Журналистиканың негізгі функциялары

Журналистканың қоғамдық өімрде атқаратын бірқатар функциялары бар. Негізінен алғанда журналистика қоамдық өмірдің айнасы болғандықтан әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани және қоғамдық пікірді қалыптастыруда айрықша қызмет атқарады.

Міне, ХХІ ғасырға адамзат зор жетістіктермен, ілгерішіл әлеуметтік-экономикалық табыстармен еніп отыр. Дәл осы өркениеттік үрдіспен қоғамдық жаму да алға басып барады. Сонау «гома-сапиенс» дәуірінен, сана пайда бола бастаған кезеңнен тарихты көктей өтіп, қазіргі ақыл-ойдың, қоғамдық өркендеудің дәрежесінен қарасақ, талай-талай рухани өзгерістерді, қол жеткен биіктерді ауыз толтырып айтуға болады.

Соның бір парасы, әрине, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының кең қанат жаюы дер едік. «Газет – халақтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші (А. Байтұрсынов), көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау газет-журнал, радио, телевидениенің прогрестік мәнінен айқын аңғарамыз. Ақпараттық технология барған сайын өз мүмкіндіктерін тереңдей ашуда.

Сонау ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан басталатын кәсіби журналистиканың наңты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. 1776 жылы саясатшы әрі публицист Э. Берк айтқандай, БАҚ-ты «төртінші билік» санап, көпшілік арасында пікір қалыптасып кеткені секілді, журналистикада жаңа көзқарас, ұғымдар пайда болып отыр. Бұл да жайдан-жай құбылыс емес. БАҚ-қа деген ерекше ықылас, назар аударудан туған оң тенденция, халықтық ниет-пиғылдан келіп шығатын пікір-түйіндер нәтижесі.

Әлемдік журналистика дегенде (оның ішінде қазақ журналистикасы да бар) даму, қалаптасу жолдары өзара ұқсастықтарымен де, өзіндік өзгешеліктермен де ерекшеленетіні белгілі жәйт. Неге десеңіз, журналистика – қайда да журналистика. Мейлі Еуропа, мейлі Азия, мейлі Америка болсын, оның міндет-борышы замана талабына орай қалыптасады. БАҚ пен журналист Францияда, АҚШ-та немесе Жапония мен Қырғызстанда т.б. жер шарындағы екі жүздей мемлекетте күнделікті істерін тиісінше атқаруда.