Журналистика – әлеуметтік басқару құралы

Журналистика ең алдымен ақпарат туралы мәліметтер берумен ерекшеленеді. Журналистикадағы оның ең шағын түрі – мақала. Мақала қысқа жазылатын деректер негізінде дайындалады. Берілген мақаланың өн бойындағы көтерген мәселенің тақырыбы – басты кейіпкерлері, кәсіптері, мекен-жайы нақты беріледі. Бұндай өлшем мақалаға тән әрі маңызды талаптардың бірі. Тілі қысқа әрі нұсқа болады. Бас мақала өлшеміндегі сөздердің орнына берілген бүгінгі журналистикалық мақала сонымен бірге жан-жақты баяндалумен ерекшеленеді. Сондықтан мақаланың шағын түрін кейде хабар деп те атайды.

Мақаланың ең қысқа түрі «жүгіртпе» жол. Ол теледидарда көбірек пайдаланылады. Аталып кеткен жүгіртпе жол көп жағдайда бір ғана сөйлемнен құралады. Жан-жақты жазылған мақала өзінің кең ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мақалалар кейде мұндай жағдайда мерзімді баспасөзде тұтас бір бетті алуы мүмкін.

  1. Очерк. Очерк журналистикаға және әдебиетке де тән жанр. Очерк көркемділігімен ерекшеленеді. Очеркте белгілі бір сюжет, оқиға, әдебиетке тән диалогтар сияқты элементтер кездеседі. Сондай-ақ, очерктің басты ерекшелігінің бірі – оқиға нақты деректерге құрылады. Мысалы, Ыбырай Жақаев жөнінде жазылған «Өмір сыры» қазақ әдебиетіндегі роман жанрында жазылған очерк типтес көркем туынды болып есептеледі.
  2. Публицистика (көсем сөз) жоғары леппен, өршіл рухпен жазылады. Публицистика тілі нақты әрі қысқа, әрі нұсқа болуымен ерекшеленеді. Мақаланың өн бойында айтылар ой мен пікір, қайрат пен жігерге толы болады. Публицистиканы кешегі кеңестік дәуірдегі коммунистік идеология үлкен шеберлікпен пайдаланды. Мысалы, Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?».