Ф. де Соссюрдіқ тіл біліміне қосқан үлесі

Ф. де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып шықты. Кітап де Соссюрдің өмірінің соңғы 5—6 жылдары ішінде Женева университетінде оқыған лекцияларынан жазылған конспектілер негізінде құрылған. Оны құрастырушылар — де Соссюрдің шәкірттері француз лингвистері А. Сеше мен Ш. Балли.

Кітап көп ұзамай-ақ европа халықтарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.

1976 жылы профессор Александр Александрович Холодовичтің редакциясымен де Соссюр еңбектері «Труды по языкознанию» деген атпен орыс тілінде жарияланды. Бұл басылымға де Соссюрдің орыс тілінде 1933 жылы жарық көрген «Жалпы лингвистикалық курсы» қайта жөнделіп енгізілумен қатар, орыс тіліне бұрын-соңды аударылмаған бірсыпыра негізгі еңбектері де қосылған.

Де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін кіріспеден, бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі «Жалпы принциптер», 2-бөлімі «Синхрондық лингвистика», 3-бөлімі — «Диахрондық лингвистика», 4-бөлімі «Географиялық лингвистика», 5-бөлімі «Ритроспективтік лингвистика мәселелері» деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.

Де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1900-1912 жылдар арасында ол бағытынан қол үзген.

  1. Де Соссюр көтерген және өз көзқарасын баяндаған проблемалар көп, солардың бастылары қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

/. Лингвистиканың объектісі. Зерттейтін негізгі объектісі жөніндегі мәселе қай ғылымның болса да ерекше мән беретін негізгі тақырыптарының бірі. Бұл тіл білімі үшін де тап сондай мәселе. Лингвистика тарихында бұл мәселеге көңіл аудармаған ғалым, мектеп кемде-кем. Бұған де Соссюр де аз көңіл бөлген жоқ. Ол даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объекті бола алады. Тіл білімінің міндеті — таңбалар жүйесі болып есептелетін тілді «өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу», оның ішкі құрылымын, жүйесін айқындау дегенді айтады. Де Соссюрдің «тілді өзімен өзін және өзі үшін зерттеу» деген тұжырымы кейінгі замандағы кейбір ғалымдардың бір жақты кетуіне, тілді айналадағы дүниеден біржола бөліп алып, тек өзімен өзін ғана зерттеумен әуестенулеріне себепші болды.

Де Соссюр тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау керек, бұл екі құбылыстық тілдік механизмді айқындауда мәні ерекше. Зерттеу ісінде бүтіннен бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады.

«Тіл білімі,— дейді де Соссюр,— тілді таңбалар жүйесі ретінде зерттейтіндіктен, ол — семиотикалық ілім, қоғам өмірінде қолданылатын таңбаларды зерттейтін әлеуметтік психологияның бір саласы болмақ». Бұл саладағы де Соссюр қосқан жаңалық — лингвистиканы тілдің таңбалық жүйесін, ішкі құрылымын, грамматикалық жүйесін зерттейтін ілім деп жариялауында.

  1. Тіл қоғамдың құбылыс. Тілдің қоғамдық сипаты, әлеуметтік мәні туралы де Соссюрге дейін де талай айтылған, бірақ де Соссюр оны жаңаша, өзінше түсіндіреді. Ол тілдің қоғамдық құбылыс екенін мойындап қана қоймайды, оны өзінің бүкіл концепциясына негіз, өзек етеді, барлығын содан таратады. Тілдің өзіндік сипатын сөз еткенде де Соссюр: қызметі жағынан алғанда тіл коммуникативтік те, экспрессивтік те қызмет атқарады, бұл екеуінің ең маңыздысы — алғашқысы. Тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды. Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейтін дербес ғылым болу керек, ол сыртқылингвистика деп аталу керек дейді.

3.Тіл таңбалар жүйесі. Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу де Соссюрден басталады. Де Соссюр тілдік элементтердіңматериалдық және идеялық жағы болады, бұлардыңбіріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дегенді айтады.

Де Соссюр «Тіл — идеяны білдіретін таңбалар жүйесі, оны өмірде қолданылатын басқа әр алуан таңбалармен қатар қоюға», жазумен, мылқауларға арналған әліппемен, символикалық әдет-ғұрыптармен, әдептілік, сыпайыгершілік формалармен, әскери сигналдармен, тағы басқалармен салыстыруға болады.

Таңба өзі білдіретін идеямен емін-еркін және шартты қатынаста болады. Емін-еркін болатын себебі таңбаланушы таңбалаушының мәнін ашып бере алмайды. Бірақ таңба мен таңбаланушы арасындағы қарым-қатынас емін-еркін болғанымен, ондай еркіндік таңбаны қолдаушыларда болмайды, олар таңбаны өз қалауынша өзгертіп, қалай болса солай қолдана алмайды, сол тілде сөйлейтін адамдарға, коллективке белгілі, қалыптасқан мағына, орныққан тұлғада ғана қолдана алады дейді. Де Соссюрдің социологизмі де осында.

  1. Ф. де Соссюр көтерген төртінші проблема «Тіл және сөйлеу мәселесі». Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу — тілді қолданудың нәтижесі, ол — индивидуалдық, ал тіл — қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежедеміндетті,өзара байланыстытаңбалардың жүйесі. Тіл — әлеуметтік сипатқа ие дейді. «Тіл мен сөйлеуді бөлу арқылы,— деп жазадыдеСоссюр,— біз әлеуметтікті индивидуалдықтан,негізгінікөмекшіден, кездейсоқтан бөлеміз… Сөйлеуде коллективтікештеме де жоқ, ол түгелімен индивидуалдық». Де Соссюр сөйлеу құбылыстарын зерттейтін ілім — сөйлеу лингвистикасы. Ол — екінші дәрежелі ілім, оның қарастыратыны индпвидуумдар сөйлеулерінің психофизикалық жақтары дейді.

Тіл мен сөйлеуді бір-бірінен бөліп қараудың ғылыми мәні бар, бірақ бұл екеуін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Сол сияқты, сөйлеудегінің бәрі таза индивидуалдық деу де асырып айтқандық. Әрбір сөйлеуші индивидуум қоғамдық тілдегі бар материалдарды ғана пайдаланады. Мұндағы даралық сол материалдарды іріктеп, екшеп алудан, лайықты жерге орналастырудан көрінеді.

  1. Ф. де Соссюр қарастырған тағыбір проблема — ішкі лингвистика мен сыртқы лингвистика. Де Соссюр сыртқы лингвистика тілді қоғам тарихымен,мәдениет тарихымен, саясатпен, әдебиетпен, географиялық мекен-жаймен, диалектілік жіктермен т. б. байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір суруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. Сыртқы лингвистика тіл жүйесінің ішкімеханизмінтүсіндіре алмайды, оған қатынасы жоқ. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тән ішкі мәселелерін, өзіндік ішкі заңдылықтарын зерттейді. Бұларды айқындау үшін тілдіңөмір сүружағдайларын,оның дамуына себепші, түрткі болған шарттарды білу міндет те, шарт та дейді. Сөйтіп, де Соссюр лингвистиканың бұл екі саласын бір-біріне қарсы қояды және бұл екеуінің арасында қажетті, тікелей байланыс жоқ деп санайды.

Тілдің өзіндік құрылымына тән ішкі мәселелермен қатар оған күшті әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы құбылыстардың да болатыны даусыз. Бірақ ол екеуін бір-бірінен бөліп тастау да, біріне-бірін қарсы қою да дұрыс болмайды. Тіл білімі үшін тілдің өзіндік құрылымын, ішкі жүйесін зерттеу қандай қажет болса, тілге әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы жайттерді зерттеу, білу де сондай қажет. Өйткені тілдің ішкі құрылымындағы көптеген құбылыстардың кейде одан сыртқы, яғни экстралингвистикалық жайттардың әсерінен болып жататындығы талассыз. Осы тұрғыдан алғанда де Соссюрдің тіл білімінің міндеті «тілді өзімен-өзін және өзі үшін ғана зерттеу» деуіне қосылуға болмайды.

  1. Де Соссюр тілдің жүйесі жөніндегі проблеманы да ерекше сөз етеді. Ол: тіл — барлық элементтері бірігіп бір бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар — сол жүйенің құранды элементтері. Жүйе элементтерін оларды біріне-бірін қарсы қойып қарау арқылы айқындауға болады. Сол арқылы тілдік таңбалардың мән-маңызы, ролі танылады. Тілдік таңбалар, яғни жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. Тілдің өзіндік құрылымы бар жүйелі объекті екені де Соссюрге дейін де сөз болған. Ол туралы В. Гумбольдт та біраз пікір айтқан. Бірақ де Соссюрдің олардан ерекшелігі ол тіл жүйесі проблемасын лингвистиканың ең өзекті объектісі деп санады, оны өзінің басқа бірсыпыра концепциясының тууына негіз етті. Бұл саладағы оның ең бір жағымды да маңызды ісі — тілдің қазіргі күйін, оның жүйесінің қазіргі функциясын жан-жақты және терең зерттеуді талап етуі болды. Қазіргі тіл білімінде тілдік жүйе, құрылым деген мәселелер ең елеулі проблемалар қатарында қаралып жүр.
  2. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері. Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.

Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді. Тілдің ішкі механизмі дейтініміз — тілдік жүйе. Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді. Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ. Ол тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория. Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір-бірімен логикалық, психологиялық қарым-қатынастарын талдайды.

Сөйтіп, де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды. Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек-бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды. Лингвистердің басым көпшілігі де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды.

Де Соссюр қойған және өзінше шешкен бұл мәселелердің қай-қайсысы да XX ғасыр лингвистикасы дамуының талап-мүдделеріне толық сай келді. Бұлар күні бүгінге дейін тіл білімінің өзекті мәселелері ретінде қаралып келеді.

Лингвистика тарихында тіл білімінің ілгері дамуына дәл Ф. де Соссюрдей ықпал жасаған лингвист ғалым аз. Дегенмен оның концепцияларының бәрі бірдей мінсіз де емес, еңбектерінде қайшылықтар да, қате тұжырымдар да бар. Тіл субстанция (мән, мағына) емес, таза форма дейтін тезисі кейінгі кезде тілдік элементтердің мағыналық жағынан мән бермей, оны лингвистика объектісі емес деп санаған теріс көзқарастарға негіз болды. Синхрондық зерттеуге ерекше мән беруі біраз ғалымдардың тарихи зерттеуді елемеуіне, оны қажетсіз деп санауына жол ашты.

  1. Қателіктері оның басшылыққа алған философиялық көзқарасынан туындайды. Ол материялдық дүниенің объективтілігін мойындамайтын, сананы алғашқы, материяны соңғы деп санайтын, XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезіндегі француз идеалистік философиясының өкілі Эмил Дюркгеймнің идеалистік концепциясына сүйенген.
  2. Франция социологиялық мектебінің тағы бір көрнекті өкілі — Франция мен СССР Ғылым академиясының академигі, үнді-европа салыстырмалы тіл білімінің маманы, профессор. Антуан Мейе өте көп еңбек жазған адам (24 кітап, 500-дей ғылыми мақала). Солардың ішінде оның лингвистикалық концепцияларын толығырақ көрсететіні — «Үнді-европа тілдерін салыстыра зерттеуге кіріспе» деген кітабы. Бұл еңбек орыс тілінде бірнеше рет басылып шықты. Орыс тілінде «Тарихи тіл білімі және жалпы тіл білімі» деген атпен 1938 жылы мақалалар жинағының екі томы жарық көрді. Тілдің әлеуметтік құбылыс екендігін мойындап қана қою аз, оны тілдің өзіндік мәнін ашуға негіз ету керек, өйткені онсыз тілдің табиғатын түсіну мүмкін емес дейді.

А. Мейе тілдің әлеуметтік мәні жөніндегі өз тұжырымдарын сөз мағынасында болатын құбылыстар арқылы да дәлелдей түседі — сөз мағыналарының түрленуін тілдің шкі құбылыстарынан немесе психологиялық процестерден ғана іздеу жөн емес, онын ең негізгі себебі қоғамдық факторларда, жалпы тілдің болсын, оның жеке элементтерінің болсын өзгеріс-құбылыстарын дұрыс түсіну үшін қоғамдық-әлеуметтік факторлардың тілге тіиізетін әсерін естен шығармау керек дегенді айтады. Бірақ бұл мәселеде бір жақты кетпеді, тілдегі болатын өзгеріс-құбылыстарғаішкітілдік себептердің тигізетін әсерін де ескереді. А.Мейе болсын, оның шәкірттері болсын өздерінің ұстаздары Ф. де Соссюрдің ізімен тіл — әлеуметтік құбылыс, ол қатынас кұралы, сондықтан тіл коллектив табысы, оның өзгерісі индивидуумға тәуелді емес, индивидуум коллективке тәуелді, ол тілді қолданғанда коллектив мүшелеріне түсінікті болуын көздейді, басқаға түсінікті болу міндеті — индивидуумның тілді қолданғанда бетімен кетпеуін қамтамасыз етеді деген принципке сүйенеді.

Осындай құнды пікірлермен қатар А. Мейе концепциясында кемшіліктер де жоқ емес. Ол тіл құрылысындағы өзгерістер негізгі қоғамдық құрылыстағы өзгеріске тәуелді деп қарайды да, тіл білімін социологияның бір саласы деп санайды. Тіл біліміндегі психолингвизмді ашық мақұлдамағанымен, өзінің басшылыққа алған ілімі — қоғам дамуыньң қозғаушы күші психология деп есептейтін социолог Дюркгеймнің концепциясы болғандықтан, А. Мейені де психологизмнен біржола қол үзді деу қиын.

Француз социологтарының А. Мейемен қатар еңбек еткен екінші көрнекті өкілі Мейенің шәкірті, Париж университетінің профессоры, классикалық және кельт тілдері маманы Жозеф Вандриес. Ол де Соссюр мен А. Мейенің концепцияларын қолдаған, өз еңбектерінде соларды жүйелеп, талдап түсіндірген ғалым. Ж. Вандриес социологиялық принциптерге сүйене отырып, өз бетінше де бірсыпыра тың мәселелер көтерді.

Ол, тіл қоғамда туған, адамдар бір-бірімен қатынаста қажет еткеннен бастап тіл де дүниеге келген, тілдің әлеуметтік ролін зерттеу арқылы ғана оның не екенін түсінуге болады дегенді айтады. Ж. Вандриестің лингвистикалық концепциялары оның орыс тілінде бірнеше рет басылған «Тіл» дейтін еңбегінде жүйелі, түсінікті тілмен жақсы баяндалған.

Тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән беру бүкіл XX ғасыр лингвистикасының басты бір белгісіне айналды. 20—30-жылдардан бастап социологиялық лингвистика мәселелерімен Прага лингвистикалық мектебі де айналысты. Ол бұл мәселені әдеби тіл теориясына, әдеби тіл мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасқа байланыстыра сөз етті.

Тілдің әлеуметтік мәнін айқындау ісіне неміс, Америка лингвистері де өз үлестерін қосты. Немістер социолингвистика мәселелерін диалектология, диалектография мәселслерімен ұштастыра қараса, американдықтар оны антропология, этнография мәселелеріне байланысты сөз етеді.

Тілдің әлеуметтік мәні совет лингвистикасында «тіл және қоғам» деген атаумен 30-жылдын бас кезінен бастап ден қойылып келеді. Бұл мәселеде совет лингвистері марксизм классиктерінің қағидаларына сүйенеді. Тілдің қоғаммен байланысын жан-жақты талдаған совет ғалымдары Р. О. Шор, Е. Д. Поливанов М Н. Петерсон, Л. Я. Якубинский, В. М. Жирмунскии, В. В. Виноградов, Н. Я. Марр, т. б.

Тілдің қоғаммен байланысы дейтін мәселе қазіргі кездегі лингвистиканың да маңызды объектісі. Бұл салада атқарылған істер де аз емес. Онда бүкіл дүние жүзілік лингвистиканың үлесі бар.

Психолингвистикадай емес, социолингвистиканың объектісіміндет-мақсаты бірсыдырғы толық айқындалған. Бұл салаға байланысты жазылған зерттеулерде социолингвистиканы тіл мен сөйлеу құрылымыныңқоғамға, адамдардыңәлеуметтік құрылысына өндіріспен экономикаға, қоғамды салт-сана мен идеологияға, мәдениет пен ғылымға қатынасы, солармен байланысы, олардың бір-біріне тигізетін әсерлері туралы ілім деп анықтайды.