Түркі тілдері лексикасының ерекшелігі

Қазіргі қазақ тілінде өлі түбір деп аталатын көптеген сөздер бар, яғни түбірдің бұынғы мағынасы ұмытылып, қандай сөзден, қалай жасалғандығы мәлімсіз. Мысалы, арбау деген сөзді алайық: мұның у деген қсымшасы етісіктің тұйық райының жұрнағы екеніні, – ба етістік жасайтын жұрнақ екенін білеміз. Ал ар деген түбірдің қазіргі күнде мағынасы белгісіз. Мұнда ар-ұят дегенмен шатастырмау керек, олар өзіне басқа.

Ар деген түбір көне түрік тілінде (Ү-ҮІІІ) арбау деген мағынамында қолданылған. Мысалы, сүчіғ сабын йымшақ ағын арып – судай сөзге жұмсақ арбап сйылқпен деегн еді. Осындағы арып дегеннің түбірі ар; ы-жұрнақ. Бұл сөз М.Қашғани еңбегінде де жұрнақсыз ар болып жазылған, мағынасы арбау, алдау. Осы ар деген сөзбен қатар ал деген сөзде алдау, арбау мағынасында қолданыған.

Ал дегеннің алдау, айла мағынасында қоладнылғанын М. Қашғари сөздігінде жазылған ыман мақал дәлелдейді: аушы неше ал білсе, айығ (аю) соншр жол біледі. Бұл әрине аю аулайтын кезде туған мақал. Осы сөз бертін келе әл-әдіс мағынасын аусып онан әрі күш мағынасына беттеп барады. Мысалы, «Әлім жоқ дұшпанмен алысатын ат қйда сұр қызылмен шабысатын» деген халық мақалындағы әл деген сөз күш, қуат мағынасында қолданлып тұр. Ал деген түбір жіңішкеріп, әл болы өзгерген сияқты. Сол сияқты аран деген сөз екі түбіден, ар-ан сөздеріне құралып, бірі – жұрнақ, екіншісі – түбір болып жымдасып кеткен. Бұл күнде бұларды екі түбір деу де қиын.Осының-ан деген компонентін салыстыру ақылы ғана түсінуге болады. Ол баста ар-ан алдап аңды қамап ұстайтын қора мағансындам болып, бертін келе аң аулайтын алдау қора мағынасынан мал қорасына ауысқан. Ол кезде аранның орнына ауыл деген сөз қолданылған. Ауылдеген – қора деген сөз екен, осы күнде басқа мағынаға ауысты.

Қазіргі қазақ тілінде елі деген сөз бар (бір елі ауызға екі елі қақпақ қою керек). Осы елі арқылы қазының қалыңдығын мүлтіксіз өлшейді. Ала бұлт қазы дегенде қабырғаның қазы етегінің бір жерінде болар-бомас қазы бар да енді бір жерінде қазы жоқ екенін аңғартса, қызыл шарқа дегенде әлі нақты майға айналмаған болса да, қазы болып көк етті тегіс жапқаныны түсіндіреді. Ондан әрі қарай қазының қалыңдығын : пышақ сырты, шаншақ, елі, бармақ,екі елі, табан, сөре, шынтақ деп өлшейді. Ал елі деген сөздің арғы төркіні ел-қол деген сөз болып шығады. Ел, елі (к) деген сөз қол мағыасында біздің тілімізде болмаса да, кейбір түркі тілдерінде күні бүгінге дейін қолданылады. Азербайжан, Түрікпен, қырғыз тілінде – ел –қол мағынасында. Бұл ел деген сөз көне заман ескерткіштерінде де жиі ұшырайды. Мысалы, оң еліг (оң қол), сол еліг (сол қол) деп жазады. М. Қашғари қазақ тілінің фонетикалық заңы бойынша сөз аяғында г,ғ, б, айтылмайды. Сондықтан ол, сөздің аяғындағы г біздің тілімізде түсіп қалып, елі болып оқылады.

Оны ел-дұрт дегендегі ел деген сөзбн шатастырмау керек. Өйткені көне түркі тілінде е деген сөз дос деген мағыада қолданылған. Оның айғағы ретінде қазақ тілінде елмісің, жаумысың дегендегі досыпысың деген маңынада айтылады. Елден қашып тау арасында жасырынған Еңлік пен Кебек елден хабарсыз торыққанда: япырмай ел боса да, жау болса да, біреу келсе керек еді – дейді Еңлік. М.Қашғари Екі бек ел болды дегендегі ел –дос деген мағынада деп түсіндіреді. Ал бек сөзі бұрын мықты, күшті деген мағынада ұйғыр тілінің көне жазуынан кездеседі – дейді С.Е.Малов.

ХІ ғасырда жасаған алым М.Қашғари жілік деген сөз оыс еліг дегеннен шыққан болар, өйткені оғыздар еліг деп қолды айтады , дейді. Оның да жөні бар. Елі, елік дегендегі сөз басынағы е –нің ж –ға айналып кетуі де мүмкін.

Этимолгия көп буында түбірдің тарихын ашқанымен, бір буынды түбірдің тарихын ашып бере алмайды. Мысалы, ат, ай күн, бас, бар т.б. сөздердің неге осылай айтылғаынын этимология арқылы білу мүмкін емес. Жаз (көрпені жаз) деегн етістік түбірінің соңғы дыбысының (з-й (жай) болып) өзгеруіне байланысты кейбіреулер оның түбірі жа деп қаарса, көптеген туюрколгтар жаз, жай әр қайсысы жеке түбір деп қарайды. Бұдан әрі қарай неге жа, неге жаз деген сұрауға жауап беру мүмкін емес.

Сөйтіп жалпы тіл білімінде бір буында сөздер шешеімсіз, көп буынды сөздер шешемді деп танылады. Мұның соңғысы этимолгия әдісі арқылы зерттеледі. Этимология тарихи-салыстырамалы әдіске сүйенеді. Бұл тарихи-салыстырмалы әдіс әсіресе қопарылмалы тілдерге аса қажет, өйткені ондай тілердің түбір элементі өзгеріп түр-тұрпатын танытпай қояды. Түркі тілдерінің көптегенжағдайда түбірі анық көркініп тұратын, сөздің этимологиясы басқа тілдермен салыстырғанда оңай ашылатынын атақты ғалым Армени Вамбери де айтқан болатын. Сөйтіп түркі тіліндегі сөздердің тимолгиясын зертеуге де тарихи салыстырмалы әдіс қажет, бірақ ол әдіс қопарылмалы тілдерге онан гөрі қажеттірек.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!