Журналистика функцияларының жүйесі

Журналистика функцияларынң жүйесі тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функцияларды бірге атқарады. Қоғамдық пікірді қалыптастыру мәселесі де журналистиканың маңызды функциясы болып табылады. Еліміздегі ресми, тәуелсіз және қоғамдық газеттер өз қызмет функцияларын жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Біздің республикамызда БАҚ мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді, соған орай жұмыстары өрбиді. Бірақ лицензиялық-құқықтық жауапкершілікті ұмытпау лазым.

Негізінде қай елдің бұқаралық ақпарат құралы болсын, олардың әлемге ортақ белгілерімен бірге, сол елдің Конституциясына және жекелеген заң актілеріне сәйкес ұстанымдары пайда болады. Ортақ мәмілелер ЮНЕСКО-ның құзырына түйіседі де, ал мемлекеттердің саналуан бұқаралық ақпарат құралдарының жұмас істеу әдіс-тәсілдері белгілі бір нормаларға сүйенеді. Сондай баңыт-бағдар бойынша іс-әрекет танытады.

Дамыған елдердің көпшілігінде конституциялық тұрғыда баспасөз бостандығына шәк келтірмейді, азаматтардың сөз бостандығы құқығын сақтау мағынасындағы тұжырымдар жасалған. Айталық Еуропа мемлекеттері мен АҚШ мұны әжептәуір қарастырған.

Біздің Қазақстанда да аталмыш концепция Конституциямызда айқын көрсетілген. Мысалы 20-бапта былай деп жазылған: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым саланады».

Соңғы онжылдық көлемінде бізде ғана емес, Еуропаның бірқатар елдерінде конституциялық жаңа тұжырымдар мен кейбір өзгертулер халықаралық нормаларды ескере отырып енгізілген. Онда әдеттегідей сөз, баспасөз бостандығы болумен бірге, белгілі бір мөлшерде ақпараттық шектеушілік те ұщырасады. Неге бұлай десек – ұлттық қайіпсіздік пен қоғамдық тәртіп және мораль мен азаматтардың жеке бас құқығыны айтылады.

Францияда сот жүйесі мен қарулы күштерге және мемлекеттік әкімшілікке қарсы БАҚ-та негізсіз жала жабу қалмыс саналады. Германияда баспасөз бостандығы еркін демократиялық құрылымға қарсы пайдаланғаны үшін жаза беріледі.

Бірріккен Ұлттар Ұйымының секретариаты жанында арнаулы ақпарат тарату департаменті жұмыс істейді. Ол әлемнің барша елін ақпаратпен қамтамасыз етуге күш салады. Қашанда берілетін ақпараттың дәл, анақ шыншыл әрі маңызды болуы көзделеді.

Еуропаның Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты ірі елдерінде ертеден бастап шыққан газеттер бүгінгі миллиондаған данамен таратылатыны таңдандырмай қоймайды. Жаңа дерек бойынша Ұлыбританияның алғашқы бір газеті саналатын «Инглиш меркьюри» 1588 жылы 23 июньде шыққаны өте ұзақ мерзімнен хабардар етсе, «Дейли миррор» және «Ньюс оф уорлд» газетінің тиражы кейбір кезеңдері 5-7 миллтонға дейін жеткен! Бұл көрсеткіш көп елдер үшін қол жетпес нәтиже екеніне сөз жоқ.