Мазмұн мен пішін элементтері

  • Сюжет көркем шығармадағы басты элементтердің бірі. Көркем шығармалардың көпшілігі, әсіресе, прозада поэзиялық шығармалардың ішіндегі дастандық жырлар мен эпостарда, балладаларда сюжет желісін айқын аңғарамыз. Қазіргі әдеби үдерісте сюжетке құрылмай, кейіпкерлердің ішкі психологиясына, сезім иірімдеріне құрылған шығармалар да жеткілікті. Әрине осыған қарап бүгінгі көркем әдебиетке сюжет жат құбылыс деп айтуға болмайды.Мазмұн элементтері шығармашылық оқиға дамуы шиеленісі кіреді. Бұдан өзге шығармаға мазмұн жайлы сөз еткенде оның мазмұны болып тақырыбы мен идеясын айтуымызға тура келеді. Өйткені тақырып пен идея шығарманың өзегін құрайды.
  • Көркем шығармада әсіресе прозалық жанрды шығарманың тартысқа құрылатындығы белгілі жайт. Тартыстың болуы, оның дамуы, ширығуы туындыны мейлінше қызғылықты әрі мазмұнды етеді. Шығарманың тақырыбымен идеясы неғұрлым айқын көрсетілсе шеберлік деңгейін жоғары болып оқырман және сыншылар тарапынан лайықты бағана алғашқыда мазмұн деп аталады. Жүзеге асады. Ал шығарманың пішіні тек сыртқы түрі яки болмысы ғана емес. Әдеби кейіпкердің өзара қарым-қатынасы. Сюжеті композициясы шығарма тілі деуімізге болады. Ендігіде шығарманың мазмұны мен пішіні қамтамасыз етілгенде көркем шығарманың тұтастығын қамтамасз етеді.
  • Сюжет және автор дүниетанымы шығарманың маңыздылығын арттырып бірін –бірі толықтырады. Шығармашылық сюжеті белгілері болған оның композициясында құрылымдық тұрғыдан өте берек болуға тиіс. Мұны қай шығармаға болмасын оны оқи отырып анықтауға болады. Қазақ әдебиетінде шығарма мен мазмұны мен пішінін сондай-ақ композициясымен тілдік ерекшеліктерінде орын алған кемшіліктерді алдын-ала ескерту одан қорытынды шығару дәстүрі болған. Бүгінде бұл дәстүр сирек пайдаланады. Мазмұн мен пішін шығармалардағы негізгі компонент болып саналады. Әдебиет теориясында көркем шығарманың мазмұнына арналған зерттеулер жетіп артылады. Сондай-ақ көркем шығарманың пішініне арналған зерттеулер де көп-ақ. Шығарманың сюжеті мен композициясымен жайлы түсініктерде соңғы кездері елеулі өзгерістерге ұшырады. Бүгінде көркем шығармада тек оқиғаларды ғана көркемдік електен өткізіп қоймай кейіпкер психологиясы олардың ойы мен көзқарастарына терең үңілу байқалуда.