Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы

1.Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу обьектісі бар. Бұл саланың обьектісіне сөз жасаушы тәсілдер, тілдік нұсқаулар, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтырды зерттейді.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан өтіп, өте жүйелі дәрежеге жеткен.

Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа жататыны белгілі. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш), сөздердің тіркесуі арқылы жасалады (Кунтуз, Ілтеріс, секіз он), сол сияты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады.

  1. Көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз тудырудың синтетикалық тәсілі блды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазір де синтетикалық тәсіл сөзжасада үлкен қызмет атқарады, тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай яғни сөз жасаудың жүйесі жұрнақтар арқылы толыққан.

Тілдегі сөз жасаудың көне тәсіліне жататын аналитикалық тәсіл де ғылымның, технианың өсуіне байланысты талай терминдердің жасалуына негіз болып, қызметі артты, актив тәсілге айналды. Мысалы: сірке суы, радио-хабар, таңдай безі, көркемөнер т.б. осылыр сияқты сөздер жасалып, тілімізді байытты.