Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы әдеби дәстүр.

  1. Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 июльде Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосында туған. Жетісайлық мектепті бітірген соң «Жұлдыз» колхозында (қазіргі Сайрам ауданы,»Коммунизм» колхозының Бадам бөлімшесі) трактордың тіркеушісі, арнаулы механизаторлар курсын тамамдаған соң тракторшы, Шымкент цемент заводында бетоншы, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде Оңтүстік облыстар (Жамбыл, Шымкент, Қызылорда) бойыша меншікті тілші, Қазақ радиосында аға және бас редактор, Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте көркем әдебиет және оқу методика бөлімінің бастығы болып істеді. 1962 жылы орта мектепті, 1969 жылы Шымкент педагогтік институтын сырттан оқып бітірген. Қазір «Жалын» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының секретары.
  2. М.Шаханов бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Кейбір балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы» атты драмалық поэмалары Қазақтың мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды.

Мұхтар Шахановқа 1972 жылы «Танакөз» поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1982 жылы «Уақыт бедерлері» атты кітабы үшін Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

  1. М. Шаханов 1976-1983 жылдар аралығында Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы творчестволық Жастар Советінің председателі болды. Қазір СССР Жазушылар одағы Тексеру комиссиясының мүшесі, шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамының, Азия-Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің мүшесі, Әдебиет, өнер, архитектура және журналистика саласындағы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтары жөніндегі комиссияның председателі.

М.Шаханов «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен наградталған.