Бөгде сөз, оның түрлері

бөгде сөз, оның түрлерін, жасалу жолдарының ерекшелігі жайлы мәлімет алу.

  1. Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде өзгертсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлеп дейміз. Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Автор сөзі төл сөздің кімдікі екеніне, қандай жағдайда, қалай айтылғанын түсіндіріп тұрады. Төл сөз бен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын де (деді, деп, дейді, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.

Төл өз бен автор сөзінің орналасу тәртібі төмендегідей болады:

  1. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрады. Мысалы: Жиренше сөз таба алмай ұялып қысылып қалды: “Ұят болды. Өзім де өкіндім”.
  2. Төл сөз автор сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: “Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой,” – деп Жамал дауысын солғындау шығарды.
  3. Төл сөз автор сөзінің ортасында тұрады. Мысалы: Келді де: “Абай, шырағым, сені әкең шақырып жатыр,” – деді.
  4. Төл сөз автор сөзінің екі жағында тұрып, автор сөзі төл сөздің ортасында орналасады: “Өз өлеңім емес,” – деді мынау үлкендердің шамасын біраз қылжақ еткендей боп, — “бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі”.

Кейде төл сөз бен автор сөзінің көп құрамды күрделі түрі де көп кездеседі. Ол сабырлы, момын пішінмен: “Шүкіршілік, әке, — деп біраз тұрады да:” – “Ат барған соң дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, ватиқасын алып қайттым,” – деді.

Төл сөз бен автор сөзі бір-бірінен арнаулы тыныс белгілері арқылы бөлінеді. Төл сөз әдетте тырнақшаға алынады да, төл сөз хабарлы сөйлем болса, үтір (сөйлем бітсе нүкте), лепті сөйлем болса леп белгісі, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі қойылады. Төл сөздің алдында тұрған автор сөзінен кейін қос нүктесі қойылады да, төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Оны сызбамен (схемамен) былай көрсетуге болады:

  1. “Төл сөз,” – автор сөзі
  2. автор сөзі: “Төл сөзі”.
  3. автор сөзі: “Төл сөз,” – автор сөзі.
  4. “Төл сөз,” – автор сөзі, — “Төл сөз”.

Кейде тырнақшаға алынбай, төл сөз сызықшамен басталып жазылады. Схемасы:

Автор сөзі – төл сөз, — автор сөзі.

— Төл сөз, — автор сөзі.

  1. Төлеу сөз

Баяндаушы өзінің желісінде қолданбақ болған біреудің (не өзінің) сөзін үнемі бұлжытпай, төл сөз ратінде, айта бермей, кейде оның құрамы мен құрылысын және тұлғасын өзгертіп, өз сөзімен мазмұнын ғана жеткізеді. Мұндай сөздер төлеу сөз деп аталады. Мысалы: “Кітап – адамның ең жақын досы”, — деді М.Горький. (Төл сөз.) М.Горький кітапқа адамның ең жақын екенін айтты.(Төлеу сөз.)

Де етістігі және төл сөз құрамындағы кейбір сөздер (оқшау сөздердің басым көпшілігі, сұраулық шылаулар т.б.) төлеу сөзде айтылмай, түсіп қалады. Төлеу сөз тек хабарлы сөйлем түрінде беріледі. Мысалы: “Бұл жер мал жайлауға қолайлы болар, сірә”, — деді аға шопан. (Төл сөз.) Аға шолпан бұл жерді мал жайауға қолайлы болғандығын айтты. (Төлеу сөз.)

  1. Төл сөздің төлеу сөзге айналуына байланысты, ондағы тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі де өзгереді:
  2. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғауы арқылы анықтауышқа айналады. (Мысалы, жоғарыда берілген төл сөздердегі кітап, жер деген бастауыштар төлеу сөзде анықтауыш болып жұмсалады.)
  3. Төл сөздің баяндауышы төлеу сөзде сөйлемнің басқа мүшелеріне айналып кетеді:

1) Баяндауышы айтты, хабарлады, баяндады, сұрады, өтінді, бұйырды т.б. төл сөз иесін көрсете алатын арнайы сабақты етістіктердің бірінен жасалған төлеу сөзде төл сөздің баяндауышы (өзгерістерден кейін) табыс септігін қабылдап, тура толықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: “Комбайнды осылай жабдықтау керек”, — деді механизатор. Механизатор комбайнды осылай жабдықтау керек екендігін айтты.

2) Туралы, жайында, жөнінде шылаулардың қатысуымен айтылған төлеу сөзде төл сөздің баяндауышы күрделі жанама толықтауышқа айналады. Мысалы: Механизатор комбайнды осылай жабдықтау туралы айтты.

3) Септелген де етістігінің (өткен шақтағы есімше түріндегі) қатысымен жасалған төл сөздің баяндауышы төлеу сөзде толықтауыш қана емес, әп түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Мысалы: Оның: “Өзім барайын!” – дегені бригадирге де ұнады. (Барайын – төл сөздегі баяндауыш.) Оның өзінің баратындығы бригадирге де ұнады. (Баратындығы — төлеу сөздегі бастауыш.)