Класицизм өнері мектебі

  1. Классицизм өнері мектебі әдеби бағыт ретінде 18 ғасырда пайда болды. Бұл өнер мектебі негізінен алғанда патша, корол сарайларын суреттеді. Қолбасылар мен батырларды көркем шығармаларға өзек етті. Орыс не Еуропа әдебиетіндегідей сюжетке құрылған поэмалар бізде XIX ғасырдың соңғы кезінде ғана туа бастады. Егер қазақ әдебиетінің өз материялы негізінде романтизм стилінде жазылған поэма, оның құрылысы, адам мінездерінің қалай жасалу жолдары жағынан келгенде, Абай балалары Ақылбай мен Мағауияның «Қисса Жүсіп», «Медғат, Қасым» поэмаларын ұсынуға болады.

Романтизм методына тән ерекшелік тек айналасына риза болмаушылық қана емес. Оның басқа да толып жатқан ерекшеліктері бар.

Бірінші, романтикалық шығармаларда Реализм әдісімен жазылған шығармалардың кейіпкерлері оқиға дағдыдан тыс мекен, өмірде кездесе бермейтін жағдайда болады. Екінші, қаһармандары болған адамнан гөрі, болуы керек не өте бір сирек кездесетін және қорынан жақсылық та жамандық та келерлік, сөзіне ісі сай, қатардағы жай адамдардан дараланып, ерекше көзге түсерлік болып келеді. Үшінші, романтикалық каһармандарға тән мінез -мейлінше бір бет, қайсарлық; нені болсын олар жеріне жеткізе істейді. Ең ақыры бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, бұрынғы әдетін мүлде қайталамай, мықтап түзеледі. Жақсы көрсе құлай, беріле жақсы көреді де, жек көрсе, енді көрмес, қайрылмас шекке шейін барады. Төртінші қаһармандардың портреттерін, не мінездерін қарама-қарсы қоюшылық, сұлулық пен сиықсыздық, ерлік пен қорқақтық, мейрімділік пен қаталдық тағы басқа осылар тәрізді екі шектегі мінез, көрік, іс-әрекеттерді суреттейді.

  1. Батыс европа эстетикасы әдебиетте сарай адамдарының тұрмысын суреттеумен шектелді. Әрине, бұл талғам өз кезінде оқырмандар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Әдеби стиль тасболып қалған нәрсе емес. Қоғамдық таптың өзгерген жағдайына, оның әр дәуірдегі күрес — тартыстарының кезеңдеріне бағыныңқы түрде стильде өзгеріп отырады. Қоғамда тап өзімен бірге жаңа мазмұн, жаңа мүдде, жаңаша құралған ой — сезімдерді ала келеді. Жаңа мазмұн, әдебиет өзіне лайық түр, үлгі туғызады. Ал стиль деген не? Жазушының шығармашылығы оның ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Жазушы творчествосы оның адамдық болмысымен, азаматтық бітіммен өзгеден ерек өз өмір тәрбиесімен білімімен, мәдениетімен, дүниетамымен ұласып, керек десеңіз, бірігіп, біте қайнасып жатады. Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың творчестволық ерекшелігін танытады.
  2. Классицизмнің ерекшелігі тақырып ауқымының шектеулігінде болды. Қоғамдағы өзге қауым өкілдері шығармадан қағыс қалды. Тақырып ерекшелігімен қатар, әр жазушының творчествосында мәнез бірлігі деген болады. Мұны әрине, бір жазушы он образ жасаса, бәрінің мінез-құлқы бірдей болады деп ұқпау керек; он образ он түрлі мінездің адамы бола берсін, бірақ он мінездің де жасалу тәсілдері бір-біріне ұқсап отырады. Сонымен біз әрбір жазушының бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің тек сол жазушыға тән ерекшелігін аңғарамыз.

Мұндай ерекшелікті жазушы творчествосының мазмұнын мен пішініне қатысты басқа жайлардан даіздеп таба беруге болады. Міне, стиль — әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік. Стильдің жазушы творчествосындағы көрінісі күрделі әрі қызық. Жазушы не жазса, соның бәрінде оның өзіндік стилі төрт бұрышын түгел танытып тұра қалады. Деуге болмайды. Жазушының творчестволық ерекшелігі әр шығармасында әр қырынан повесте сюжет құру ерекшелігі көрінсе, әңгімеде обпраз жасау шеберлігі, эсседе тіл ерекшелігі айқынырақ аңғарылуы мүмкін.