Драмалық шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдық.

  1. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жастары ұйымдастырған әдебиет, ойын-сауық кештері сахналық өнер мен драматургияның бастамасы болды. Ұлттық мәдениеттің бұл жаңа түрі, негізінен, ағартушылық бағытта дамыды. Олардың репертуарындағы шығармалар халықты өнер-білімге, ілгері кеткен елдердің мәдениетін үйренуге, үлгі алуға, ескіліктің шырмауынан шығуға үндеді. Алғашқы ойын-сауықтар тәжірибелері драматургияның тууына, алғашқы пьесалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр жеріндегі осындай талпыныстар, алғашқы сахналық қадамдар ұлттық драматургия, мен театр өнерінің дүниеге келуіне негіз болды.

Осы кезде бірлі-жарым пьесаларымен алғашқы қадам жасаған қазақ драматургтері Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Жұмат Шаниндердігі еңбектері драматургия жанрының негізін қалады және алғашқы театр өнерінің тууын жеделдетті.

  1. Еуропалық үлгідегі театр тек қана еуропалық үлгідегі драматургия арқылы дүииеге келеді десек, оның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында ден қойғаи — Жүсіпбек Аймауытов. Оның қаламынан туып, сол кезде сахнаға қойылған тұңғыш үш пьесасы — «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбану» 1916—1917 жылдары жазылғам. Ал «Ел қорғаны», «Шернияз», «Сылаң қыз» 1920—1925 жылдар ішінде туған.

Жиырмасыншы жылдардағы тәуір пьесаларға алғашқы жарияланған бәйгенің нәтижесінде М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясынан кейінгі екінші орынды. Ж.Аймауытовтың «Шернияз» шығармасы иеленген. Ол сондай-ақ А.С.Пушкиннің «Сараң сері», «Тас мейман» трагедиялары мен деген атпен аударған. Соңғысының қолжазбасынан әзірге ешқандай із жоқ. Ендігі бір аударған пьесасы «Октябрь», әзірге қолжазбасы табылмағандықтан, кімнен аударылған, қандай драматургтің дүниесі екені белгісіз. Бәлкім қазақшаға аударылғаннан кейін пьеса түпнұсқасының аты өзгеріп кетуі де ықтимал. Ж.Аймауытов жазған, аударған драматургиялық шығармалардың бәрі де Семейдегі губерниялық, кейін «Ес-Аймақ» деп аталған труппадан бастап, Қазақстанның көптеген қалаларында, Ташкентте, қазақтың тұңғыш Мемлекеттік ұлт театрының сахнасында койылған. «Рәбиға» —Ж. Аймауытовтың шағын драматургиялық дүниесі. Пьесаның атына лайық бостандық пен еркіндікке қолы жете қоймаған қазақ әйелдерінің ауыр жағдайы—сол кезеңнің талабына қарай нанымды суреттелген. Жайбарақат құбылыстан басталған оқиға желісі жіті дамып, жанр зандылығына бағындырылып, пьесаның аяғына дейін бәсеңсемейді. Тартыс та пьесаның орталық кейіпкері 19 жастағы Рәбиғаның қойшы шалға күштеп қосылған әрекетімен астасып жатыр. Пьесаның аяғында күндіктен, қорлықтан құтылуға ұмтылып, құрым лашыққа лағиет айтып бара жатқан Рәбиғаның әрекеті романтикалық серпінге толы.

  1. Драматургиялық шығарма өз дәуірінің айнасы десек, ЖАймауытов пьесалары сол өмір кешкен кезеңнің әлеуметтік мазмұнын, саяси келбетін терең барлаған. Оның таңдап алған оқиғасы, көзделген мәселесінің маңыздылығы, көлем жағынан қомақты әрі ертерек жазылған пьесаларының бірі — «Қанапия—Шәрбану». Мұнда 1916 жылғы маусым жарлығы бойынша қазақтан майданның қара жұмысына адам алуына байланысты оқиға драмалық желі болып тартылған. Қазақ еліне алапат болып тиген бұл құбылыстың трагедиясын жазушы бір отбасының басына түскен қайғылы қасірет арқылы ашады.

Драматург үш бөлімнен тұратын драманың 1-бөлімінде тығрыққа тірелген жандардың жанкүйзелісімен дәрменсіз әрекетін психологиялық толғаныс арқылы береді. Исатай мен Үмсынай жалғыз ұлдың қолына азын-аулақ малмен бірге, өздерін де құрбандыққа қиып жіберуге дайын. Ал қара жұмысқа айналып бара жатқан Ынтықбай мен Қанашия — хат танымаса да, елдің саяси өмірін өздерінше барлайтын еті тірі ясігіттер. Бұлардың патша жарлығына қарсы шығып, қарсылық көрсеткендердің арасынан табылуы — нанымды, сол уақыттағы саяси күрестің мазмұнына сай келетін реалистік шешім.