Ғабит Мүсірепов шығармаларының сөз өнерін дамытудағы орны.

  1. Академик жазушы Ғ.Мүсірепов өзінің шығармашылық ұзақ ғұмырында ондаған мақала мен очерк, әңгіме мен новелла, ұлттық драматургияның алтын қорына қосылған «Қыз Жібек» либреттосы, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді» пьесалары мен «Қазақ солдаты», екі томдық «Оянған өлке», «Ұлпан» романдары, «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы мен тағы басқа шығармалар жазды.

Әдебиетке 20 жылдардың екінші жартысында келген Ғ.Мүсіреповтің алғашқы келемді шығармасы «Тулаған толқындар» повесінде 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі, әйел тағдыры, кейінгі азамат соғысының көрінісі бейнеленсе, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдарда» еңбекші халықтың сана-сезімін жаңартқан тарихи оқиға — коллективтендірусуреттеледі.

Ғ.Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме — «Қос шалқар» (1928). Әңгімеші-жазушы қос шалқардың қойнауында екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяңдайды.

«Талпақ танау» (1933) сюжеті дамытушы күш- сезім қылы, әдемі көмкерілген әзіл, күлкі, Сәден әкелген қос шошқаны ауыл адамдары «жақындамай, алысырак, иіріліп тұрып» қарсы алады. Оқушы осы бір мезетті ескілік пен жаңалықтың белдескеніндей қабылдайды. Дәлірек айтсақ, қарапайым жандардың бойына жаңалық қаңшалықты сіңгенін тексеретін бір сын осы. Талпақ танауларды ауыл жігіттерінің қабылдауынан талай сыр аңғарылып та қалады. Әңгіме беттерінен төгіліп тұрған әсем күлкі, әдемі қалжың, ойнақы әжуа оқушы көңіліне бірден ұялайды, еріксіз езу тартқызады, күлдіреді. Бұл — кейін Мүсірепов талантында көктейтін қасиет.

  1. 1933 жылы Ғ.Мүсірепов М.Горькийдің «Адамның анасы» («Рождение человека») және «Өлімді жеңген ана» («Легенда о Тимурлане») деген екі әңгімесіне шығармашылық еркін аударма жасайды. Мүсіреповтың ана туралы атақты әңгімелерін жаза бастауына М.Горький шығармашылығының сөз жоқ, тікелей ықпалы болды. «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» (1933), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) — қазақ топырағында көктеген туындылар.

Ғ.Мүсіреповтың әңгімесінде ашынған ана жалғыз ұлын ажалдан арашалап алып қалу үшін аштыққа көнеді, жалаңаштыққа төзеді, зынданға түседі, азаптың бәрін де көреді, шыдайды; Ақыр аяғында абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, жалғызын көру үшін ауылына қарай құстай ұшады.

Ана туралы цикл — Ақлима, Қапия, Нағима, Наталья бейнесі ел рухының асқарлығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді.

Ұлы Отан соғысы кезінде Ғ. Мүсірепов бірнеше очерктермен бірге «Ер ана», «Ақлима», «Тарландар» сияқты белгілі әңгімелерді жазады. Бұл новелла мен очерктерде совет адамының қаһарлы кездегі ерлік ісі, рухани дарқандығы жырланады. Осы жылдары юморлы «Тарғыл қауын», тарихи тақырыпқа арналған «Ер Қаптағай, этнографиялық «Халық мұрасы» әңгімесін жариялады.

1950-70 жылдары жазған Ғ.Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесі», «Сөз жоқ, соның іздері», «Өмір жорығы», «Қаз қалпы», «Айгүл қойшының бір күні», «Италия сапарынан», «Жапон балладасы» сияқты әңгімелері, «Кездеспей кеткен бір бейне» атты поэмасы күллі оқушы қауымының назарын аударды.

Ана туралы циклімен қатар Ғ.Мүсірепов 1930 жылдардың бас кезінде драматургия саласында да қалам тартты.

  1. Жаңа туған ұлттық театрымыздың алғашқы қарлығашының бірі болып шымылдығын ашқан «Қыз Жібек» атты музыкалы драмасын қалың қауым қуана, қызыға, қарсы алды. Қөп ұзамай Ғ.Мүсірепов Б.Майлинмен қосылып, азамат соғысының ардагері Амангелді туралы көлемді пьеса жазады. «Қыз Жібек» пен «Амангелді» (1934) пьесалары азды-көпті өндеулерден өтіп, 1935 жылы жеке-жеке кітап болып шығады.

«Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» (1939) трагедиясын драматург фольклорлық эпосты идеялық-шығармащылық елеу-екшеуден өткізіп, реализмнің биік үлгісімен жазып шыққан.

«Амангелді» төңкеріс дәуірінің әлеуметтік шындығы мен қайшылығын, шытырман көрінісін реализм тұрғысынан бейнелеген, қаһармандары күрес үстінде шындалған тарихи-төңкерістік драма. «Ақан сері — Ақтоқтыда» кейіпкерлер өз заманының ой-тұйығына тіреліп, жеке мақсатының шеңберінен көп шыға алмай, келешек бақытты армандап өтсе, «Амангелді» каһармандары жаңа идеямен қаруланған, халық бақыты үшін барлық күш-жігерің бірі саналы түрде бағыштаған жаңа типті қаһармандар төңкерісшілер, белсенді гуманистер.

Жасампаз қаһарман тұлғасы тарихи оқиғаның дамуымен Амангелді бастаған сарбаздардың ой-өрісінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Пьесаның басында халық ұлы Амангелді саяси күрескер емес, наразылық иесі ғана. Халық кегі Амангелдіге, ер көңілді өжет жігітке қару алғызады. Көкірегін кек кернеп, тап жауын танығанмен, болып жатқан күрделі оқиғаның қыртыс-қырын толық түсіне бермейді. Соғыстан қайтқан Петрмен қауышудан бастап Амангелді тез кемелденеді. Қазақ даласын дүрілдеткен көтеріліс маусым жарлығының ұшқыны ғана емес, ғасырлар бойы жиналған ыза мен кектің де көрінісі еді. «Қазақ солдаты» романы ұлттық әдебиетте бұрын бейнеленбеген күрделі кұбылыс — соғысты кең көлемде суреттеген шығарма. Майдангерлердің жан тебіренісі мен ерлігі — көркем көрінісін тапты. Соғыс кезіндегі патриоттық атмосфера мен қаһармандық, қажыр мен қайрат, қиыншылық пен жеңіске сенім — Қайрош достарының тартымды бейнелерімен шынайы шешімін тапты. Әскери термин мен команда, неше түрлі техника мен тактика-кітапта кеңінен суреттеледі.