Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары

  1. Жүйе мен құрылымның ғылым объектісіне айналуы.

«Жүйе», «құрылым» деген терминдерді бұл күнде колданбайтын ғылым кемде-кем. Қазіргі заман ғалымдарының қай-қайсысы да, өз объектілерінің жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауды негізгі мақсат деп санайды. Көптеген көрнекті ғалымдар жуйелік құрылымдық зерттеу XX ғасырдың орта тұсындағы ғылымдар дамуының ең басты тенденциясы дегенді айтады.

Жалпы ғылым тұрғысынан алғанда, жүйе деп белгілі тәртіпте бір-бірімен тығыз байланыста, қарым-қатынаста тұратын элементтерден құралған біртұтас объектіні айтады. Жүйе құрамына енетін бөлшектер, түлғалар жүйе элементтері деп аталады. Жүйе элементтерінің бірлігі — әр түрлі бөлшектердің әлдеқалай бас косқан тәртіпсіз тобы емес, өзара жымдасып, берік бірлікте, шартты қатынаста тұратын ұйымдасқан тәртіпті бірлік.

Өз объектісін жүйелік, құрылымдық тұрғыдан зерттеу істерімен ғалымдар ертеден бастап-ақ айналысқан, өзге ғылымдарды былай қойғанда тек тіл туралы ғылымның өзін алсақ та, сонау көне заманнан бастап-ақ зерттеушілердің тілді фонетика, морфология, синтаксис т. б. салаларға жіктеп, әр саланы өз алдына қарастырғандары белгілі. Зерттеудің мұндай тәжірибелерінсіз тілді біртұтас жүйе, құрылым деп тану да мүмкін болмас еді. Алайда ол кезде объекті ұсақ элементтерге бөлшектеніп, әрбір элементтердің өзіндік қасиеттері жеке-жеке талданды да, элементтер бірлігіне, олардың арақатынастарына жете мән берілмеді. Жүйе, құрылым деген терминдердің өздері де әр түрлі мағынада түсінілді.

Соның арқасында тіл — элементтері бір-біріне тәуелді, шартты қатынаста тұратын біртұтас объекті деп саналмай, әр түрлі элементтердің кездейсоқ қосындысы, жинағы тәріздес болып көрінді. Бұлар сияқты олқыларды жоюға бағытталған алғашқы қадамдар өткен ғасырда басталғанымен, үстіміздегі ғасырға дейін баяу дамып келді. Тек XX ғасырдың орта тұсынан бастап объектіні жүйелік, құрылымдық бағытта зерттеу мейлінше кең етек алып, зерттеудің көпшілік таныған үстем бағытына айналды.

Дыбыс тілінің әр түрлі элементтердің кездейсоқ жиынтығы емес, бөлшектері бір-біріне тәуелді, өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын біртұтас, бір бүтін күрделі тұлға екендігін алғаш атап айтқан ғалым — В. Гумбольдт. Ол тіл — тілдің қай-қайсысында болса да, екі түрлі тұлға, сала болады: оның бірі тілдің сыртқы формасына жататын материалдық сала да, екіншісі — тілдің ішкі формасына жататын — идеялық жағы. Бұл екеуінің бірінсіз бірінде күн жоқ. Осы екі форма бірігіп іі.ідің құрылымын құрайды деген болатын. Бірақ тілдің өзіндік құрылымы, жүйелік сипаты туралы В. Гумбольдт жасаған тұжырымдарды бірден қолдап, іле дамытып кетушілер болмады.

Бұл мәселенің мықтап қолға алынуы, оны зерттеуді тіл білімінің басты міндеті деп санау — И. А. Бодуэн де Куртенэ мен Ф. де Соссюр еңбектерінен басталады. Жүйе, құрылым деген атаулардың тіл білімінде кең қолданылып, тұрақты ғылыми терминге айналуы да осы кез. Бірақ де Соссюр құрылым дегенді қолданбаған, тілдік жүйені ғана сөз еткен.

Де Соссюрдің ойынша, әрбір тіл — өзімен-өзі тұйықталып жатқан бөлек-бөлек жүйелер, ол жүйелер вяпрп тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын ар түрлі элементтерден құралады.Бұл элементтер,яғни тілдік жүйесі тек синхрондық күйде ғана қаралу керек, диахрондық зерттеу тілдің жүйелік сипатын бұзады, сондықтан тіл жүйесін зерттеуде оны қолданбау керек. Жүйе элементтерінің мәні оларды бір-біріне ұқсастыру я қарама-қарсы қоя қарау арқылы айқындалады. Тілдік жүйе дегеніміз — таңбалар жүйесі, элементтер қатынастарының жүйесі, – дейді.

Де Соссюрдің осы пікірлері жарияланған уақыттан бері қарай тілдің жүйелік сипатын сөз етпеген ғалым кемде-кем. Онымен шетел ғалымдары да, біздің ел ғалымдары да айналысып келеді, бірақ соған қарамастан тілдік жүйе, тілдің құрылымы дегендер — күні бүгінге дейін түбегейлі шешілмей келе жатқан проблемалар. Кейде жүйе, құрылым деген атауларды синонимдес сөздер ретінде бірінің орнына бірін қолданушылық та бар.

  1. Жүйе мен құрылым бірлігі және өзгешеліктері. Жүйе мен құрылымның арақатысына байланысты айтылып жүрген пікірлерді екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның бірі — бұл екі атаудың арасына шек қоймау, екеуін абсолют синоним ретінде қарау, болмаса екеуінің де мағынасын, ұғымнын қамтитын термин ретінде біреуін ғана пайдалану. Мұндай көзқарасқа бұл екі атаудың кейбір тіркестердегі мағыналастығы, бірінің орнына екіншісін қолдануға келетіндігі себепші болса керек. Екіншісі және көрнекті лингвистердің көпшілігі даусыз деп санайтыны — сөз болып отырған екі терминді бір-бірінен ажырату, оларды синонимдес атау деп санамау.

Тілдік жүйе, тілдік құрылым деген терминдердің өзара тығыз байланысты екенін, бірақ олардың тепе-тең еместігін, бір-бірінен езгешеліктері барлығын, тіл білімі үшін ол өзгешеліктерді анықтаудың қажеттігін Прага лингвистикалық мектебі өкілдері де айтқан. Олар тілдік жүйені тілдің құрылымы деген үғымға қарағанда кең мағынаны білдіретін, бүкіл тілдік фактілердің барлығының жиынтығына, бірлігіне қатысты ұғым ретінде қолдануды, ал құрылымды тілдік элементтердің тек қарым-қатынасына ғана қатысты, жүйенің айрықша бір бөлшегі ғана деп санауды ұсынады. Прагалықтардың бұл тұжырым-дары азды-көпті толықтырулармен совет тіл білімінде де қолданылып жүр.

Жүйе, құрылым дейтін атаулардың және бұлар арасындағы жақындық пен өзгешеліктердің ғылыми проблема ретінде біздің елімізде зерттеле бастауы елуінші жылдар ішінен бері қарай. Осы уақыт ішінде жүргізілгек пікірталастарының нәтижесінде сөз болып отырған проблемаға қатысты екі мәселе түпкілікті шешілді деуге болады. Олардың бірі — жүйе мен құрылымды өзара жақын, бірақ бірі-бірінен ерекшеліктері бар екі бөлек үғымның атауы ретінде қолдану, екіншісі — жүйені де, құрылымды да тілдік тұлғалардың бірліктеріне, арақатынастарына байланысты қарау мәселесі. Бірақ проблеманың ең күрделі мәселелері қатарына жататын бұл екі атауға анықтама беруде совет лингвистері арасында бір-біріне диаметралды қайшылықта айтылып жүрген пікір-лер күні бүгінде де бар: біраз ғалымдар тілдік жүйені элементтер қатынасы мен байланысы тұрғысында анықтаса, екінші топтағы ғалымдар оны құрылымға тән белгі деп есептейді т. б.

Жоғарыда Прага лингвистикалықмектебінің жүйе мен құрылыс арасында теңдік белгісін қоймайтынын, құрылымды жүйенің бір ғана саласы, бір ғана мәселесі деп қарайтынын айттық. Шынында да, солай. Ол тіл жүйесі құрамына енетін тұлғалардың арақатынасы, байланысы, жүйе құрылымы деген мәнді білдіреді. Осы себептен де С. И. Ожегов сөздігі мен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде структурақұрылымдегенді«Тұтас бір заттың ішкі бөлімдерініңөзараорналасуы»деп анықтаған. Ф. М. Березин мен Б. Н. Головиннің «Общее языкознание» атты оқулығында берілген құрылымды бүтін құрайтын элементтердің байланыстары мен қарым-қатынастарының жиынтығыдеп анықтауларыда алдыңғымен үндес. Сөйтіп, құрылым деп тілдік тұлғалардың арнаулы тәсілдер арқылы іске асатын байланыстарының арақатынастарының жиынтығын айтамыз. Басқашаайтқанда, жүйе элементтерінің бір-біріменқатынасы — құрылым деп аталады. Осы себептен де құрылымды жүйенің бір көрінісі, бір саласы деп есептейді. Ал тілдік жүйе дегенге біртұтас объекті деп есептелетін тіл құрамына енетін тұлғалар мен олар арасында болатын байланыстар жиынтығы жатады.

Тілдік жүйе құрайтын кесектұлғалар — фонетика, лексика, грамматика. Бұлар ғылымда ярус, уровень, немесе жүйе я құрылым элементтері деп аталады. Бұл элементтер бірлігі, белгілі тәртіпке, ретке келтірілген, біріне-бірі жалғасып, бірінен-бірі туындап өрбіп, ұлғайып жататын өзектес, әрістес, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын шартты қатынастағы біртұтас бірлік. Бұлар тіл деп аталатын тұтасқан күрделі бүтін объектінің жеке тармақтары. Өзара бірлікте тұратын бұл салалардың құрылымы жағынан да, атқаратын қызметі мен мән-мағыналары жағынан да бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар. Ондай өзгешеліктер тілдік тұлғалардың таңбалық сипаттарына байланысты алдыңғы тарауда айтылды. Соған сілтеме бере отырып, келесі назарды жоғарыда аталған типтік қатынас, байланыс дегенге аударайық.

  1. Типтік тілдік қатынастар. Тілді біртұтас жүйе дейтін себебіміз оның құрамына енетін элементтер белгілі тәртіпте сала-сала, жүйе-жүйе болып, ұсақтары бірлесіп кесек тұлғалар жасап немесе кесектері өздерінен төменгі элементтерге бөлшектеніп жататын ішкі тәртіптілігі, бір-бірімен сабақтастығы. Жүйе элементтері жүйе мүшесі ретінде жүйе құрамына еніп, өзі скяқты басқа тұлғалармен не тікелей немесе жанама түрде байланысқа, карым-қатынасқа түседі. Тілдік тұлғалар байланысының тілдерде кездесетін төмендегідей бірнеше типтік түрлері болады. Олар:
  2. Синтагмалық байланыс. Грек тілінен тараған бұл атау алғашқыда бір нәрселердің қосылуы, жалғасуы деген мағынаны білдірген. Қазіргі заман тіл білімінде ол тілдік элементтердің бір-біріне тіркесе жалғасуы дегенді білдіреді. Ал тіркесетін, жалғасатын элементтердің сипатын айқындауда ғалымдар арасында бірізділік жоқ: бірсыпыра зерттеушілер , фонемадан бастап, кұрмалас сөйлем компоненттеріне дейінгі “аралықтағы элементтердің барлығы да синтагмаға мүше бола алады деп, дыбыстың дыбысқа, (к-ө-л, с-т-о-л), морфеманың морфемаға (көл-шік, стол-ик), сөздің сөзге (алыс жол, новый учебник), сөйлемнің сөйлемге (жаңбыр жауып, жер көгерді) тіркесулерінің; барлығын да синтагмалық байланысқа жатқызады. Біраз, ғалымдар синтагмалық байланысқа тек толық мағыналы сөздердің өзара байланыстарын ғана жатқызады.

Қалай болған күнде де, мүшесінің сипатына қарамастан синтагмалық баланысқа кейінгісі алдыңғысына тіркесе жалғаса айтылатын я жазылатын элементтер байланысы жатады. Тілдік тұлғалар байланыстары ішінде синтагмалық байланыстың мәні ерекше. Тіл өзінің қатынас құралындық қызметін элементтердің синтагмалық қатынасы арқыры атқара алады. Сөйлеу, сөйлесу процестерінің барлығы да тілдік тұлғалардың синтагмалық байланыстары нәтижесінде іске асады. Синтагмалық байланыс — элементтер байланыстарының ең алғашқысы. Ол сөйлеуге тіл және тілдің құрылымдық элементтері байланыстарының бәрінде де болады. Синтагмалық байланысқа келетіндер бір тектес тұлғалар: морфема мен морфема, сөз бен сөз. Құрылымы, мағынасы, қызметі жақтарынан әртектес болып келетін тұлғалар синтагмалық байланысқа келе алмайды.Мысалы: дыбыс пенморфема, сөз бен сөйлем т.б.

Парадигмалық қатынас. Грек тілінен ауысқан бұл атау, мысал, үлгі деген мағынаны білдірген. Қазірде ол— бір тектес элементтердің тобы, класы деген мағынаны білдіреді. Парадигмалық топ құрамына енетіндер — мағыналық, құрылымдық, жақтарынан бірыңғай болып келетін тұлғалар: Мысалы, септік жалғаулар парадигмасы, фонемалар парадигмасы т. б. Парадигмалық топ құрамына класына өзара синтагмалық қатынаска келе алатын тұлғалар енеді. Мысалы, тілдегі барлық зат есімдер бірігіп бір парадигмалық топ құрайды, бірақ олар қосымшалармен біріге алмайды т. б.

Иерархиялық қатынас. Бұл әр тектес түлғалар байланысы деген мағынаны білдіреді. Қатынастың бұл түрі ұсақ парадигмалық топтағылардың өздерінен бір саты жоғары тұрған парадигмалық топпен байланысына негізделеді. Мысалы: дыбыстар материалдық көрсеткіш ретіңде; морфемалар құрамына енсе, морфемалар сөз құрамына, сәз сөз тіркесі немесе сейлем құрамына енеді. иерархиялық катынас арқасында тіл қабаттары бір-бірімен байланысқа келіп, біртұтас тілдік жүйе құрайды, сөйтіп, бүкіл тілдік механизм тұтасып қимыл жасайды. Иерархиялық қатынас мүшелері фонетика, лексика, яғни тілдегі ұсақ жүйе элементтері.