Ежелгі түркі шешендігі

Ежелгі түркі елінің шешендігі жайлы сөз қозғау, соншалықты қажеттілігіне қарамастан, қиыннын, қиыны. Олай болатын себебі біріншіден, шешендікті тарихи кезендерге бөліп қарастырудың болмағандығы. Саналы ғұмырын шешендікті зерттеуге арнаған атақты Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнерінің тарихын орта ғасырдағы билерден бастап карастырды. Екіншіден, халықтың ақыл-ойы, сана-сезімі, тіршілігінің айнасы болған өнердің ежелгі түрі фольклорлық туындылар әдеби және тілдік тұрғыдан зерттелсе де, шешендік тұрғыдан зерттелмеуі орта ғасырлардан бері қарай белгілі болған билер сөзінің ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қаралғаны белгілі. Үшіншіден, ежелгі түркі еліндегі бізге белгілі болған материаддардан байқалған шешендіктің қызметі көне грек, Рим елдеріндегі шешендіктің қызметінен өзгешеленетіндігі.

Дәуірі бір бола тұра, бұл еддердің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайының, шаруашылық-мәдени сүлесінің әр түрлілігі шешендіктің айтылу мақсаты мен жұмсалатын (көрінетін) орындарының әр басқалылығына әкеліп соқтырды.

Зерттеушілердің айтуынша, көне Грекияда шешендік өнердің дамуына мықтап әсер еткен Афина басқарушысы Салон заңының өмір сүрген кезі б.ж.с. дейінгі 594 ж.

Бұл заң бойынша, Афина азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Әрбір азамат өз Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласқан. Онда демократия-шешендік өнердің арнасы болған. Ертедегі Грекияда және Римде шешендік өнер мен саясат бөлінбеген. Грекияның көрнекті шешендері ірі-ірі саяси қызметкерлер болған. Мысалы, Терикл Афинаны 15 жыл бойы басқарған. Шешендік өнердің жарық жұлдызы саналған Демосфен афина қүлдары демократиясының қорғаушысы болды. 30 жыл бойы Македонның Филипп патшасына ашу ызамен карсы тұрды.

Көне Римнің шешендері де, көне гректердегі сияқты, әйгілі саяси қызметкерлер болды. Солардың бірі Римнің мемлекеттік қайраткері б.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Марк Катон Старший болды. Ол Карфагенмен бітіспес жау болғаны сондай өзінің әрбір сөзін “Карфегенді құрту керек” деген фразамен аяқтап отырған.

Ежелгі түркілер шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Аңыз дегеннің өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мындаған жылдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағымен естімегендіктен де естіген әңгімесін халық аңыз сияқты қабыддаған. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар скифтерде көп. Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте кең тараған. Халық арасында аңызға айналатындар алдымен елін қорғаған ерлер. Елді біріктіріп, жері үшін, ұрпағының амандығы үшін келген жауға қарсы тұрған алып ерлерін халық көсемдер ретінде аңыз әңгімелерде бейнелеген. Сондай аңыздардың қатарында Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Кашкари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа»-жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.

Ерте заманда гректер мен римдіктерде көшпелі түркілерде әскери өнер мен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеу де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды.