Дәстүр ұғымы-суреткер жетістігі

1.Әдебиеттегі қол жеткен дәстүр суреткердің жетістігі болып табылады. Сөз өнеріндегі тағлым мен жетістік көркем әдебиеттің Жан-жақты дамуына оң ықпалын тигізеді. Көркемдік әдебиеттің қатарында романтизм және реализм болса олар белгілі бір дәуірде пайда болған. Әр кезеңдегі әдебиетте өз көрінісін табады. Мысалы: ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының эпикалық сарынның бүгінде қазақ ақындарының поэмаларынан балладаларынан кездестіруге болады. Әдеби дәстүр жалғастығы Жамбылдың «Өтеген батыр» дастан жырында анық көрінген.

  1. Дәстүр жетістігінен тағлым алу оны жалғастыру-әдебиеттің басты мақсаты. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жетістігінен тағлым алған және оны жалғастырған ақын жазушылар көптеп саналады. Әдебиетімізде ауыз әдебиеті үлгілерінің бүгінде көрініс табуы соның айғағы. Мысалы жазушы Ә. Кекілбаевтің «Үркер» романындағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің бүгінгі заман талабына сай толғаған ой –пікірлері, дүниетанымы мен көзқарастары. Сондай-ақ Жамбылдың эпикалық жырларында яки өлеңдерінде эпикалық сарын аз емес. Мысалы: Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалырында ақын өз кейіпкерлерін эпостық жырларында батырлар секілді суреттейді. Мысалы: «Суға салса батпайды, отқа салса жанбайды» осымен теңеген. Романтизм әдісі де ХІХ ғасырдың және ХХ ғасырдағы әдебиетте мейлінше кездеседі. Асқақ рух қаһармандық пен әр дәуірде әдебиетке тән. Өйткені әр уақыт өз заманның кейінгі күннің тәртібіне қоюға ұмтылған. Атап айтқанда ауыз әдебиетінің үлгілері эпикалық жырларды Қобыланды, Алпамыстар қаһармандық кейіпкерлер болса Бауыржан Момышұлының соғыс тақырыбындағы жазылған шығармаларындағы кейіпкерлер мен батырлардың өзінің соғыстағы айла-амал тәсілдері де ерекше мәнге ие. Ондай әдебиеттегі жалғастық әлемдік әдебиетке тән.
  2. Дәстүрлі шығармашылықпен игеру әрбір әдебиетке зор міндет жүктейді. Әдебиеттегі дәстүр қаз-қалпында, сол күйінде әдеби үдеріске енбейді. Оны шығармашылықпен игеру қажет. Сондай-ақ проза, поэзия, дараматургия жанрларының бүгінде жалғастықтары арнайы зерттеуді қажет етеді. Проза оның тілі көркемдік сипаты және заңдылықтарының кемшілігімен бүгінде ерекше саралануы тиіс. Өйткені бүгінде проза, поэзия, драматургия кешегі проза, поэзия, драматургияға мүлдем ұқсамайды. Тілде де көркемдік сипатыда ойлау жүйесі де әр алуан.