Көркем шығарманың тілі

Тіл – адамның баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы. Қоғамның жеке мұшелері тіл арқылы бір-бірімен байланысады. Қоғамдық ой-сананың дамуы, ілгерілеуі үшін де тілдің атқаратын қызметі зор.

Экономикалық дамудың негізінде қоғам дамиды ілгері басады десек,қоғам дамуларымен нық байланысты тілде өзгеріп отырады,заман озған сайын кейбір тіл,кейбір сөздер ескіріп,пайдаланудан шығып қалады да,бұрын тілде жоқ жаңа сөз,жаңа атаулар пайда болады.

Қоғамдық идеологияның басқа түрлерімен салыстырғанда тіл өте жай, шабан өзгереді.Бұдан талай ғасыр бұрынғы мұралардың тілінде,қазіргі тілімізден көп аймашылық байқаумен қатар,оларды түсіне аламыз.Әйтседе заман ағымы,қоғамдағы өзгерістер тілде де өзінің ізін қалдыратындығы сөзсіз.

Көркем әдебиеттің негізгі құрамы – тіл.Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе,жазушы тілді сондай жақсы білуі керек.Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, ұяң әдеп тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге кеоректі тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоныстары да бар. Солардың ішінен ең жақсыларын таңдап, талғап алудың және оларды сөйлемде орнын тауып қиюластыру, талғай білудің негізінде көркем әдебиет жасалады. Көркем тіл, көркем сөздердің түрі көп.

Солардың бірі сөздердің көп мағыналылығы. Әр сөз жек, атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағанаға ие. Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура және туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялықкүш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік – жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі. Полесемизм қаламгер үшін тек осы жағдайда қажет.

Тілді байытар тәсілдер ұшан теңіз. Поесемизмде бір сөздің бірнеше мағанасы болса, енді бір ғана мағанадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бірнеше ұғымға көшетін жайы бар. Мысалы, сынап деген сөз жеке тұрғанда зат болса, осыны өзге сөздермен тіркестіріп, айталық сынаптай ағады десек, жаңағы заттық ұғымы қолма-қол өзгеріп, енді әлдененің жылдамдығын немесе сынапша жылтырайды десек, тағы бір нәрсенің түсін таныта бастайды. Бұл да сөздің көп мағаналылығы.

Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бірсөз іздеп табу – шебер суреткердің қасиетті парызы. Оның дәл сол жағдайда сөз іздер атырапбының бірі – синонимия(грекше synonymos мәндес сөздер ) — айтылуы, естілуі әр түрлі болғанымен, мағанасы бір-біріне жуық, мәні ұқсас сөздер.

Синонимдер біздің сөзімізді байытады, айқындайды, түрлендіреді.Сөйлеу тілімізде синоним сөздермен қатар омоним – айтылуы, естілуі бір болғанымен, мән-мағанасы әр тарап сөздер бар екені белгілі.

Аттас сөздердің бір алуан ұнамды роль атқарар аренасы — өлеңді шығармалар.

Тілдің кез келген құбылысы әдебиет үшін ізсіз өтіп, босқа кетіп көрген емес. Айталық антоним (грекше anti – қарсы; onoma — атау) – бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағанадағы сөздер.

Бір қарағанда осылардың бәрі таза лингвистік нәрсе; Мұндай антонимдік қарама-қарсылықтардың өнерге оның ішінде сөз өнеріне қатысы шамалы тәрізді. Шындығында олай емес.

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрджім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

(Абай.)

Байқасақ, дос-дұшпан, алыс-жақөын деген антонимдер әншейін сөз кезегінде тұрған жоқ, ақынның айтар юойына нық түйін, тұжырым, дәйек болып тұр.

Суреткердің сөздік қорындағы бір «алтын сандық» — архаизм (грекше – arhaios – мәңгі, ескі.) – бүгінде ескіріп, әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе ауызекі сөйлеулер де көп айтыла бермейтін көне сөздер.

Әдебиет әр халықтың көркем тарихы. Әдеби шығармаларда бүгінгі ғана емес, байырғы тарихи шындықтар да көркем жинақталуға тиіс, солай болып та келе жатыр. Қазіргі қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар әр жанрда да бар жәнебірқыдыру. Міне, сол тарихи шығармалартуғызу әрекетінің үстінде суреткер архаизмді аттап та кете алмайды, орағытып та өте алмайды.

Суреткердің сөздік қорын молайтып, тілін байытар тағы бір қайнар бұлақ – неологизм (грекше neos – жаңа, logos – сөз)– жалпы қоғамдық дамумен сабақтас тыңнан туған соны мағыналы сөздер. Бұл толассыз болып отыратын құбылыс. Біздің дәуіріміздің ғылым мен техникадағы ұшан-теңіз жаңалықтары тілде бұрын болмаған жаңа атаулар әкеледі. Мысалы; Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» романында вагон, станция, кулак, поезд сияқты жаңа сөздер кездеседі.

Неологизмдердің бір алуаны интернационалдық сөздер және терминдер: реформа, революция, коммуна, интернат, капитан, эскадрон, маршал.т.б. Бұлар қазақ әдебиетінде сонау Абай тұсынан, әсіресе Сәкен өлеңдерінен бермен қарай орайлы жерінде қолданылып келе жатыр. Интернационалдық сөздердің қолдану үлгісін Сейфуллиннің «Альбатросынан» айқын көруге болады.

Кейде тың сөз көрер көзге шет сөздермен шектесіп жатуы да мүмкін. Ал орынсыз қолданылған шет сөз – неологизм емес, варваризм. Мысалы, Н. Наушабайұлының мына бір өлеңін алсақ;

Жаһилдер ғалым сөзін тыңдамаған,

Шарғиға мықтап белін байламаған.

Деген екі қатар өлеңде жаһил (дінсіз), шарғи (дін) деген сөздердің қазақшасын алған жқандай оңды болар еді, бірақ бұдан бір ғасыр бұрын өткен Нұржан ақынға мқны айту, әрине, қиын.

«Қалауын тапса, қар жанады»дегендей, орнымен қолданған жағдайда байтақ Қазақстанның кейбір өлкелерінде ғана түсінікті жекелеген жергілікті сөздер де өзіне лайық қызмет атқаратыны даусыз. Оларға диалектизм (грекше dialektos – оқшау тіл) деп ат қойып, айдар ташғу керек пе, жоқ па, ол – екінші мәселе, бірақ, әйтеуір, әдеби қаһарманның сөйлеу ерекшелігін танытып, мінезін даралау үшін, ол өмір сүрген ортадағы жергілікті сөздерді жазушы батыл пайдаланғаны жөн. Мұхтар Әуезов өзінің «Білекке білегінде» Оңтүстік Қазақстанның жергілікті сөздерін кейіпкерлер аузына әдейі салған еді, содан азғана үзінді келтірейік:

— Сен тағын, тағын бастадың ба!? Қанша үрмет қысам да болмай-ақ қойдың ғой жүдә! Сен албасты! Секендеген шәйтән. Қараңғы үйге жалғыз өзіңді қамап қояйын башыли. Көзіңді бозартып… — деп Мақпал біраз қабағын түйіп, өтірік ашуланған боп қарап тұрды.

Бұл арада жазушы өз қаһарманының сөйлеу берекшелігі арқылы мінез ерекшелігін ашып, дәл осы сәттегі ойын, сезімін аңғартып, көпке бейтаныстау қызық қылық пен соны сөздерден тың айшық, өзгеше орам жасап отыр. Жергілікті сөздерді орнымен пайдалану дегеніміз – осы.