Сәбит Мұқанов творчестволық өмірін әрқашан балалар өмірімен жалғастырып отырған жазушы.

  1. Ұлы Октябрь революциясы тудырған қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған ардагер жазушыларымыздың бірі – Сәбит Мұқанов. Ол өзінің творчестволық өмірін әрқашан балалар өмірімен жалғастырып отырған жазушы еді.Сәбиттің жас өспірімдерге арнаған «Бақташының баласы», «Батыр қыз», «Менің мектептерім», «Патшаны қуған батыр», Индия жазушысы Навтежден аударған «Балалар» повестері мен әңгімелері қазақ балалар әдебиетіне қосылған алкен үлес, мол мұра болып қалды.

Сәбит Мұқанов 1900 жылы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданындағы жазушының өз атымен аталатын колхозда, кедей семьясында туған. Жеті жасында әкесінен, сегіз жасында шешесінен айрылып, жетім қалған Сәбит тұрмыстың ауыр да қасіретті күндерін басынан кешіре жүріп, он жасынан бастап, кісі есігінде жалшылық бейнетін көреді. Жетімдік қасіреті басына төнген Сәбит кісі есігінде жүріп, отыншы да, сушы да, бақыршы бала да атанып, есере келе жылқышы да болады.

Сәбит 17 жасқа дейін белгілі бір мектепте оқымаған. Тек өзінің алғыр да өжет талантының арқасында тиіп қашып жүріп, аул молдаларынан хат таниды. Қолжазба қиссаларды оқуға шама – шарқы келіп, он өзі сияқты жалшылар арасында жаттап айтатын болады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларымен көп танысқан Сәбиттің өз тұсынан да өлең қабілеті көрініп, ол 15 жасынан бастап өлеңді өзі шығара бастайды. Ұлы Октябрь революциясының жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті. 1918 жылдың күзінен баста Омскідегі оқытушылар курсына түседі. Бұл оқу оның болашағына жол ашады. Мұғалімдік курсын бітірген соң, Сәбит ауылда мұғалім болып істейді. 1922 – 1924 жылдары Сәбит Орынбордағы рабфакта оқи жүріп, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.Осы тұста Сәбиттің өлең – мақалалары газет – журналдарда жиі басылған. Міне, осы жылдар арасында «Теміртас» романы мен «Ақ аю» поэмасы және бірнеше өлең, әңгімелері басылды. 1938 жылдан 1941 жылға дейін Сәбиттің «Жұмбақ жалау», «Менің мектептерім», «Балуан шолақ» атты романдары шықты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәбит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі қызметін атқарды. Бұл жылдары оның «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Алыптың адымдары» атты очерктері оқырмандар қолына тиеді.Әдебиет дамытудағы қажырлы еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. С. Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды.

  1. «Бақташының баласы» деген повесі «Қазаға ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», «Жаралы құлын», «Бөлтіріктер», «Көк шолақ», «Аңды адам жеңеді» деген жеті бөлімнен тұрады.

Повестің бас геройы – бастауыш мектепте оқып жүрген он жасар Жандос. Жандос бақташының баласы болғандықтан, жас та болса, мал. жайын жақсы білетіні бірден – ақ көзге түседі. Бала жас кезінде бәрін де өз шешімімен істемейді, олар тек үлкендердің тапсырмасын орындау арқылы ғана үйренеді. Өз бетімен жұмыс Істру қабілеті үлкендерден үйреніп, білу арқылы ғана өзінің жас ерекшелігіне қарай бірте – бірте дамиды. Жазушы балада болатын осындай ерекшеліктерді дұрыс аша отырып, өмірге икемді қызмет етуге төселдіру үшін, әр алуан іс – әрекеттерге қатыстырып және өзін де соған араластыра баулу арқылы үйретуді көздейді. Осындай шарт, осындай әдіс повестің ең соңғы тарауына дейін берік сақталған.

Баланы жастайынан шаруашылыққа баулып, өзімен бірге мал. өрісіне апарып жүрген Бектас қарт енді Жандосқа құнанды өлтірген қасқырды ұстау тәсілдерін де көрсетеді… «Қасқырдан кек қайтару керек», — дейді шал немересіне. Бұл да өмірге баулудың бір тәсілі.

Жандос жас та болса, ауыл шаруашылығына кішкентайынан араласып, ат үстінде жүргендіктен, оның қай нәрсеге болса да икемі бар шыныққан бала. Сондықтан да оның қасқырдың қарнына пышақ салу алкен ер лік друге болады. Жандостың осындай жүректілігі, ерлігі жас өспірімдер арасында батылдық рух тудырады. Өйткені Жандос ылғи қозғалыс, әрекет үстінде көрінеді. Сондықтан да автор өзінің жас оқушыларын Жандостың ерлік істеріне байланысты жан түршігерлік қатты үрей үстінде еріксіз қобалжытып, Жандос пен Бектасқарттың алдағы тағдырына үңілтіп, аңдытып қояды.

Сәбит «Бақташының баласы» атты бұл шығармасында өмір жолын көрсететін колхоз ауылының нағыз өз тұрмысын суреттеп берген.Колхоз шаруашылығына жаны ашып, өз өмірін сол жолға сарп еткен Бекас қария мен Жандостың колхоз малин ит – құстан қорғап, сақтауды ғана алдарына зор мақсат етіп қойған патриот адамдар екенін көрсетеді. Мұндай шығармалар балаларды өмірге жанасымды етіп тәрбиелеуде алкен рөл атқарады. Сәбит Мұқанов «Бақташының баласы» деген повесінде Жандос образы арқылы теориялық білім мен практикалық істің байланысынан шыққан жемісті жас өспірімдерге үлгі етіп көрсетіп отыр. Бұл повестің оқиғасы да, тақырыбы да балалардың өздеріне таныс құбылыс арқылы суреттеледі. Композициялық құрылысы да қызық. Балалардың қиялын қызықтырып, оларды алкен арманға, эстетикалық идеялға, әрекетке, өздері қызығатын іске қарай баулиды. Соған орай Сәбиттің тілі де өте қарапайым, жатық тіл. Сөйлемдері ықшамды, шағын болғандықтан, айтайын деген ойлары да айқын суреттеледі.

Балаларға жақсы тәрбие берумен қатар, Сәбиттің бұл повесінің басты ерекшеліктерінің тағы бір жақсы көрінісі – тілінің көркемдігі мен айқындылығында.

Қазақ балалар әдебиетінің елеулі орын алатын Сәбит Мұқановтың тағы бір шығармасы ол – Сонет Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өзіне ар най жазған «Батыр қыз» атты әңгімесі. Бұл әңгіме балаларды патриоттық рухта және отаншыл етіп тәрбиелеуде ең басты рөл атқарады. «Батыр қыз» әңгімесінде қаруланған жас өспірімнің үздік сипатта қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен оның сондайлық қайсарлығы, тапжылмас өжеттігі көрінеді. Әңгіменің композициясы да басты кейіпкердің өз халқы мен Отаны алдында саналы түрде аянбай қызмет етуге кіріскенін көрсетуге құрылған. Әңгіме құрылысының қызықтығы, тартымдылығы сон дай, оның әрбір елеулі кезеңдерінде майданға араласқан Мәншүктің рухани өскені, қажырлы қайратына мініп, жауға деген қаталдығының арта түскені айқын көрініп отырады.