Көркемдік сөз өнерін дамытудағы маңызы.

  1. Сөз өнері жалпы мағынасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды. Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен туатын шедевр (керкемдіктің көкесі)… — осының бәрін тек қана осы арадан іздеу керек. Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнына келіп тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға болады; ал тәрбиенің ең үлкені оқу-білімде жатқаны тағы даусыз.

2.Дей тұрғанмен, адам баласыпа әдеби туындыдағы образдар жүйесі арқылы, дәлірек айтқанда, өнерге айналған өмір яғни өмірге айналған өнер арқылы тәрбие беру, танып қалыптастыру өз алдына айрықша, бөлек! Оны тура сондай етіп ғылым да, білім де жасай алмайды. Көркем әдебиеттің күллі қүдірет-күші дәл осы арада жатыр. Осыны түсінбеу, немесе әдейі түсінгісі келмеу, керек десеңіз, өмірден туа тура сол өмірдің өзінен асыңқы, биік өнерді жалаң саясатқа саяды да үлкен ұшқарылыққа, орны толмас олқылыққа апарып ұшыратады. Соның бірі әдебиет қондырма ретінде пайымдау.

3.Көркем әдебиет адамзаттың парасат әлеміңдегі теңдесі жоқ ғажайып құбылыс екенін мойындасақ, әриие, оның жалпы санаға, адам атаулының ақыл-ойына тікелей қатысы барын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ендеше, сөз өнері — қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі іргелі саласы деген тұжырыммен келісуге болады. Бірақ дәл осы арадан әр тұста әp түрлі дау-шары мол, күрмеуі қиын күрделі мәселелерге айналған man (әдебиеттің таптығы), партия (әдебиеттің партиялылығы) деген ұғымдар пайда болады да, сөз өнеріне байланысты теориялық толғам мен эстетикалық талғамды бірқыдыру шырғалаңға салып, тұйыққа тірейді.