Олжас Омарұлы Сүлейменов шығармаларындағы әдеби дәстүр

  1. Олжас Омарұлы Сүлеймонов 1936 жылы 18 майда Алматы қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің геологиялық факультетін бітірген. М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1961 жылдан бастап «Казахстанская правда» газеті редакциясында әдебиет және өнер бөлімінде істеген. Бірнеше жыл «Қазақфильм» киностудиясы сценарлық редакциялық алқасының Бас редакторы қызметін атқарды. 1971 жылы Қазақстан Жазушылар одағының секретары болып сайланып, 1981 жылы кинематография жөніндегі Қазақ ССР мемлекеттік комитетінің председателі болған. 1983 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының бірінші секретары. СССР Жазушылар одағы Басқармасының секретары. Ол СССР Жоғарғы Советінің депутаты. КПСС мүшесі. О.Сүлейменов Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі. Қазақстан КП XIV, XV, XVI съездерінің, КПСС XXVI және XXVII съездерінің делегаты.
  2. Олжас Сүлейменов Қазақ ССР Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының (1972), Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы сыйлығының (1966) лауреаты. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы — «Арғымақтар» (1961) шыққаннан кейінгі ширек ғасырдай уақыттан бері
  3. Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы, топтама өлеңдері ТМД халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдерінс аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жазған сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс — қолайсыз маусым», т. б. фильмдер түсірілген.

Олжас Сүлейменов Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі», Октябрь Революциясы ордендерімен, СССР-дің көптеген медальдарымен наградталған