Сын есімеің шырай категориясы

Сын есімнің шырайлары. Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де, шырай категориясы бар екенін және бұл категорияның сын есімді ерекшелейтін қасиет тіл мамандарының ешқайсысы теріске шығармайды. Алайда сапаның немесе қасиеттің қай дәрежеде көрініс табатынын білу процесінде шырайды таптастыру мәселесінен бір ауыздылық болмай дегенді айтады. Шындыққа келгенде, атау септігі деген септік те жоқ, бірақ өзге септіктердегі тұлғалық ерекшебліктерді ажырату үшін атау деп аталып, қалыптасып кеткен септіктің еш зияндығы жоқтығы әр кімге аян. Ендеше, сапаның, қасиеттің табиғи қалпын танытатын жай шырайдың барын мойындаған жөн. Ал басқа шырайлардың жайы басқа. Қ
ысқасы, біздің түсінігімізде қазір қазақ тілінің матриалына қарағанда, мынадай шырайлар бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

Жай шырайға арнайы тоқталудың қажеті бола қой мас, себебі, оның даралағыш морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл шырайдың негізгі қызметі – тлүбір күйінде барлық шырайға негіз болатын сын есімді танытуы.

Мәселен, биік дегенде белгілі бір заттың немесе хайуанаттың тігінен қарағандағы көлемі жайында ұғым аламыз, ал сол заттың немесе хайуанаттың сол деңгейден сәл аласа болуы немесе одан тым зорайып көрінуі, қалай болғанда да, осы сөзбен салыстыру арқылы білінеді. Дәл сол сияқтын, с тол үстіндегі қағаз қызыл делік. Екінші бір қағаз да қызыл көрінгенімен, дәл алғашқы қағаздың түсіндей әсер бермейді, демек, ол түстің тым ашықтығы немесе сәл де болса әлсіздігі (жетіңкіремей жатқаны) туралы сөз болғанда, бәрібір, алдыңғы қызыл деген сөз беретін ұғыммен салыстыра айтамыз. Сондықтан тұлғалық ерекшелігі болмаса да, жай шырайдағы сын есім басқа шырайдағы сөздердің мағынасын айыру үшін елеулі қызмет атқарады.

Салыстырмалы шырай. Заттың бір тектес сапасы мен белгісінің арасындағы сәл кем немесе саәл артықтығын білдіретін шырайды салыстырмалы шырай деп есептейді.

Салыстырмалы шырайдың тұлғалық көрсеткіші –рақ (-рек), -лау, (-леу), -дау (-деу), -тау (-теу), -ғылт, -ілдір, -шыл (-шіл), -қы (-кіл), -аң (-ең) жұрнақтары болып табылады.

Турашыл дос тұрақты. Сөз қаталдау, бірақ оның себі бар (орыс мақал – мәтелдері). Еркегі көбірек ауыл ат беретін түрі жоқ және жылқылары да шамалырақ, кедейлеу ел екен. өзі – денелі, ортадан биігірек бойлы, бетінен сақал – мұрты аз, көгіреңкі, қара сұр екен.

Бұл аталған жұрнақтардың алдыңғылары мүмкіндігінше көбірек қолданылады да, кейінгілері олардан сирек ұшырасады. Мәселен, -ғыш қосымшасы тек қана сары сөзіне жалғанады: сары – сарғыш. Сондай-ақ жұқа, қарт сөздеріне –аң (жұқалаң, қартаң, босаң) жалғанады, соған қарамастан, жұрнақтардың, түгелдей алғанда, жұмсалу шегі бар.

Күшейтпелі шырай. Шырайдың бұл түрінде заттың бастапқы, қалыпты сапасы күшейе түседі. Күшейтпелі шырайлы сын есімнің жасалуы да басқа шырайға ұқсамайды, дәлірек айтқанда, сынның күшейтіле көрсетілуінің морфологиялық сипатына келетін болсақ, тек еселеме буынды болып отырады: үп – үлкен, қап – қара, ап – айқын, жап – жасыл, ып – ыстық, біп – биік т.б. Мысалы: Зембілде жатқан Николай Васильевичтің жүдеу жүзі құп – қу болып кетіпті. Сақалының әрбір қылы айғырдың қылындай болу керек, қырған жалпақ иегі қап – қара, қара көк екен.

Асырмалы шырай. Бұл шырайдағы сын есім заттың алғашқы, қалыпты сапасын тым асыра, көтере немесе кеміте көрсету үшін жұмсалады.

Көп жағдайда жай шырай түріндегі сын есімнің алдында аса, тым, өте сияқты үстеулер келіп отырады: аса қымбат, өте ауыр, тым биік т.б. Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл (орыс мақал – мәтелдері). Сенің Айтжанның тым сыпайы ғой, бабаңды білмеген шығар.