Қалып етістіктері олардың сипаты мен қызметі

Адамзат атаулының қай- қайсысы болсын яжатқан я тұрған я жүрген я отырған жағдайда ұшырасады және олардың амал әрекеті сол аталған қалыптың бірінде жүзеге асады. Осындай табиғи күй жағдайлардың атауы есебінде жұмсалатын етістіктер қалып етістіктер деп аталады. Оларға жатыр тұр, жүр, отыр, етістіктері жатады. Біріншіден бұл төрт етістік (жатыр, тұр, жүр отыр) өзді- өзіне тән түрткілікті лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық лабараториялық формаларда түрленіп, синтаксистік қызмет түгел атқарып отыратын негізгі етістік есебінде қолданылады. (ат қорада тұр, сіз жүре беріңіз, сәби төсекте жатыр, үлкендер есік алдында отыр тб)

Екіншіден бір төрт етістіктің әрі жетекші етістік ретінде қызмет атқару қабілеттері де түрлену жүйесінде бірыңғай болғанымен олардың лексикалық мағыналары, басқа-басқа, мысалы Наизатасының басында бір кісі тұр, Найзатасының басында бір кісі отыр, Найзатасының басында бір кісі жүр. Найзатастың басында бір кісі жатыр дегендердей төрт етістіктің мағынасынан төрт түрлі қалып ашық түсініледі. Тыныш тұрған адам едім, тыныш отырған адам едім, тыныш жүрген адам едім,тыныш жатқан едім деген сөйлемдерде де қалып етістіктерінің амалдары орындары қызметтері бірдей болғанымен олардың сипатамалары басқа-басқа. Сондай –ақ Абызал сурет көріп тұр. Абызал сурет көріп жүр. Абызал сурет көріп отыр. Абызал сурет көріп тұр. Абызал сурет көріп жатыр десекте, суретті Абызал олбекть сурет амал процесі көр бәрінде де біреу-ақ, бірақ роцестің өту, қалыпты сипаты бөлек-бөлек екеуі соңғы етістіктерден айқын көрінеді. Қалып етістіктерінің семетикалық айырмашылықтары олардың жетекшілік қызметі ғана емес, көмекшілік қызметіне де не тежеп не парықсыз қолданбайтындай шетке қойады. Мысалы жаңбыр жауып тұр немесі жаңбыр жауып жатыр деуге де болады. Әрине екеуінің мағынасынан да туу процесінің жақында я алыста болуын білдіру жағынан айырмашылық бар . Деген мен, жаңбыр жауып тұр я жаңбыр жауып отыр деуге болмайды. Ендеше бұл етістіктердің қай жерде қолданылмау машығына қатысты ерекшеліктері ең алдымен олардың семетикалық сипатына байланысты.

Үшіншіден тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері әрдайым бұйрық райдың екінші жағына тән мағыналы білдіріп, сол қызметте жұмсалса қалып етістіктері әр бұйрық райдың екінші жағының айнасы түрі есебінде (сен тұр,сенатор, сен жүр, сен жат,) әрі ашық райдың үшінші жағының формасы есебінде қызмет етеді(ол тұр, ол отыр, ол жүр, ол жатыр)

Төртіншіден тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері жіктік жалғауда тікелей қабылдамаса, қалп етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдамаса қалп етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап нақты осы шақ қызметті атқара береді. Мысалы мен тұрмын, сен тұрсың. Осы ерекшелік олардың анаметикалық етістік құрамында көмекші болғандар да сақталады. Мысалы мен түстеніп тұрмын, сен күліп тұрсың.

Бесіншіден. Логикалық және практикалық талапқа қарай тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнақтары қосыла береді ол қалып етістіктерімен өзге етіс формалары жасалғанмен(отырғызды, жүргізді) здік етіс жасалмайды ( тұрғызды отырғызды емес)

Алтыншыдан тіліміздегі басқа етістіктердің негіздеріне толымсыз көмекші етістіктер жетіспейді. Ал қалып етістіктері негіздеріне бұл көмекшілер тіркесе береді. Мысалы тұр еді, жүр еді, отыр еді, жатыр еді, тұр екен, жатыр екен, жүр екне, (келе еді немесе оқы екен дейді) Бұл төрт етістіктің өздерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге бір жағынан ампл әрекеттің даму кезеңі( фазасын) өту сипстың білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан етістіктің нағызосы шақ катигориясын қарауға негіз болады.