ЕСІМШЕЛЕР МЕН КӨСЕМШЕЛЕР

Есімше.

Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, оқылатын кітап, кірер есік, естір сөз, айтылмақ сөз т.б.

Есімшенің жұрнақтары :

1) –ған,-ген, -қан,-кен: жазған, көрген, айтқан, өткен т.б .

2) –ар,-ер,-р,-с: жазар, берер, сөйлер,айтпас, бермес т.б.

3) –атын, –етін,–йтын, йтін: қалатын., көретін, қарайтын, тілейтін т.б.

4)—мақ,–мек,–бақ,–бек,–пақ,–пек: тындамақ, естімек, қайтпақ, кетпек, жазбақ, кезбек т.б.

Есімше заттың белгісін білдіргенде, сөйлемнін анықтауыш мүшесі қызметін атқарады: Естілген сөздің жалған болуы мүмкін. Көрген көзде кінә жоқ.

Есімше шақтық көрсеткіш қызметін атқарады,бұл қызметте ол жіктеледі, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімшеге жіктік жалғауды толық түрі жалғанады. Мысалы, Мен оқуды былтыр бітіргенмін.

Есімшенін жіктелу кестесі .

Жекеше

Мен барғанмын, көретінмін, келермін, айтпақпын

Сен барғансың, көретінсің, келерсің, айтпақсың

Сіз барғансыз, көретінсіз, келерсіз, айтпақсыз

Ол барған , көретін, келер, айтпақ.

Көпше

Біз барғанбыз, көретінбіз, келерміз,айтпақпыз

Сендер барғансыңдар, көретінсіңдер, келерсіңдер, айтпақсыңдар

Сіздер барғансыздар, көретінсіздер, келерсіздер,айтпақсыздар.

Олар барған,көретін, келер, айтпақ.

Есімше сөйлемде заттық мағынада қолданыла алады. Заттанған есімшелер зат есімше түрленіп, көптік,тәуелдік,септік жалғауларын қабылдап, бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы, Көрген жалған емес . Оқығанды көнілге ықыласпен тоқылық.

Көсемше

Көсемше депнегізгі қимыл– әрекеттің қалай; қайтып жасалатынын білдіретін етістіктің түрі аталады. Мысалы, қарқылдап(қалай? ) күлді, күлімсірей( қалай?) қарайды, қасқайып(қайтіп?) тұра қалды,асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.

Көсемше осы қызметте тұрғанда,өзінен кейін ешбір қосымшанықабылдамайды.

Көсемшеніңжұрнақтары:

  1. – ып, -іп, -п: бар-ып, көр-іп, сана-п, сөйле-п т.б.
  2. –а, -е, -й: сыз-а, қал-а, бер-е, көр-е, сана-й, сөйле-й, келме-й, барма-й, т.б.
  3. –қалы, -келі, -ғалы, -гелі: қайт қалы, кет-келі, тұр-ғалы, кел-гелі т.б.
  4. –қанша, -кенше, -ғанша, -генше: қайт-қанша, өт кенше, бол ғанша, біл-генше.

Көсемшенің жұрнақтары шақ жасаушы көрсеткіштің де қызметін атқарады. Көсемше шақтық көрсеткіш қызметін атқарғанда , ол түбір етістікке жалғанып, өзінен кейін жіктік жалғауын қабылдап, жекеше, көпше түрде жіктеледі. Көсемшенің –ып (-іп, -п) және –а (-е, -й) түрі ғана жіктеледі. Көсемшеден кейін жіктік жалғаудың толық түрі жалғанады.

Көсемшенің жіктелу кестесі

Жекеше

Мен барыппын, келіппін, барамын, келемін

Сен барыпсың, келіпсің, барасың, келесің

Сіз барыпсыз, келіпсіз, барасыз, келесіз

Ол барыпты, келіпті, барады, келеді,

Көпше

Біз барыппыз, келіпсіз, барамыз, келеміз

Сендер барасыңдар, келіпсіңдер, барасыңдар, келесіңдер

Сіздер барыпсыздар, келіпсіздер, барасыздар, келесіздер

Олар барыпты, келіпті, барады, келеді.

Әдебиеттер:

Практикалық қазақ тілі . Н. Оралбаева, Б.Шалабаев, А.,1993

Қазақ тілі Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев А., 1993

3. Қазіргі қазақ тілі. А.Ысқақов А. 1974, 1989, 1991

№ 10 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ : ҮСТЕУ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

ЖОСПАРЫ:

Үстеудің тұлғалық , құрамдық түрлері

Үстеудің мағыналық түрлері

Үстеу іс-қимылдың, амал- әрекеттің, белгісін жай- күйін мекенін, мөлшерін, мезгілін білдіретін сөз табы. Мыс: бүнін төмен, жоғары, әрмен , бірталай т.б. Үстеулер қалай? қанша? қашан? қайда? қайдан деген сұраққа жауап береді. Сөйлемде пысықтауыштың қызметшіңн атқарады.

Негізгі және туынды түбір үстеулер.

Негізгі түбір үстеулер деп. құрамы жағынан бөлінбейтін , негізгі түбір сөз арқылы іс- қимылдың, амал- әрекеттің түрлі белгісін білд-н сөздер аталады: кеше, ертең, кеш, бұрын, қазір,енді, әлі, жоғары , әрі-бері, тез, өте т.б.

Туынды түбір үстеулер деп. басқа сөз таптарынан сөзжасамдық жұрнақтар арқылы, сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалған үстеу сөздер аталады: әзірше, адамша, биыл, анда –санда т.б.

Туынды түбір үстеулер бзірнеше жолмен жасалады:

Жұрнақ жалғану арқылы: -ша,-ше,-лай,- лей,- дайын,- дейін,-шалық,-шама,-шылап,-шілеп,-сыз,-сіз: адамша, ақшалай,- бойдай, қырандайын, түлкідейін, мұншама, соншалық, итшілеп

Көнеленген қосымшалар арқылы: А) барыс септігінің көнеленуі арқылы; Ә) Жатыс с.к.а: Б) шығыс с.к.а.;В) көмектес с.к.а.

Мыс: жатқа, кешке, алда, жүресінен, шалқасынан, жайымен, жөнімен.

Сөздердің бірігуі арқылы туынды т. үстеулер жасалады.

Мыс: әжептәуір, әлдәқашан, биыл, жаздыгүні,т…б.

Туынды түбір үстеулер сөздердің қосарлануы арқылы да жасалады. Мыс: бостан-босқа, оқта-текте,енді-енді, ауызба- ауыз т..б.

Дара және күрделі үстеулер

Дара үстеулер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын, қимыл-әрекеттің түрлі белгілерін білдіретін сөздер аталады: тез , әрең, мұнша, зорға, кенеттен т.б.

Күрделі үстеулер деп екі сөзден тұрып, қимыл -әрекеттің бір белгісін білд-н сөздер аталады: қыстыгүні, бірталай, анда –санда т.б.

Күрделі үстеулер қимыл- әрекеттің түрлі белгісін я мезгіл, мөлшерін білд-н сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады.

Үстеулердің мағыналық түрлері.

Үстеулер мағынасына қарай: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл, мақсат, себе-салдар, күшейткіш болып бөлінеді.

Мезгіл үстеулері: ертең, ерте, әлі, енді-енді, оқта-текте т.б.

Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?

Мекен үстеулері: әрі, әрмен, ілгері, кейін, төмен, алда, т.б.

Сұрақтары: қайда? қалай қарай?

Мөлшер үстеулері: сонша, осынша, онша, әжептәуір, бірталай, т.б.

Сұрақтары: қанша? қаншалық? қаншама?

Сын-қимыл үстеулері: әрең, әзер, тез, шапшаң , шикілей, шалқасынан т.б.

Сұрақтары: кімше , неше, қайтіп?

Мақсат үстеулері: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана т.б.

Сұрақтары: неліктен, не үшін?

Себеп – салдар үстеулері: бекерге, босқа, жоққа , амалсыздан, құр босқа, тектен – текке т.б.

Сұрақтары: не себепті? не себептен? қалай?

Күшейткіш үстеулері: өте, орасан, мүлде, тым, кіл, аса, кілең т.б.