Көркем әдебиеттің табиғаты

  1. Көркем бейне шығарманың негізгі бөлігі болып табылады. Көркем бейненің нақты әрі типтік түрлері болады. Әдебиет теориясы пәні әдеби көркем бейненің бүкіл табиғатын зерттейді. Әрбір шығармада көркем бейненің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондай-ақ, көркем бейненің тарихи шығармалардағы көрінісі нақтылығымен ерекшеленеді. Бұл пән тарих, психология, философия пәндлеріне байланысты болғандықтан шығарма кейіпкерлері тарихи тұлға ретінде оның психологиясы, ойлау жүйесі замана, саясат деңгейінде жасалынады. Атап айтқанда, көркем шығармадағы оқиғалармен кейіпкер кей жағдайларда тарих пен тарихи оқиғалармен етене байланысты.
  2. Көркем бейне бүгінде қазақ әдебиетінде тарихи шығармаларда, әдебиеттің түрлі жанрларында кездеседі. Мысалы: М.Әуезовтің «Абай жолы», І.Есенберлин «Көшпенділер», К.Есенжанов «Ақ жайық» романы нақты, деректермен тарихи оқиғалар шығармаларға өзек болады. Содан әдебиет тарих пәнінен байланысты дамиды. Ал психология пәнімен байланыстиы дамиды. Көркем әдебиетте кейіпкердің ішкі дүниесі, ой-пікірі, қиялы мен үмітті арманы бір сөзбен айтқанда психологиясы көркем шығармаларлың басты ерекшелігі деуімізге әбден болады.

3.Көркем бейне өз уақытына, тарихи ортаға тәуелді болады. Әрбір кейіпкер өз дәуірінің перзенті секілді. Тарихи орта және белгілі бір уақыт қаламгерлерден заман талабына сәйкес кейіпкерлерді қажет етеді.Мысалы: Баубек Бұлқышевтің «Менің құрдастарым» атты шығармасының атауға болады. Сол қоғамның ертеңіне сену, бүгінгі қоғамға қалтқысыз сену осы шығармаға тән қасиет. Сол себебті көркем бейне әдебиеттің тарих пәнімен байланысты болуы заңды. Әдебиетте философиялық бейненің болуы да философиямен байланысы оның өмірде түсінуімен танымдық философиялық көзқарасымен қарастыруға болады. Өйткені әдебиетте философия да өмірді қоғамдағы адам мен адамзат баласының оның көзқарасымен тікелей байланысты басты мақсат санайды. Екі пән де қоғам мен адамды қаншама зерттесе, оның мүмкіншілігі мен даму заңдылықтары мен көзқарасы түрін талдап болған жоқ. Өйткені қоғамда адамдарды белгілі бір уақытта өмір сүрсе де оның сыры ішкі дүниесі жұмбақ күйінде қалады.