Байырғы грек тіл білімі

  1. Ежелгі Греция, Римтіл білімі.Ежелгі дәуір лингвистикасының тағы бір отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой-пікір бүкіл Европа лингвистикасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф. Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргіЕвропа да болмаседі»,деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі V ғасыр шамасынан басталады.

Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда үнді тіл білімі мен грек тілбілімін туғызған себеп бірдей.

Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі — философиялық кезең, екіншісі — филологиялық кезең деп аталады. Бірінші кезең біздің дәуірге дейінгі V—III ғасырлар арасын қамтиды.

Бұл — грек лингвистикасы қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық түрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталды.

Ежелгі грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері — атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатыс жөніндегімәселелер.

Заттың өз атауына қатысы женіндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болды. Олардың Героклит бастаған бір тобы — атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы — зат пен оның атаулы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс — шартты, кездейсоқ байланыс деген дұрыс тұжырым жасайды.

Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның «Кратил» деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сездердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы, немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні — осылардыц барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.

Ежелгі грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы — тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың езара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысындыбысқаеліктеутеориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ, бірақ соған қарамастан құнды жағы бар: ол — тілді құдай жаратты дейтін діни көзқарасқа қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема — грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель — грамматика мен логика арасындағы қарым-қатысты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жәніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген сөйлемнің элементтері, ал сөйлем — есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі езгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикаттық қызмет атқарады, ал есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік — пайымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сездер осы екеуі төңірегіне топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді. Айтылғандарға қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.

  1. Бұл елдегі лингвистика өз дамуының ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді (Бұл — жыл санауымызға дейінгі 3-ғасыр мен біздің дәуірдің 4-ғасыры арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердің александрия мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі — грамматикалық ілімнің философия ның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін даму-дың жоғары сатысына көтерушілер — Аристрах (б. д. д. 200—і50 ж), оның шәкірті Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің эрамыздың II ғасыры) болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларың Апполоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен Ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Александрия грамматиктері тілдің дыбыстық жүйесін зерттеумен де айналысқан. Бірақ бұл мәселеде гректер үнділер жеткен деңгейге жете алған жоқ. Лексикология саласы да назардан тыс қалды.
  2. Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданды. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталды.

Аномалистер (Кратес Малос) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, анологистер (Аристрах Самофракийский) тілде анологияның ролі ерекше, тілдік элементтерде анология жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы күшті болады, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді. Анология мен аномалия туралы талас тілді тереңірек зерттеуге түрткі болды.

Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тілдеріне сәйкестендіріп қол-данудан аса қойған жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі — Варрон (жыл санауымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген), кейінірек Доната (4 — ғасырда) болады. Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар.

Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан Ежелгі Грек лингвистикасының әлсіз жақтары да мол еді. Тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау, алдыңғысын соңғысының мүддесіне бағынышты ету әрекеті кейінгі заманға дейін арылмай келді. Тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер де жете мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен басқа тілдерді тіл деп санамады. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактілеріне негізделді. Бұл — олардың лингвистикалық мәліметтерінің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең түжырымдар жасауларына мүмкіндік бермеді.