Есімдіктердің сөзжасамы

  1. Есімдіктердің бұл жасалу жолы да бірқатар жұрнақтар қатысады. Олар есімдіктердің өзіне жалғанып, белгілі бір мағынары онан сайын айқындап нақтылай түседі. Сан жағынан алғанда, ондай жұрнақтар онша көп те емес.
  2. Құранды –а+у жұрнағы. Бұл жұрнақ, негізінен алғанда, сілтеу есімдікті сөздерге жалғанып, сілтеу мағынасы одан сайын айқындайтын болады: ан+ау, мын+ау, сон+ау. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұл есімдіктердің түбірі ол, бұл, сол есімдіктері болса керек.

Сонау есімдігінің де жасалу жолын осы негізде түсіндірген жөн. Ал осынау есімдігін – нау құранды жұрнағы арқылы жасалған деп білеміз. Осындағы н элементі арқылы басқа да сөздер өрбіп жатады: осынша, осынысы, осыншама.

  1. Ал енді сан есімнен проминализация жолымен жаслған біреу есімдігіндегі –еу жұрағын, жоғарыдағыдай, құранды түрде қарастырмай, бір-ақ қосымша деп санауымыз керек: үй сыртындағы басында қойға істеген қарақшыдай жәрбиып біреу отыр (Б. Майлин).

ша//-ше жұрнағы не, қан (й), бар сөздеріне жалғанып, сұрау және жалпылау есімдіктерінін туындатады: неше, қанша, барша.

Түркологияда не есімдігінің алғашқы түбірі нен болғандығы жайында да пікір бар. Бұған дәлел ретінде нендей сөзін келтіреді. Ал проф. Э.Р.Тенишев салар тілінде наң сөзінің не сұрау есімдігін білдіретіндігін айтады. Содан кейін садақ ату, күресу, тағы басқа неше түрлі ойындар болып кешкі отырыста кезек Нүрпейіске келді (Т. Жармағамбетов).

Тіліміздегі бірқатар есімдіктераналитикалық жолмен жасалады. Бұл ретте олардың бірігу, қосарлама айтылу және соз тіркесі құрамында қолданылу жолдары жатады. Аталған осы жолдардың аясы да есімдік құрамында онша көп кездесе бермейді. Бұлардың өзін іштей саралап көрсетсек, мынадай заңдылықтарды байқаймыз.

  1. Бірігу арқылы жасалған есімдіктер.

Есімдіктердің осындай жасалу жолында олардың белгілі бір түрі әр уақытта да сөздердің бірге жұмсалуына негіз болып тұрады. Осы негізде бір есімдік түбірден бірнеше біріккен тұлғадағы есімдіктер өрбіп жатады.Мәселен, бір еш сөзінен болымсыздық мәнднгі бірнеше есімдіктер туындайды; ешкім,ешқайда, ешқайсысы, ешқандай, ешқашан, ештеме, ешнәрсе, ешбір.

Қосарлана келген есімдіктер.

Қосарлана жұмсалған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Есімдіктердің қосарланған көпшіліктері үстеу айналып кетеді (анда –санда, онда- мұнда, өзді-өзі). Ал қосарлана есімдікі сөздер есім мағынасында қалса ғана өз табиғатын жоғалтпайды. Мұндай қосарлы есімдіктердің қатарына мына тәріздес сөздер жаиады: өзін-өзі, ондай-мұндай, онысы-мұнысы, кіммен-кім.