Қазақ журналистикасы 1917 – 1920 жылдар аралығы

Кеңек үкіметінің алғашқы шараларының бірі-сол кезде белгілі себептермен контрореволюцияшыл-буржуазиялық баспасөз деп аталған “Қазақ”,”Сарыарқа” , “Бірлік туы”, “Ұран”, “Алаш”, сияқты , т.б. ұлттық басылымдарды біржолата тоқтатып, жабу болды. Осыған орай жаңадан құрылған қазақ жеріндегі кеңестер белсенді қызмет атқарды. Олар негізінен 1918 жылдың соңына дейін өздері байшыл, ұлтшыл, алашордашыл деп тапқан бір топ газет-журналдарды жойып жіберудің арқасында солардың баспаханаларымен қағаз қорларын пайдалана отырып өздернің газеттерін шығара бастады.

Азан төңкерісіне дейін де Қазақстанда еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары деп аталған ұйымдардың болғаны тарихтан мәлім. Мысалы: Верныйда “Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы”құрылып,жұмыс істеген. Бұл одақ 1917 ж. 17 – желтоқсанында “Садақ”атты сықақ журналын шығара бастады.Ол негізінен,Жетісу елі ішіндегі кемшіліктерді ашып, түзетуді,жұртқа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуді мақсат еткен. Журналға идеялық жағынан жетекшілік жасаған О.Жандосов болса,редакторы Ә.Басиров еді.

Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытшы өкіметтің тұсында қазақ жеріндегі обылыстық,уездік комитеттері құрыланы мәлім.Мысалы, Ақмолады құрылған осындай “Қазақ”комитетінің құрамында С.Сейфуллин де болған.Бұл комитет сол кезде бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босыту,олардың орнына жұмышы-кедейлерді іске тарту,дінмен күрес және қазақ әйелдеріне бостандық әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге асырумен айналысқан.

Осы комитеттің қасынан Сәкен 1917 жылдың сәуір айында “Жас қазақ”ұйымын құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде 40-50 ден аспаса,кейін көбейе түсті.

Бұл ұйымның мақсаты – халық арасына заң,білім тарату,жаңа саясат істеріне қатысуболып табылды.

Алайда “Жас қазақ ”ұйымының ең басты қызметі деп біздер олардың мүшелік жарнадан және елден жиналған қаражатпен қазақ баспаханасын құрып,1917-1918 жылдары “Айна”деген журналдың бір санын, “Тіршілік” деп аталатын газеттің бірнеше нөмірін шыарғандарын айтар едік.