Поэзиялық шығармалардағы әдеби дәстүр

  1. Адамзат тарихындағы аласапыран оқиғаларға толы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы сан қилы саяси-тарихи өзгерістер қазақ ақындарының тағдыры мен танымына, тұрмысына, сол арқылы әдебиеттің де сипаттарына едәуір ықпал жасады. Осы кезеңнің тәжірибесі мен көркемдік ұмтылыстарынан тамыр алған, әрі жаңа заман қойған үзілді-кесілді талаптарды сезіне бастаған, әрі бірте-бірте соған икемделуге еріксіз мәжбүрленген жиырмасыншы жылдар поэзиясының қоғамдық-әлеуметтік және жалпы әдеби процеспен де байланысты күшейе түсті. Ұлттық әдебиетіміздің тарихи-көркемдік даму барысында қалыптасқан дәстүрлерімен бірге, бұған дейін әр қаламгердің өз ықыласы мен бейіміне қарай олардың шығармаларында белгі берген шығармашылық ықпалдарға қоса, енді жалпы әдебиетке оның еркінен тыс, жүйелі әрі кешенді түрде күштеп таңылған ықпалдар сезіліп, жылдан-жылға ауқымы ұлғая, пәрмені күшейе берді. Осы жылдардағы қазақ поэзиясының, идеялық-көркемдік сипатына әсер еткен алуан ықпалдарды жинақтап айтсақ, мынадай: 1) тарихи-саяси, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер; 2) фольклор; 3) ауыз әдебиеті; 4) Абай шығармашылығы; 5)орыс классикасы (Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов, Чехов, т.б.); 6) XX ғасырдың басындағы орыс әдебиеті (әсіресе символистік ізденістер: А.Блок, В.Брюсов, А.Белый, Д.Мережковский, К. Бальмонт, т.б.); 7) 20-жылдардағы орыс поэзиясы (С.Есенин, В.Маяковский, Д. Бедный, т.б.); 8) шығыс әдебиеті; 9) көркемдік тәжірибе мен эстетикалық талғам деңгейі; 10) идеологиялық қысым.
  2. Бұларды ықшамдап, қазақ, орыс, шығыс әдебиеті және идеологиялық гізгін деп, қысқаша тұжыра салсақ, онда сол кездегі әдеби атмосфераның күрделі сипаттарын нақтылап айқындау қиындайды. Ал орыс әдебиеті арқылы тікелей емес, жанама түрде әсер еткен Батыс әдебиеті on кезде айрықша елерліктей эстетикалық құбылыстардың туындауына түрткі бола алған жоқ. Әрине, әуелі Батыста туып, сосын орыс әдебиеті арқылы келген символизм өзіндік эстетикалық-философиялық әлем ретінде қазақ иоэзиясында да анық көрінгенімен, Батыс нұсқасынан гөрі, орыс нұсқасы әлде қайда жақын, әлде қайда ықпалды болғаны талассыз. Осы ықпалдар жүйесі жиырмасыншы жылдардағы қазақ поэзиясының, жұлын-жүйкесіне

таралып,көркемдік-идеялықізденістеріндеөзіндікерекшеліктердің қалыптасуына әрі қажетті, әрі табиғи атмосфера туғызды.

Небары он жылдың ішінде қазақ әдебиетінің, оның ішінде поэзияның да көркемдік деңгейі мен мұратындағы, эстетикалық өрісі мен идеялық нысаналарындағы құбылыстардың алуандығы соншалықты мол, соншалық тосын. Алғашқы бес жылда, салыстырмалы түрде алғанда, шығармашылық еркіндік, әр қилы көркемдік ізденістер көзге түсіп жатса, Коммунистік партияның Орталық Комитеті 1925 жылы 18 маусымда қабылдаған «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы» қаулысынан кейін әдебиеттегі ауа райы күрт өзгеріп сала берді. Бұған дейін өзіндік көркемдік жаңашылдығымен ерекшеленген.

  1. Мағжан Жұмабаев шығармаларыни идеялық тұрғыдан идеялық майдан атмосферасын туғызуы, бұған қоса, жаңа қоғамды қазақ халқын бақытқа бастайтын жол деп ұғынған С.Сейфуллин, С Мұқанов сияқты қаламгерлердің ол сынға тосқауыл қоймауы, керісінше, ашықтан-ашық қолдау көрсетуі—қазақ поэзиясының тақырыптық икемделуіне қатты әсер етті. Дегенмен бұған дейінгі қалыптасқан дәстүрдің қарқынымен идеология уысына сыймайтын дүниелер туып жатты. Басқаны былай қойғанда жаңа идеология тұғырында тұрған С.Сейфуллиннің «Ақсақкиік», «Аққудың айырылуы» секілді шығармаларының дүниеге келуі —соның бір мысалы.

Ғасырдың алғашқы он шақты жылында көптің көкейіндегі негізгі ой тәуелсіздік, әлеуметтік теңдік болып, керкемдік ой назары негізінен соған ауды. Әдебиеттің негізгі идеялық нысандары, ұран деңгейінде жалпақ елге жайылған басты сарындары «Оян, қазақ!» (МДулатов) пен «Қалың малдың» (С.Көбеев) айналасында арқауланып, соған үндесе айшықталса, Қазан төңкерісінің нәтижесінде көркемдік ізденістер ағыны енді қазақ поэзиясында бір-біріне кереғар, бірін-бірі жоққа шығаратын негізгі екі бағытқа салаланды