Қазақ тілі сөзжасам жүйесі

) 1.Көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз тудырудың синтетикалық тәсілі блды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазір де синтетикалық тәсіл сөзжасада үлкен қызмет атқарады, тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай яғни сөз жасаудың жүйесіжұрнақтар арқылы толыққан.

Тілдегі сөз жасаудың көне тәсіліне жататын аналитикалық тәсіл де ғылымның, технианың өсуіне байланысты талай терминдердің жасалуына негіз болып, қызметі артты, актив тәсілге айналды. Мысалы: сірке суы, радио-хабар, таңдай безі, көркемөнер т.б. осылыр сияқты сөздер жасалып, тілімізді байытты.

2.Семантикалық тәсіл де тілдің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері бар. Бірақ бұл тәсілдің де өте активтенген кезеңі бары анық. Октябр революциясынан кейінгі алғашқы 40-50 жылдарда тілде бұл тәсілдің атқарған қызметі ерекше. Сөздің дыбыстық құрамын, тұлғасын өзгертпей , оның бұрынғы мағынасының үстіне тағы да жаңа мағына қосу, сол арқылы бір сөзге бірнеше сөздің қызметін атқарту тілде кең өріс алды. Мысалы: құн, одақ, таңба, тұлға, көрме, негіз, түбір,шығыс т.б. сөздердің де ғылымның түрлі саласында термин сөз қызметіндегі мәні мен мазмұны олардың тілдегі жай сөз ретіндегі мағынасынан өзгеше. Мұндай сөздер тілімізде қазір мол.

Тілдің сөзжасам жүйесі біршама тұрақты болғанымен, ол қатып қалған құбылыс емес. Қазақ тілінде Октябрь револбциясынан кейін аналитикалық тәсілдің көлемі ұлғайды, оған сөздерді қысқарту тәсілі қосылды. Октябрь револбциясынан кейін тілімізде күрделі атаулар көбейді, байыды, оны айтуда, жазуда ықшамдап қысқарту қажеттігі туды.

Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғаларға түбір сөз және қосымша жатады. Түбір тілде түрлі аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі тұлғалардың бірі ретінде толық зерттелді деуге келмайді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол – сөз жасамдағы негізгі тұлға.