Шерхан Мұртаза шығармаларындағы әдеби дәстүр.

  1. Шерхан Мұртаза қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгерлердің бірі. Ол өзінің алғашқы әңгімелерінен бастап –ақ , қара сөздің, яғни прозаның қас шебері екендігін анық байқатты. Оның “Қара маржан”атты повесі оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алды. Жазушы өз шығармаларында көркемдік тәсіл- реализмді пайдалана отырып, өмірді және кейіпкерлерді шынайы суреттеуге ұмтылды. Қазақтың арыстарының бірі, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірін бейнелейтін, қоғамдық қызметін айқындайтын “Қызыл жебе” атты көркем туындыны дүниеге әкелді.

Жазушы сондай –ақ , драматургия саласына да қалам тартты. Сондай туындылардың бірі – “Сталинге хат” атты пьесасы. Пьесада кеңестік жүйе кезіндегі авторитарлық жүйе кейіпкерлер арқылы шебер суреттелген.

  1. Шерхан Мұртаза шығармаларындағы жаңашылдық пен сабақтастық проза саласында анық байқалады. Жазушы халқымыздың құнарлы сөзін қаламгерге тән толық меңгергендігіне көзіміз жетеді. Шығарма кейіпкерлері өмірде болған. Кейіпкерлері прототип сипатында болса да, нақты есімдері, оқиға болғн жерлер, тарихи оқиғаолар сол қалпында көркем суреттелген.

Шерхан Мұртаза қазақ әдебиетінде айтулы жазушы ғана емес, журналист ретінде де танымал қаламгер. Оның “Камалға хат” атты публицистік кітабы да қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік саяси оқиғаларға өз көз қарасын білдірген көркем туынды болып табылады.

Жазушы шығармаларының ерекшеліктері тілді нақты қолдана білуінде. Әрбір кейіпкерді ешкімге ұқсамайтын дара тұлға деңгейіне көтере білуінде .Қаламгердің шығармаларының басты жетістіг мынада –Көркем әдебиетті басты бағыт етіп, оқырмамға шынайы кейіпкерлерді және өмірді сол қалпында ұсыну. Қаламгер шығармалары ұлтымызды ұлықтауға, мәртебесін көтеруге бағытталған. Бұндай жағдайды оның барлық шығармаларынан оп- оңай табуға болады.

  1. Жазушы шығармаларының тағлымы жайлы айтар болсақ, оның шығармалары тәуелсіз ел мүддесіне мүлтіксіз қызмет етуінде .Бұл-жазушы үшін зор бақыт .

Шерхан Мұртаза қазақ баспа сөзінде ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарды. Қазіргі “Жас алаш” бұрынғв “Лениншіл жас”газетінде бас редактор болды. Қазақстан телерадиосында “Қазақстан” ұлттық телеарнасын басқарды