрінде ертеден қолданылып келе жатқан сөйлеу түрі. Монолог – бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпта баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделетіндіктен, көпшілік алдында сөйлеген сөз, жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, айтылған пікірлер монологқа жатады. Онда адамның ойы, ғылыми, саяси, әлеуметтік көзқарасы, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғаныс, дүниетанымы – бәірі анық байқалады. Жұртшылыққа әсер етуді көздегендіктен және алдын-алы дайындалатындықтан монолог мағыналы мағыналы болдады және шешен тілде сөйленелді. Монологта автордың түйіні ой-тұжырымдары айтылып, көпшілікке талқыға ұсынылады. Сондықтан көп жағдайдамонолог диологқа айналады.

Тыңдаушы көпшіліктің ішінен шешенге сұрақ қоюшылар, қарсы пікір айтып келіспеушілік танытушылар немесе керісінше қолдап сөйлеушілер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тыңдаушылар шешеннің пікірлесушілеріне айналады да, монолог сөз пікірталасына ұласады.

Пікірталас іскер адамдардың арасында өрбиді. Пікірталас істі алға бастырады., қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде ғана демократия өрістейді.

Пікірталас бірыңғай көзқарастың жоқтығынан әр түрлі пікірлер туындаған жайттардың төңірегенде өрбиді. Пікірталас дегеннің өзі де пікір қайшылығы. Пікірталастың бірнеше түрі бар: пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс. Әрқайсысының өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар.

Пікіралмасу – латын сөзі (дискуссио), беретін мағанасы «зерттеу», «талқылау», «талдау». Пікіралмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты — әр түрлі әрекеттерді салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікіралмасу – дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көздері жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.

Ойталқы сөзі де латын тілінен алынған (Диспутатио), мағынасы – «ой жүгірту», «жарыссөз», «айтыс». Ойталқы – ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптарды төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысында қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.

Пікірсайыстың табиғаты өзгешелеу. Оны бұл сөздің шығу төркіні де айқындайды. Пікірсайыс көне гректің сөзі (полемикос), мағынасы «соғысқұмар», «жаулық», «дұшпандық». Әрине, бүгінгі мағанасы басқаша, бірдеңені талқылау мақсатындажилналыстарда, баспасъөз беттерінде орын алатын сайыс. Бұл жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеядағы бітісаестік, пікірдегі қарсылық. Осы ангықтамаларюдан көріп отырғанымыздай, пікірсайыс, пікіралмау, ойталқыдан бөлінеді.

Пікірсайыстың мақсаты: қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту. Сөйтіп сайысшылар әлеуметтік мәселерюді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі. Пікірталастың ойбөліс, сөзталас, айтыс деп аталатынтүрлері, табиғаты жағынан бір-біріне жақын. Бұларда пікірталасын түскен адамдардың арасында сыйластық, түсінісмтік орын алады. Ойбөліс – франсуз сөзі(дебат), мағынасы – «айтыс», «жарыссөз». Ойбөліс – көпшілік алдында екі адамлның не пекі топтың бірдеңе туралы ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір қарама-қарсылығы болғанымен, түсіністікке негізделеді. Сөзталас – орыс сөзі(прения), мағынасы бірдеңені, қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас, обөліссияқты, бандамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда жиналыстар мен конференцияларда орын алады. Ойбөліс екі адамның арасында да жүзеге асады. Сөзталаста да пікір білдірушулер бір ойды жан-жағынан талдап түсіндіріп, шындықты іздеп табады.

Айтыс екі адамның да, көпшілік арасында да жүзеге асады. Айтыс қазақтың сөзі. Мағанасы – сөз жарысы.