Типтендірудің түрлері мен ерекшеліктері

  1. Көркем туынды белгілі бір автордың еңбегі. Көркем туынды ақын жазушыға немесе драматуркке тиесілі. Көркем туындының тілі мазмұны мен пішіні, сюжеті мен композициясы тұтас бір шығарманы құрайды. Әдебиет теориясының тұжырымдарына сәйкес көркем туынды сан алуан болады. Проза, поэзия, драматургия саласында көптеген көркем туындылардың дүниесі жасалынған. Көркем туындылардағы бейнелердің галереясыда мол. Типтендіру жай қарапайым көптеген адамдардың бейнесі емес. Жанды бейнені жасау шығарма кейіпкерлердің деген көркемдік қаламгердің шығармашылық таланты. Шығармашылық шеберлігінің биік деңгейі. Жинақтау типке әкелсе, ал әрбір типті даралау тұлғаға әкеледі. Әр тұлғаның өзіне ғана тән мінезі болады. Мінез дараланбағанда көпшілікке тән тип деңгейінде қалып қояды. Бүгінгі әдебиетте ең басты мәселесі өзара мінездердің көрінбеуі дер едік.
  2. Типтендіруде оның түрлері мен ерекшеліктері мазмұн мен пішінге де тікелей қатысты. Мазмұн мен пішін шығарманың өзегін құрайды. Қазіргі таңда да шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы түсініктер әр қилы. Әйтсе де әдебиеттің түрлі тегінде мазмұн мен пішін авторлық дүниетанымға, оның көзқарасына сайма-сай келеді. Бүгінгі қоғамның түрлі саласында әсіресе интелектуалдық (ақыл, ой) мінез кейіпкерлері әлі де көрінбей келеді. Өркениетті елдер қатарына қосылу бьасты міндет болса ондай тұлғаларға бүгінгі әдебиет өте зәру. Тәуелсіздік кезеңінде жабық тақырыбында жоққа тән екендігін әлдеқашан айтып қойған. Ал тәуелсіз әдебиет барлық салаларын қамтуы қажет. Бүгінде экономика әлеуметтік өмір біз қаласақта, қаламасақта түбегейлі шешуді қажет етеді.
  3. Шығарманың көркемдік шарттарының бірі туындының кейіперлерін типтендіру, композициялық құрылымын тұтас сақтауға байланысты. Бүгінде әрбір туынды тақырыбы әр түрлі. Қаламгерлер қалаған тақырыптарға шығармалар жаза алады. Бұрын бұл тақырыптарды Мәскеу шешетін ендігі жерде әдебиет еліміздің өзіне жүктеліп отырғандығы шындық. Экономика саясат саласында қызмет атқарып жүрген осы тұрғыда мемлекеттік әдеби тұрғыда ойлайтын кейіпкерлерге зәруміз. Ауыл, қала тұрғындары психологиясы. Қарым-қатынасы туралы шығармалар кейіпкерлер керек. Бірақ бұл өріс бүгінде жеткіліксіз. Типтік бейне жасау көркем шығарманың басты шарты. Ал бейненің даралануы өте маңызды фактор. Типтік бейненің түрлері де шартты түрде екіге бөлінеді.