Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар

Лексикалық мағаналық жағынан жаңа сөз тудырмай сөздерге әр қилы эмоциялық әсер экспрецивті рең беретін қосымша семантрикалық мағаналар ғана жамайтын жұрнақтар бар. Олар зат есімнің ішкі категориялық формалары. Демек зар есім ренк мәнін тудыратын жұрнақтар. Зат есімнің ренг мәнін тудыратын жұрнақтары жалпы есімдері де, жалқы есімдері де қамтиды.

Мыс: Жөкей көкенің Солтүстік қабағында Аюлы дейтін бір кішкене тау сымақ бар. Бір көлшікте жасаған балықтар өсіп өніп көбейген кезде суы тартылып көлшік қурай бастапты. (ертегіден) Әдебиетте де, ауыз екі тілде де еркін қолданыла беретін ағажан, әктай, сәулетай тағы басқа сияқты сөздердің лексикалық мағаналарында аға, құрбы, әке,сәуле сөздерінен алшақтарлықтар айырмашылық болғанымен сөйлеушімен тыңдаушыға айту мәнгері жағынан да оларды бірдей деуге болмайды. Сөйтіп ренк жұрнақтары еркелейту, кішірейту силау я құрметтеу, Ұлғайту не үлкейту, ткелемеждеу я мысқылдау тәрізді мәндерді білдіреді. Олардың кей біреулері қабаттасып та қолданывлады.(ағай — әкетай) Кейбіреулері өздерінің бастапқы мәндерінен я жартылай (бөлімше, құдаша, кішкентай) я бүтіндеи айрылып, (жеткіншек, ірімшік, талшық, бүркеншік) сол жалғаннан, сөздерден бөлінбейтіндей болып кеткен. Бұл жұрнақтардың өнімдерінің сипаттары төмендегідей.

  1. -Еке – қа-ке. Жалпы ин жалқы есімдерге жалғанып сылау, құрметтеу, үлкен тұту сияқты мағыналық ренттерді үстейді. Өзі жалғанатын кейбір сөздердің толық түрлеріне тікелей тіркеспей соңғы дыбысы соңғы бір және бірнеше буыны түсіріліп барып жалғанады. Мысал: ағ-еке, шеш-еке, әпке, жездеке.
  2. -И жұрнағы негізінде туыс атауларына жалғанып оларға силау, құрметтеу, үлкен тұту мағынасын қоғады.Мыс: отай, ағай, әкей, шешей. Бұл қосымша қазіргі әдеби тілімізде тек жақын туыс атауларының аясында қалмай, алыс-жақындығына қарамай құрмет тұтатынын, жақын адамдарға қолданыла береді.
  3. -тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, оларға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сияқты қосымша мағына үстейді. Мыс: ағатай, әкетай, жеңгетай.
  4. -жан жұрнағы көбіне адамзатқа қатысты бір алуан сөздерге және кісі аттарына жалғанады да оларға әрі еркелету әрі кішірейтіп ренкін жамайды. Мыс: Еркежан, Аружан, т.б.
  5. -Қан, — ақан жұрнағы өнімсіз болғанымен еркелету кішірейту ренкін білдіру үшін бір сыпыра сөздерде қолданылады. Мыс: ботақан, қошақан т.б.
  6. — Қай, — кей өнімсіз форма. Балақай, саусақай, шешекей бірлі жарым сөздерде ғана жалғанады. Иттің ұлы итақай дегендегі қай формасында Мұсақай, Сәрсеқай деген кісі аттарындағы қай- кей элементтерінде кішірейту формасымен айтылған.
  7. -шақ- шек формасы. Амонимдік қосымша. Бұл жұрнақ есім сөздерге жалғанып оларға кішірейту еркелету мағынасын істейді Мыс: інішек.
  8. -шық-шік, бұл жұрнақ шақ, шек жұрнағының қысаң түрі болып есептеледі. Бұл форма етістікті жалғанып туынды зат есім тудырады (бүршік, бүкешік)

Сонымен қатар ол есімдерге жалғанады. (төбешік, түйіршік) және етістіктің граматикалық формасы ретінде (ұшық,түршік) қолданылады. Зат есім жалғанғанда кішірейту және еркелету мағынысы үстем.

  1. -ша,-ше формасы зат есім жалғанып туынды үстеу, (балаша, балықша) жасайды да, сондай –ақ зат есім жалғанып кішірейту мағынасы үстейді. Мыс: көрпеше, жүрекше, күрекше, кітапша т.б.
  2. — Ш кісі аттарына және бір алуан жалпы есімдерге жалғанып оларға кішірейту, еркелету, аялау тәрізді қосымша мағына жамайды. Бірақ кісі аттарына сондай-ақ кейбір жалпы есімдерге қосылғанда олардың толық түрлеріне тікелей тіркеспе я соңғы дыбысы, я соң бір немесе бірнеше дыбыстары түсіріліп барып жалғанады. Мыс: Фатимаш, Мұқаш т.б.
  3. -Сымақ формасының өзге жұрнақтардан айрықша бір ерекшелігі сөзді я оның соңғы буынының жуан не жіңішк болуына қарамай үнемі жуан қалпын сақтап отырады. Бұл жұрнақ өзі жалғанатын зат есімдерге қомсыну, кекету, оқуды сынау тәрізді салыстыру мағынасын үстейді Мыс: ақынсымақ, білгіш сымақ, таусымақ т.б.
  4. -Шығаш, шігеш. Ол өзі жалғанатын сөзге кемеліне келменедікті және белгілі бір сатыға я қалыпқа жетпегендікті білдіретіндей қосымша мағына үстейді. Оның мағынасын – сымақ қосымшасымен синонимдес деуге болады. Мыс: Байшігіш, Батыршағаш, ершігіш.
  5. –Екеш, -егеш. Бұл жұрнақ категориясы ретінде қалыптасып кетпеген жұрнақпен сөз категориясы арасында тұрған форма. Бұл форма есім сөзбен тіркесіп оған қомсыну, менсімбеу кемтүту, сияқты мағыналық ренг жамайды. Мыс: Тас екеш тас та өзгереді. Ит екеш ит те егесін таниды.