Сырбай Мәуленов шығармашылығындағы әдеби дәстүр

  1. Сырбай Мәуленов 1922 жылдың 17 сентябрінде Торғай облысының Жанкелдин ауданында туған. Алғаш мектеп есігін туган жерінде ашқан. Содан кейін Қызылордада оқығаи. 1940 жылы Қызылорда педагогика институтының екінші курсынан Армияға алынған. 1942 жылдың июнінен бастап, майданда болған. Соғыстан Жарадар болып қайтқан.

1943 жылдан 1950 жылға дейін Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет істеген. 1944 жылдан партия мүшесі.

  1. Республикалық көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында кеңесші болған, Сырбай Мәуленов республиканың әдеби газеті — «Қазақ әдебиетінде», әдеби журналы «Жұлдызда» көп жылдар Бас редактор болды. Қазақстан Жазушылар одағы партия ұйымының секретарлығына екі рет сайланды. Төрт рет Алматы қалалық советіне депутат болды. Арқалық қаласының ардақты азаматы. Қазір творчестволық жұмыста.

Ақын алғашқы өлеңдерін 1937—38 жылдары бастыра бастады. Оның бірінші жинағы 1948 жылы жарық көрді. Бірқатар жинақтары Орталық баспалар — «Советский писатель», «Художественная литературада» басылды.

  1. Ақынның кітаптары туысқан өзбек, тәжік тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді. Жеке өлеңдері чех, венгр, испан, ағылшын, француз, неміс тілдеріне жарияланды.

Сырбай Мәуленов Шеллидің, Шиллердің, Беранженың, Байронның өлеңдерін аударуға белсене қатынасты. Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Маяковскийдің бірқатар өлеңдерін аударды. Александр Блоктың атақты «Он екі» поэмасын аударды. Бұл поэма бірнеше рет жарияланды.

Сырбай Мәуленов «Ерлігі үшін», басқа да көптеген медальдармен, Отан соғысының I дәрежелі, «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар Достығы» ордендерімен , құрмет грамоталарымен наградталған.