Ақпарат агенттігі

Бүгінгі ақпараттық қоғамды электронды ақпарат құралдарынсыз көзге елестету мүмкін емес. Ал электронды ақпарат құраладры бүгінгі күннің шындығына айналды. Элдектронды газеттер мен журналдар және жаңа технологияға негізделген БАҚ құралдары бүгінде көпшілікті жаулап алуда.

Радионың байланыс құралы ретінде танылғаны да бір ғасырдан астам ауқыт болды.Осы мерзім ішінде журналистиканың жаңа түрі радиожруналистика дүниеге келіп,қалыптасып,дамыды.Өмір сүріп отырған,ғылыми – техникалық прогрестің шарықтау шегіне жеткен осы бір электронды құралдар әлемінде,радионың өзінің мүмкіншілігін аша түсіп, қанатын кеңге жайып отырғандығы шындық.

Электормагниттік толқындарды сымсыз байланыс жасау үшін пайдалану жөніндегі жаңалық 1895 жылдың жаңа күнтүзбесі бойынша 7 мамыр күні, Петербург университетіндегі, физика аудиториясында Александр Степановч Паповтың баяндамасы арқылы енгендігі мәлімОл сол кезде Корнштаттағы офицерлер мектебінің оқытушысы болды.

қазақ жеріндегі радиостанция кезінде ақ патшаның құрметіне аталған Александр портында,кейіннен Шевченко түбегінде пайда болған еді.Ол алдымен ақтар қлында болып,1919 жлы қызылдар қолына өткен болатын.Сол тұстағы тарихи көсем В.И.Ленин – радионың болашағын көре білген адам.Радионың болашағына сеніп,келешегіне арнап 200дей мақала жазған екен.

Көптеген радиозерттеуші ғалымдар қазақ жерінде радиоторабының жұмыс істей бастағандығын ауқыты жөнінде әртүрлі пікірді білдіріп келеді.Р.Сағымбеков 1912 жлы басталды десе, М.К.Барманқұлов 1913 жылды көрсетеді.Бұл деректер жөнінде ғалым Н.Омашев көптеген дерек,зерттеулерді салыстыра келе,Қазақстандағы радиостанция 1912 жылы өз жұмысын бастаған деген пікірмен тұжырымдайды.Әр түрлі басылымдар беттеріндегі материалдар деректерін саралап,салыстыра келгенде ол кездері радиоторап жұмысы бұқаралық сипат алмағандығы байқалады.Оның себептерін Қазақ радиосының тарихын зерттеуші Н.Омашев былай деп түсіндіреді :

“Біріншіден, рдиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ.Ұймдастырушылар алдарына ондай мақсат қойған жоқ.Радиохабарлары тек байланыс үшін қолданылап,желілі телеграфты қайталады.