Дәстүрді шығармашылықпен игеру Жоспар

1.Әдеби дәстүр шығармашылықта әрдайым өз көрінісін табады. Шығармашылық сан қырлы құбылыс. Шығармашылық үдерісті жазушы яки ақын драматург әдеби дәстүрді өз ойын немесе замана шындығын көркем бейнелеу үшін қалдырды. Бұл тәсілі әрі ұтымды әрі тиімді. Сондай-ақ шығармаларда эстетикалық құндылықпен арттырары сөзсіз. Қазақ әдебиетінде М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында заман шындығын көркемдікпен беруде, халықтық дәстүрді салт-санамен сол кездегі ұлы дала заңдылығын қат-қабат көрінісін шешендік өнер, аңыз, эсса, секілді әдеби түр, арнайы бере білген.

2.Әдеби дәстүрді шығармашылықпен игеруде әрбір қаламгердің өзінің жазу шеберлігіне жүгінеді. Оның төл тілді игеруде туған тілдің қасиетін жете меңгеруде елеулі фактор боп табылады. әдеби дәстүр әр қаламгерде әр қилы. Атап айтқанда М.Әуезовтың шығармаларында бұл үдеріс ауқымды суреттелген көріністерден айшықталса, А.Елеубаев шығармаларында кейбір әлемнің психологизмі мен күрделігі ұштасып жатады. Мысалы; Елеубаевтің «Адасқақ» әңгімесінде Біржан сал өмірінің сан қырлы жолының суреттелуін айтуға болады. Әдеби дәстүрді игеруде белгілі бір көркемдік заңдылықтарды ескермеске болмайды.

3.Соның бірі әдеби қаламгердің көркемдік елегінен өтіп сұрыпталады, жаңғырады. Содан кейін көркем туындыны өзегіне айналады.Әдеби дәстүр қаламгердің суреттік оқиға яки кейіпкердің бейнесін даралау үшін қолданған шығыстық әдістің тиімді тәсілі болып табылады. Әдеби дәстүрдің бір заңдылығына оны туған әдебиеттің қалпын, үдерісін пайдалана отырып шығыстық тұрғыдан игеру деп ойлаймыз. Сонымен бірге қаламгердің әдеби дәстүрдегі бүгінде қалың оқырмандар басты назарда тұрады.