Образдылық – көркемдік сырлары

  1. Образ бұл дүние. Қазіргі әдеби айналымды бейне сөзі қолданылады. Бұл сөздің мағынасы өте кең. Образ көркем әдебиеттегі адамдардың жануарлардың оның қай түрі болса да бейнесі, образ тұлғаның, яки жеке адамның кейпі болмысы. Ал адамдардың болмысын жасауға шығармалдарда табиғаттың суреті өзге де жан-жануарлардың бейнесі қосымша рол атқарады. Бұл деталдар немесе суреттеу элементі образдың толымды болуына жан-жақты ықпал жасайды. Көркем бейне шығарманың негізгі тетігі. Шығарманың мазмұны мен пішінін қатар сақтауда оның ролі айрықша. Образдылық әдебиеттің басты ерекшелігі.
  2. Көркем образ, оның өмірді танытудағы көркем құрал екендігін бүгінде әдебиеттанушылар түгелдей мойындайды. Көркем бейненің образы арқылы өмірді тануға болатындығы шындығында да жасырын емес.Образ жасауда тек потрет қана емес әрекет оқиға талас-тартыс теке-тірес негізгі факторлар болып табылады. Сондай-ақ психологиялық тартыс иірімдер образы сан қатпарлы еді.
  3. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық,философиялық мәні бар.Көркем бейненің танымдық мәнінің зор болуы оқырмандарға елеулі әсер етеді. Көркем шығармадағы эстетика оқырмандар бойында талғампаздықты, сұлулықты қалыптастырады.

Образдың екі мағынасы бар.

  • тар мағынада образ бір ғана көріністегі бейне. Мысалы: жауын-шашынның күздің сұрғылт күні.
  • кең мағынада қолданылатын түрі дегеніміз не? Мысалы: М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі оның шәкірт болып қалыптасқаннан азамат болуға дейін.