Сын есім лексика-грамматикалық сипаты

Заттың, нәрсенің белгісін, қасиетін білдіретін сөз табын сын есім деп атайды.

Ақылды үйренуге құмар,ақымақ үйретуге құмар. Дерттімін деп дерттіге айтпа.

Келтірілген мысалдардағы сын есімдер белгілі бір адамның тұрақты қасиеттерін білдіреді.

Сын есім лексика-семантикалық және морфологиялық сипаттарына қарай қатыстық сын есім және сапалық сын есім деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Сапалық сын есімдер. Заттың, нәрсенің, құбылыстың тұрақты қасиеттерін білдіретін сын есім сапалық сын есім деп аталады: Адал достық алтыннан да қымбат. Өмір, өмір, өмір жолы күйбелең, Күнделікті таусылмайды күйбелең (С.М.).

Сапалық сын есімнің өзіне тән, демек, сын есімнің екінші түрі- қатыстық сын есімнен өзгеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, сын есімнің бұл түріне жататын сөздер шырай формасына өзгеріп отыруға бейім: жақсы- жақсырақ-жақсылау-өте жақсы-жап-жақсы. Екіншіден, мұндай сын есімдер өзара антонимдік қатынас жасайды: жақсы-жаман, жоғары-төмен, жомарт-сараң т.б. Үшіншіден, бұл тәріздес сын есімнен абстрактілімағыналы зат есім жасауға болады: жақсы-жақсылық. Жаман-жамандық т.б.

Тілдің ұлттық ерекшелігіне байланысты түске қатысты сын есімнің қолданылуы әр түрлі болып келеді. Айталық, түсі, бір қарағанда, қызыл көрінгенімен, малға байланысты түрлі-түрлі сөздер қолданылуы мүмкін: Қызыл сиыр, бірақ жирен ат (жирен сиыр емес).

Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есім заттың, нәрсенің қасиетін тікелей емес, басқа заттарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге қатынасы арқылы білдіреді.

Терезені қағады көктем, Жаңбырлы саусақтарымен (С.М.)

Қатыстық сын есім болатын сөздердің заттарға қатынасы түрлі-түрлі болып келеді, мекен, қонысты білдіреді: Астаналық студент, ауылдық дәрігер; орынды көрсетеді: алдыңғы бөлме, үстіңгі қабат; оқиғаның болу иезгілін танытады:кешкі спектакль. Түскі тамақ;мерзімді аңғартады: апталық жоспар; адамға тән белгіні білдіреді: жігіттік намыс т.б.

Қатыстық сын есім белгілі бір заттың, адамның немесе басқа құбылыстың белгісін қалай болса солай білдіріп қана қоймайды, соларға тән тұрақты қасиеттерді бейнелейді. Сондықтан сын есімнен басқа сөздермен алмастырғанда да, әлгі қасиеттер байқалып отырады.:ауылдық дәрігер-ауылда істейтін дәрәгер, кешкі спекткль- кешке болатын спектакль.

Қатыстық сын есім болатын сөздер өздеріне қатысты сөздермен матасу арқылы байланысады: кварталдың жоспары, аптаның жоспары, жігіттің намысы. Мұндайда өзіне тән аффикстің болмауына байланысты сын есім болуға тиісті сөздер зат есі қызметін атқарғанымен, ол екі сөздің байланысы анықтауыш пен анықталуышы сөздің байланысы күйінде сақталады.

Көркем әдебиетте морфологиялық қолданыстың көп болуына сай қатыстық сын есім заттың тұрақты емес, тіпті оған тән емес қасиетін танытуы мүмкін, Мәселен, жоғарыда келтірілген С. Мауленовтің өлеңіндегі көктемнің жаңбырлы саусақтары деуі тек қана бейнелілік үшін қажет. Саусақтың жаңбырлы болатыны белгілі, бірақ саусақтарды жаңбырға телуі-поэзия жолдарына лайық.

Қатыстық сын есімдер зат есі, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ жалғану арқылы ғана жасалады. Демек, түбір күйінде кездеспейді, тек қана жұрнақтың көмегімен сын есім болуы-қатыстық сын есімнің ең басты морфологиялық белгісі.

Шырай категориясы сапалық сын есімдермен тығыз байланысты болғанымен, қатыстық сын есімдердің шырай категориясының жұрнақтарын жалғайтын кездері болада немесе шырай категориясына сәйкес түрленеді: көрікті-көріктілеу-өте көрікті