Күрделі етістік

Қазақ тіл білімінде күрделі сөз проблемасы ертеден түрлі ғалымдардың зерттеу обьектісі болып келді. Күрделі сөздерді арнайы зерттеу түркологияда да қазақ тіл білімінде дебар.

Күрделі сөзө түркологиядағы өте ірі проблемаларға жатады, оның әлі шешуді керек ететін мәселелері де көп. Солардың біріне күрделі етістіктер жатады. Түркологияда күрделі етістік деген термин өте кең мағынада қолданылып, оған сырттай ұқсастығы бар тілдің түрлі фактілеті жатқызылып келеді. Мысалы, жәрдем, ет, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау сияқты түрлі типті сөздердің бәрін күрделі етістік деп тану түркологияда біраз уақыт орын алып келді.

Тілдің әрбір құбылысын зер сала зерттеу түркологияда кең орын алуына байланысты күрделі етістік деген терминге сыйғызылып жүрегн тіл фактілерінің ерекшелігі ашылып, олардың тілдің түрлі құбылысы екенін зерттеушілер дәлелдеуде. Түркологтар ең бірінші аналитикалық етістіктердің ерекшелігіг ашып қарауда. Бұл арада көптеген зерреушілердің бір пікірдеболғанын, тек оларды атауда, терминде түрлілік болғаныны ескерте кеткен жөн.

Бір топ зерттеушілер оларды құранды етістіктер, екінші топ күрделі етістік, үшінші топ нанлитикалық етістіктер деп атайды. Бұл зерттеушілердің бәрі де есім-көмекші етістік моделімен жасалған етістіктердің компоненттері етістіктерден жасалған күрделі етістіктерден ерекше екені дәлелденген. Соңғы кезде күрделі етістк құрамынан аналитикалық формаларды бөліп алудың қажет екені ғылыми тұрғыдан дәлелденді.

Бірде күрделі етістік, бірде тұрақты сөз тіркестері құрамында қаралып жүрген тіркестердің ерекшелігі арнайы зерттеліп,олардың тіл біліміндегі орны айқындалуда.

Ғалымдарымыздың соңғы кездегі ғылыми еңбектерінің бұл бағыттағы зерттеулерін ескере отырып, қазақ тілінің фактілерін зерттеудекүрделі етістікке сыйғызылып жүрегн тілдіңтүрлі құбылыстары , олардың әрқайсысының өзіндік белгілері бары айқындалады. Атап айтқанда олар мынадай: 1)күрделі етістік, 2)аналитикалық етістіктер, 3)тұрақты тіркестер, 4)аналитикалық формалы етістіктер т.б. Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктер – тілдегі біріне-бірі өте ұқсас құбылыстар. Тілдегі аналитикалық формалы етістіктер аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Мысалы: Ол ойыне толық айта алмады. Осы сөйлемде айта алмады – аналитикалық формалы етістік. Ол сөйлемде айтылуға тиісьі мүмкіндік моральділігін білдіру үшін қолданылады.Бұл, әрине, күрделі етістк емес. Осы етістіктің күрделі етістікке жатпай, аналитикалық формасына жатудың үлкен себебі бар. Олардың мұндағы модельділік мағыналары оны білдіретін тілдегі нақтылы көрсеткішті атауға болады.Аталған көрсеткіштегі алма көмекші етістігі өзінің лексикалық мағынасынан мүлдем айрылған, лексикалық мағынасы жоқ. Күрделі сөз жариясы бойынша күрделі сөз жасауға тек қана мағыналы компоненттер қатысады. Күрделі сөздің мағынасы лексикалық мағыналы компоненттердің мағынасынан шығады.

Дербес сөзге тіркесіп, оның лексикалық мағынасын өзгертетін, бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыратын аналитикалық форманттар сөз жасаушы аналитикалық форманттарға жатады.

Мысалы, жүрегінтолтырған қуанышты да, назды мұң мен толқынды ыстық ой да,барлық пердесіз, қытықсыз шынын, осы әнге табыс еткен. Бұл сөйлемдегі табыс еткен деген морфологиялық түйдекті алайық.Қазақ тілінде ол құранды етістік деп аталады. Өйткені мұнда есім сөзге тіркескен көмекші етістік оған қимыл мағынасын қосып, оны етістікке ауыстырады.Бұл құранды етістіктің синонимі – тапсырған деген дара етістік. Бұл дара етістіктің қимыл мағынасының тпбыс еткен деген құранды етістікпен синонимдігі ондағы көмекші етістік арқылы берілген, өйткені табыс деген зат есімде қимыл мағынасы жоқ.

Қазақ тілі мұндай сөз жасаушы аналитикалық единицаларға кедей емес, олар тіл құрылысынан белгілі орын алады. Бұлар синтетикалық единицалармен жарыса өқызмет атқаратын болғандықтан, оны синтетикалық тұлғаларға қарама-қарсы аналитикалыфқ тұлғалар арқылы сөз жасау деп қараған жөн.

Құранды етістіктер – етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуының нәтижесінде тілге қосылған етістіктердің үлкен бір тобы. Құранды етістіктер есім сөзге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылыжасалады дегенбіз Мысалы: Темір кереуетті сақыр-сұқыр еткізіп, әрі-бері аунап жатты. Келтірілген мысалды сақыр-сұқыр еткізіп деген құранды етістіктер қолданылған. Бұл құранды етістіктер ет көмекші етістігінің сақыр-сұқыр деген есім сөздерге тіркесуі арқылы жасалған. Етістіктің көмекші етістігі – құранды етістік жасайтын ең өнімді түрі.