PR Жобаларды атқаруын бақылау

Негізгі түрлері: саяси; сату (маркетинг-жарнама) және медиа PR. Заңды-заңсыз және шартты-заңды (пікірталас тудыратын, заңдық тұрғыдан бірнеше рет тұжырымдалған) технологиялар. Тиімді және тиімсіз технологиялар.

Бейресми жіктеу.

«Ақ PR» – түсіну өнері, ақпараттық ашықтық, пікірталас туғызуға негіз бермейтін ақпараттық себептер. Көптеген Реей мамандары бұл әдістің өз жағдайларына келмейтіндігін айтады. Қазақстандағы осы әдістің қолданылуы.

«Қара PR» – тапсырыспен жазылған жарияланымдарды дайындап, орналастыру, бәсекелестерге қарсы акциялар өткізу. Әсіресе саяси науқандарда тиімді.

«Сұр PR» – Заңсыз еңбекақы төлеу тізбегіне негізделген PR-мамандардарға қатысты қаржылық тұстарын қарастырады.

«Қанды PR» 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін еніп, терроризмнің ақпараттық құрамдас бөлігі ретінде сипатталады.

«Сары PR». Аты дау-жандал, жаңалыққұмарлық, папарация, эпатеж, бульварлық көзқарастармен байланыстырылады.

«Жасыл PR» – экологиялық ұйымдардың қоғамның мүшелеріне бұқаралық ықпал етуі.

«Түссіз PR» – көңілсіз, жабысқақ, тиімсіз, технологиясыз, ешкімге керексіз PR (не тұтынушыға, не клиентке, не PR-маманының өзіне).