Фонетика туралы түсінік

Фонетика (гректің рһоnеtikos деген дыбыс ма,ынасынан шыққан.) тіл дыбыстарын зерттейді.Оның негізгі обьектісі — тіл дыбыстары. Фонетика дыбыс атауының бәрін зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Мыс: жол,жел, тас, жас, қас, сөздерін алсақ, алғашқы сөздердің мағыналарын бір-бірінен ажыратып тұрған о, е ж, қ, дыбыстары сөз мағынгасын ажыратушы қызметін атқарып тұр.

Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.

Дауысты дыбыстар

Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.

Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Олар – орыс тілінде жоқ дыбыстар.

Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.

Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол – э.Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.

Дауысты дыбыстардың топтастырылуы

Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.

Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшы ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.

Жуан сөзде жуан айтылып, жіңішке сөзде жіңішке айтылатын дыбыс – у.

(қуаң, куә).

  1. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді:

Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Оларға: а, ә, о, ө, е, э.

Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.

  1. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді.

Еріндік даыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.

Дауысссыз дыбыстар

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздерде қолданылып жүрген дауыссыз дыбыстар, олардың әріптері төмендегідей б, п, в, ф, д, т, э, с, ж, щ, ч, ц, г, к, қ, ғ, м, н, ң, л, р, х, й, һ.

Дауыссыз дыбыстар үнді және ұяң, қатаң болып бөлінеді

Үнді дауыссыз дыбыстар р, л, й (бай), у (бау), м, н, ң.

Ұяң дауыссыз дыбыстар б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.

Қатаң дауыссыз дыбыстар п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жуан, жіңішкеболып бөлінбейді, олар жуан сөзде де, жіңішке сөзде де қолданыла береді, бірақ сөздегі жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дауыссыздарға әсері болады бол, бөл, базар, безер, балта, белде,таза, терезе, дала, деме, зор, зер, мұрын, мешін т.б.

Ескерту. Тілдегі дауыссыз дыбыстардың ішінде тек жуан сөзде қолданылатын екі дауыссыз дыбыс бар, олар қ, ғ, қағаз, ғалым, ғаламат, қазақ, ақын, ағын т.б.

Тілдегі дауыссыз дыбыстардың ішінде екі дыбыс – к, г тек жіңішке сөзде қолданылады көк, көкткм, көше, көгілдір, гүл, әңгүдік, гүлдену, белгілі, көкше, гүмбір, гүрсіл т.б.