Сөзжасамдық тәсілдер.

1.Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олр: 1) синтетикалық (морфологиялық), 2) аналитикалық (синтаксиситік), 3) лексика-семантикалық тәсілдер.

Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмер атқаратын осы үш тәсілдің бәрі де – ертеден келе жатқан тәсілдер. Оларды үшке бөліп көрсеткенімен, әрқайсысының іштей өзіндік ерекшеліктері де бар.

Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа да бірнеше түде айтыла береді. Солардың ішінен балама есепті жиі қолданылатыны- морфологиялық тәсіл. Сөйтіп сөзжасам, байланысу т.б. амалдарда морфологиямен синтетика сөздері синоним болып жұмсалады. Бұл тәсіл одан әрі аффиксті немесе суффиксті түрі деп те айтылады. Қақ тілі мектеп грамматикасы мен оқулықтарындағы жұрнақ қосылу арқылы жасалған туынды түбір немесе туынды сөз делінетіндер де осы амалды білдіреді.

2.Синтетикалық сөзжасамның негізінде пайда болған бүтіндер де бірде туынды сөз, екінші бір жерде туынды түбір делінсе, олардың қай сөз табына тән екендігі ескеріліп, туынды зат есім, туынды етістік т.б. осы тәрізденіп, жеке-жек сөз таптары тұрғысынан ат тағылатын жағдайлар да бар.

Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау – сөзжасамның өте көне тәсілі және ол дүние жүзіндегі түрлі системалы тілдерге кең тараған.

3.Түркі тілдерінде де бұл тәсіл көне замандардан келе жатыр. Орхон жазба ескрткіштерінің тіліндегі мынадай күрделі сөздерді Ғ. Айдаров осы жазба ескерткіштердің лексикалық қоры ретінде келтірген. Олар күрделі сөздердің көне замандардан қоданылғанын білдірсе, екіншіден , күрделі сөздердің географиялық аиаулар яғни өзен, көл, жер, қала және кісі аттарында жиі кездескенін көрсетеді. Бұл жағдай аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың өзі түркі тілдерінде жер-су , кісі аттарынан басталған ба деген ой салады. Әрине, ол әлі де анықтауды, зерттеуді керек етеді, қалайда ол өте көңіл бөлелрлік жай. Қазіргі түркі тілдерінде де аналитикалық тісіл қолданылады.

4.Қазақ тілінде жалпы аналитикалық тәсілге жататын мынандай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту.

Сөзжасамның аффиксті және сөзтудырым тәсілдерінен басқа да жолдары бар. Ол – сөзжасамның лексико-семантикалық тәсілдері. Мұндай белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобынының қатарынан танылуға жол береді.Тіл білімінде мұндай құбылыс п р о н о м и н а л и з а ц и я деп аталып жүр.